Zakon.qaz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


🇺🇸 АҚШ-та 2025 жылдың 9 қаңтары аза тұту күні деп жарияланды

Сондай-ақ, АҚШ-тың 39-шы Президенті Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты барлық жерлерде Америка туы 30 күн бойы жартылай түсіріледі.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


✍🏻 Мемлекет басшысы биржа саудасы және кәсіпкерлік саласына қатысты заңға қол қойды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🇰🇿🇰🇷 Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


💥Астанада Жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді

Отшашу 31 желтоқсан сағат 00.00-де Ботаникалық бақ пен Атырау көпіріне жақын жерде ұйымдастырылады.

Әр жерде шамамен 2,5 мың отшашу атылады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🛬 Бакуден Ақтауға келген тағы бір ұшақтан ақау анықталды

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

«Ақтау қаласы әуежайының әуеайлақ және жерүсті қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйрету (сүйемелдеп шығару) жұмысын атқарды. Ұшақтың қонуы штаттық режимде болды, қонғаннан кейін әуе кемесінде ақау бары анықталды», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


‼️Каспий теңізінде жер сілкінді

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

30 желтоқсан сағат 01:14-те Каспий теңізінде жер сілкінісі сезілді.

Тереңдігі 11 шақырым, зілзала қуаты 4 балды құрады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Қанат Құлжанов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі болып тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


😍 Мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ енгізілді

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қойды. Енді мемлекеттік наградалар жүйесіне (бұрыннан бар 6 құрметті атаққа) 9 жаңа құрметті атақ енгізілді. Атап айтқанда, ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне берілетін құрметті атақтар қосылды. Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді. Бұл заңға Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған жаңа 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар», – деп түйіндеді Қарин.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


✍🏻 Президент мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау туралы Заңға қол қойды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🛩️ Канада мен Норвегияда да ұшақтар апатқа ұшырай жаздады

Канаданың Сент-Джонс қаласынан Галифаксқа келе жатқан PAL Airlines әуе компаниясына тиесілі Air Canada Express жолаушылар ұшағы қону кезінде өртке оранған.

Ұшақта 73 адам болған. Абырой болғанда барлығы дін аман.

Ал Норвегияда Ослодан Амстердамға бет алған Norwegian Air компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы Торп Сандефьорд әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Ұшақта 182 (6 экипаж мүшесі) адам болған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


✍️ 51 адамға Президенттің Алғысы жарияланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын», Маңғыстау облысы ТЖД Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі Серікболат Оңғар Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының орталық меңгерушісі Бақытжан Қойбеков пен Ақтау халықаралық әуежайы медициналық бекетінің меңгерушісі Ирина Кочергина «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Қисаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалындағы «Вышка» диспетчерлік бекетінің диспетчері Ярослав Толстиков, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.

Ақтау халықаралық әуежайының қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов, ҚР Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері атанды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Президент Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған адамдарды марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🇰🇷 Оңтүстік Кореяда 7 күндік аза тұту жарияланды

Yonhap агенттігі осылай хабарлады.

Бангкоктан (Таиланд) келе жатқан Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Муан әуежайына дұрыс қона алмай қоршауға соғылған. Апаттан 179 адам қаза тапты.

Бұл Оңтүстік Корея тарихындағы ең ірі екінші әуе апаты. Бұған дейін 1997 жылы Гуам аралына Оңтүстік Кореяның жолаушылар ұшағы құлап, 228 адам опат болған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


😨 Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 179 адамға жетті

Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Ұшақта 181 адам (6 экипаж мүшесі) болған. Апаттан 2 адам (1 жолаушы және 1 экипаж мүшесі) ғана аман қалған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🇰🇷🛬 Енді Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырады

Бангкоктан (Таиланд) келе жатқан Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Муан әуежайына дұрыс қона алмай қоршауға соғылған.

Ұшақта 181 адам болған, оның алтауы экипаж мүшесі екені айтылды. Апаттан 62 адам қаза тапқан, бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.

Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


🛩️ Владимир Путин Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

Ресей тарапының бастамасымен Президент Владимир Путин Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлескен.

Әңгіме барысында Әзербайжан жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.

Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей аспанында орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына тағы да терең күйзеліспен көңіл айтты. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сондай-ақ, Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекет еткені, бұл уақытта Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық дрондар шабуыл жасағаны айтылды. Ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берген.

Ресейдің Тергеу комитеті ҚК 263-бабы (Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


‼️Президенттің пікірінше, бұл ретте ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеу маңызды

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға зардап шеккен шетел азаматтарына қажетті медициналық және психологиялық тұрғыдан толық көмек беруді, қайтыс болған Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына айрықша қамқорлық көрсетуді тапсырды.

Үкіметтік комиссия мен Бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізу міндеті жүктелді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін мұқият тексеру қажет екенін мәлімдеді.

Кеңес барысында Үкіметтік комиссия төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Президент Үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

19 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.