ҰСТАЗДЫҢ ТҮРЛІ БАҒЫТ ИЕЛЕРІНЕ ЕСКЕРТУІ
Ш.: Біздің каналда әртүрлі ақылы курстарды оқып алып, әрі қарай сол ілімді пайдаланып ақша тапқысы келетіндер толып отыр. Олардың сұрақтары да сол өздері білетін ілім жолы туралы боп келеді: «Абжат ілімі туралы не айтасыз? Биржа дұрыс па? Трединг, бағалы қағаздар, акция, облигацияны сату дұрыс па ма? Аксесс Барсқа не айтасыз? Вим Хоф, суық сумен емдеу туралы ше?»
Ұ.: Түсінікті. Менің айтқан сөздерім олардың сезіміне тиді. Адам қисық жолмен бара жатқанын сезді. Аяғында ондай адам жер сипап қалады. Әрбір пирамиданы ұйымдастырушы аяғында шетелге қашады. Ондай сұмдықты талай біздің қазекеңдер де істеді ғой. Оның ішінде әншілеріміз де ақындарымыз да бар. Аузынан Алласы түспейтіндердің өзі сондай жолға түсті.
Бір-бірін жылдам баюға үйрететін ілімнің бәрі де – пирамида. Бір де бір фонд «саған ақша беремін» демейді. «Әуелі ақшаңды бер, сосын көбейтіп аласың» дейді. Бұл сона-ау ескі заманда шыққан сұмдықтар. Ескі әдіс. Ақшаны алады. Бірінші рет процентін береді. Сонан кейінгі ақшаны жинап алып қашып кетеді.
Ш.: Сіздің: «Алтыншы Сатыда ақша болмайды» деген мәлімдемеңізден кейін, ақшамен әлемді билеп қалған күштер өздерінің бір құйтырқы ілімдерін ойлап шығарып, қайткенде де әйтеуір ақшаны жақтайтын жандарды көбейтіп жатыр.
Ұ.: Түсінікті. Олардың күштері көп. Олардың Әлемде жасайтын каналдары өте көп. Бірақ олар «мынау адамнан өз империяларына үлкен апат келетінін» түсінді. Бұл қаржы империясының кемінде екі мың жылдан астам тарихы бар. Жаңа өркениеттің келгені – оларға өлім.
Олар басқа ағымдарға тиіспейді. Жаудың бәрінің бір жерге жиналғаны – ол өте жақсы белгі. Бұл біздің Ілімнің күшейіп бара жатқанының белгісі. Біздің күшті толқынымыз олардың іргетасына тиді.
Сол себепті біз бұл шайқасқа дайын болуымыз керек. Мен оған дайынмын.
Ш.: Қазір бұрынғы дәстүрмен әр рудан би шығарып, тамам қазақтың төбе биін сайлап, қасына имамды қойып, оны құранмен бекітіп жатыр ғой. «Баяғы дәстүрге қайтып ораламыз, бірақ ислам арқылы» дегендей әрекет боп жатыр. «Тәңір – Алланың бір атауы» деген сөз шықты.
Ұ.: Иә. Оларға салсаң тіпті Адам ата мен Хауа ана дүниеге келгенде мұсылман болыпты дейді.
Ш.: Иә. Санжар Керімбай жетекшілік етіп шығарған «Сияр Шәріп» кітабында: «Аллатағала ең әуелі Мұхамбеттің нұрын жаратқан» деп жазады.
Ұ.: Біздің билерімізді, дәстүрімізді қоштаған боп ислам Алтыншы Сатыға өтіп кеткісі келеді. Мен олардың ертегілеріне күлемін. Бірақ олардың қазір рухты оятатындай ешқандай күштері жоқ.
Ш.: Бірақ барлық жерде осылай гибридтеніп жатыр.
Ұ.: Иә. Ұтымды сәтті пайдаланып қалғысы келеді. Былтыр анау сурет болды ғой. Сәлде орап алған молдалардың ракетаға мініп Ғарышқа ұшып бара жатқаны. Ислам ардагерлерінің Алтыншы Сатыға көшейін деп жүргені өте қызық болды.
(Жалғасы бар...)