АҚ САРБАЗДЫҢ ӘЛЕМГЕ АРНАУЫ
Ш.: Исламның арқасында көтеріліп, беделге ие болып, белгілі бір дәрежеге жеткендер содан айырылғысы келмей жанталасып жатыр ғой.
Ұ.: Біздің жұмысымыз – ағартушылық. Діни фанатизмді күшпен жеңу мүмкін емес. Тек қана ағартумен жеңесің. Ал, ағартуға біздің барлық шамамыз бар. Эволюция идеясынан биік қазір идея жоқ.
Адамзатқа нағыз тығырықтан, апаттан, өлімнен шығатын жол, ол – Алтыншы Сатының Жолы. Ол ап-ашық көрініп тұр. Сезімі бар адамдар, біріншіден ұлы державалардың президенттері бұған ден қойып отыр. Олар желдің екпіні, жер сілкінісі мен тасқын судың келуінен тығырыққа тірелгендерін сезді.
Анау Испания судың астына кетуде. Құп-құрғақ шөл дала болатын. Су апатына ұшырап үш күн қаралы күн деп жариялады.
Әлемде сұмдық боп жатыр. Сауд Арабияны су басуда. Ешқашан жаңбыр көрмеген шөл дала не үшін су боп кетті? Ол әлі исламшылардың сезіміне кірген жоқ.
Ал, біздің кітаптарда, каналда бәрінің де анықтамасы тұр, Құдайға шүкір. Қазір үлкен мемлекеттердің кабинеттерінде қазақ тілінің аудармашылары бар. Бізден шығатын сұхбаттар дереу аударылып, зерттеуге алынып жатыр.
Біздің телеграм-каналдан басқа қазір Жер дүниеге нақты дәл болжам беретін канал жоқ. Жалғыз біздің канал бір жарым жыл бойы Әлемге дұрыс қадамды қалай жасау керектігіне жол көрсетуде. Осы уақытта талай жұмыс жасалды.
Ш.: Үлкен мемлекет басшылары саяси оқиғалар мен табиғи апаттарды болжап отыратын астролог ұстайды деп айтады ғой. Сіздің арқаңызда кейбір астрологтардың болжамы болмай қалып, оқиғалар басқаша өріс алып кетіп жатырған сияқты ма?
Ұ.: Иә, олардың болжамдары орындалмай қалып жатыр. Қарабет болса да: «жұлдыз былай бұралып кетті де оқиға орындалмады» деп ақтала салады. Астрология – ғылым емес, ол жай ойыншық. Қазір оның ешқандай күші жоқ.
Ең күшті адам ол – Эволюция толқынын басқаратын, қолында стихиялардың билігі бар адам. Егер қарапайым адам: «бір ай ішінде мен сендерге бір кішкене күрке салып беремін» десе, ол орындалуы мүмкін. Ал, эволюциялық деңгейі жоқ адамның енді әлемдік оқиғаларды болжауы мүмкін емес.
Қазір дүние сағымдай құбылып, сабындай бұзылып қылпылдап тұр.
Ірітуді емес – ұйытуды, жоғалтуды емес – жаңартуды білетін қасиетті адам ғана оны айтқанына лайықтап жасап, қажет болса сақтап қала алады!
Ш.: Әлемге ықпалы күшті мемлекеттер мен материктердің ертеңгі тағдыры туралы әңгімелерді жиірек айтып тұрсаңыз... Біздің каналдың беделі бұрынғыдан да күшейе түсер еді деген ой ғой...
Ұ.: Күшейеді. Қазір менің айтатыным: АМЕРИКА ҮЛКЕН АПАТТЫҢ АЛДЫНДА ТҰР. ЙЕЛЛОУСТОУН ЖАНАРТАУЫ ОЯНДЫ!
Оның ұстап тұруға Сандуғаштың күші жетеді. Менің оған күшім жоқ. Оның лавасы – жердің астындағы от. Мен оны ешқашан пайдаланып көрмедім. Менің күшім ол – жеңіл стихия – жел, су, от.
Анау ауыр стихияны пайдалануға менің күшім де, ұмтылысым да жоқ. Оған Сандуғашты шақырып, көмек сұрау керек. Оны тоқтатуға.
Егер Йеллоустоун жарылса, Америка бір күнде жоқ болады. Бәрін билеп отырған ұлы держава санаулы сағатта жоқ болып кетеді. Бәрі де 5-10 метр лава астында қалады. Оның қалған материктерге қалай әсер ететіні желдің бағытына қарай болады. Қазіргі күз – жақсы күз. Солтүстіктегі мұзды мұхиттан жел болғанда оңтүстікке қарай соғады. Сонда шыққан барлық күл Американы жауып, Мексикаға дейін шашылады.
СОЛ СЕБЕПТІ АМЕРИКА АПАТТАН АМАН ҚАЛҒЫСЫ КЕЛСЕ БАРЛЫҚ ҰМТЫЛЫСЫН ЭВОЛЮЦИЯҒА АРНАУЫ КЕРЕК!
Енді бір үш-төрт күннен кейін олардың күткен сайлауы болады. Сол сайлауда қандай бағыт алады, тағдыры да соған сәйкес болады.
Не өледі. Не лидер боп өз орнын сақтап қалады.
Цивилизацияға Американың лидер болғаны өте керек. Олардың арқасында Қазақ елі, Орталық Азия тәліптерге тұтылмай 20 жыл тыныш отырды. Жиырма жылдың ішінде бәрі бой түзеп, өзбектер де қазақтар да көтеріліп кетті. Қырғыздар көтеріліп бара жатыр. Бірақ олардың елі революциядан көз ашпай қиындық көруде. Оның бәрін түзетуге талай уақыт керек.