Пайғамбарымыз ﷺ өлімді жиі еске алуды өсиет еткен: «Ләззаттарды үзушіні – өлімді көп еске алыңдар», – деген.
Өлімді жиі еске алудың пайдасы мол, соның ішінде:
• оған дайындыққа итермелейді,
• ұзақ үміттерден сақтайды,
• аз ризыққа қанағаттануды үйретеді,
• дүниеге қызығушылықты азайтады,
• ақыретке ынтаны арттырады,
• дүниенің қиындықтарын жеңілдетеді,
• менмендік пен тәкаппарлықтан қорғайды,
• дүниелік ләззаттарға берілуді азайтады.
©️Ибн Ражаб
(Рахимаһулла)