Dauletten


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық.
Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ
Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


✍️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды

➡️асырап алушының жас айырмашылығын анықтау;

➡️асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту;

➡️аккредиттелген ұйымдар арқылы міндетті психологиялық диагностика және оқыту.

Заң елімізде «кәсіби патронаттық отбасылар» институтын құруды да белгілейді.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


Тимур Турлов Wall Street Gambit конференциясында сөз сөйледі

Қазіргі уақытта шахмат Уолл-стриттегі басты тақырыптардың біріне айналды. 2024 жылғы FIDE рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген ойыншы жиналды, ал бұл турнирдің басты демеушісі — Freedom Holding Corp.

Осы турнир аясында Wall Street Gambit конференциясы өтті. Бұл бірегей конференция шахмат пен қаржының ең күрделі екі әлемін біріктіріп, стратегиялық ойлау, жарыстар мен жоғары деңгейдегі қарым-қатынас күніне айналды. Шараға Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры, Қазақстан Шахмат Федерациясының Президенті Тимур Турлов және қаржы саласының танымал тұлғалары, соның ішінде Боаз Вайнштейн мен Кен Рогофф қатысты.

Конференция қатысушылары Магнус Карлсен мен Вишванатан Анандпен блиц ойнауға мүмкіндік алды. Панельдік пікірталасқа шахмат пен қаржы әлемінің ең ықпалды тұлғалары қатысып, осы екі саланың интеллектуалдық ұқсастықтарын талқылады.

Wall Street Gambit корпоративтік және қаржылық ортада шахматқа деген өсіп келе жатқан қызығушылықты көрсетеді. Корпоративтік шахмат бойынша әлем чемпионаты сияқты іс-шаралар шахматтың шешім қабылдау үдерісін жақсартуға және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға қалай ықпал ететінін көрсетеді. Шахмат тек ойын ғана емес; ол аналитикалық ойлауды жетілдіру құралы.

Естеріңізге сала кетейік, Тимур Турлов Қазақстан Шахмат Федерациясының Президенті болып тағайындалғаннан бері федерация үлкен жетістіктерге жетті: әйелдер құрамасы Олимпиада мен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, Алматыда рапид пен блиц бойынша әлем чемпионаты табысты өтті, ал Астанада әлемнің екі үздік шахматшысы Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында шахмат тәжіне талас өтті.

*серіктестік материал


😱Тағы да ұшақ апаты: Оңтүстік Кореяда да ұшақ апатқа ұшырап, 179 адам мерт болды

Бангкоктан қайтып, Муан әуежайына қонғанда, ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған.

Boeing 737 бортында 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. 2 жолаушы ғана таиландтық, қалғандары - Корея азаматтары.

Алдын ала ақпарат бойынша, 2 адам ғана аман қалған, олар орташа және ауыр деңгейде жарақат алған. Қалғаны бәрі қаза болды.

Билік ұшақ құсқа соғылды деп болжады.

4 күнде 2 ұшақ апаты😢 Ауыр жағдай…

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

33k 1 10 110 821

👶Биыл еліміздегі ең көп қойылған есімдер тізімі жарияланды

📊Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы ұлдарға Мұхаммед, қыздарға Айлин есімі жиі қойылған. Ал былтыр Алихан мен Медина ең танымал есімдер болған.

2024 жылы ең көп қойылған есімдер:

👦🏻Ұлдар:⤵️

1. Мұхаммед
2. Айсұлтан
3. Алихан
4. Мухаммад
5. Омар
6. Алдияр
7. Амир
8. Алан
9. Али
10. Хамза


👧🏻Қыздар:⤵️

1. Айлин
2. Медина
3. Асылым
4. Айша
5. Томирис
6. Аяла
7. Айым
8. Раяна
9. Сафия
10. Мариям

Ал сізге қандай есімдер ұнайды? Балаларыңызға қандай есім қойдыңыздар? Қандай ерекше есім білесіздер?👇

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

44.3k 1 50 742 380

❓2024 жыл сіз үшін қандай оқиғалармен есте қалды? Тізімде жоқ болса пікірге жаза кетіңіз👇
So‘rovnoma
  •   «Майқайың-Алтын» кенішіндегі автобустың жер астына құлап кетуі
  •   Алматыдағы жер сілкінісі
  •   Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі
  •   Көп аймақтағы су тасқыны
  •   Бишімбаевтың соты
  •   Шерзат оқиғасы
  •   Ақтаудағы ұшақ апаты
  •   Пікірге жазамын
5906 ta ovoz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Егер таксидің артқы орындығында маринадталған қаз қалып кетсе немесе қымыз апарып бер десе, не істеу керек? Жаңа жылдық мереке күндері такси жүргізушілерінің желіге шығуы — бүтіндей бір хикая. Жаңа жылға орай Яндекс Про 2024 жылы орын алған осындай 500 миллион хикаяның бірнешеуін жинап қойды.

Бәрін қарау

Такси мамандығы туралы көбірек білу

*серіктестік материал


🛣️ Елімізде 2025 жылы тағы 10 жол ақылы болмақ

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын 10 учаскені ақылы ету 2025 жылдың бірінші тоқсанында енгізіледі.

➡️Қызылорда – Арал (455 км);

➡️Ақтөбе – Мәртөк (92 км);

➡️Қостанай – Троицк (163 км);

➡️Ақтау – Бейнеу (454 км);

➡️Қостанай – Денисовка (169 км);

➡️Шу – Бурыбайтал (184 км);

➡️Үшарал – Достық (180 км);

➡️Балқаш – Бурылбайтал (91 км);

➡️Қандыағаш – Мақат (385 км);

➡️Тараз қаласының айналма жолы (57 км).

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

43.1k 1 16 67 290

📺Кешегі ұшақ апаты туралы жалған ақпарат, қайырымдылық айналасындағы былық, үй бағасы, шырша құрған ұстаздың оқыс оқиғасы және басқа да өзекті мәселелерді Дәулет мырза Айбек Қосанға берген сұхбатында бірге талқылады.

Сұхбатты мына жерден көре аласыздар: 👇

🌐 https://youtu.be/7onke7OY3hs?si=CAEVoyXECR7zpcGc

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


💨Алматыда енді түтін нормасын асырған көліктерге 37.000 теңге айыппұл салынбақ

Көліктердің түтінін кіреберістегі экопосттардан бөлек, қала ішінде спектрометр құрылғысы тексереді. Спектрометр аппараты машинадағы улы газды өлшейді.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, құрылғы сергек камерасына енгізіліп, зиян қалдық шығарған көліктердің нөмірі автоматты түрде анықталады. Осылайша, машинасынан көп мөлшерде улы газ шығатын жүргізушілерге 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 37 000 теңге айыппұл салынады.

Бұл шешімге сіздің көз қарасыңыз қалай? Басқа қалаларға да осы ережені енгізгенін қалайсыз ба?👇

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

57.5k 1 21 131 518

Жаңа жылда жақыныңызға керемет сыйлық! 🔥1+1 SUPER жеңілдігі (+ жеткізу ТЕГІН) Жеңілдікке үлгеріп қалыңыз!

1+1 + жеткізу = 4900 теңге Аз ақшамен бизнес бастауға болатын 100 кейсі бар "Бизнеске бағыт-2" және кітаптың ішінде Баспанаға бағыт сабақтарына логин-пароль болады. ДӘЛ ҚАЗІР ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАСЫЗ
👇👇👇
http://wa.me/77786831193

Әрекетке берекет❤️


😭✈️Ақтау маңына ұшақ құлады

Болжам бойынша, ұшақ Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.

Неткен қиын жағдай. Иманды болсын қаза болған жандар…

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

63.2k 1 110 232 1.2k

💰🩺Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға (МӘМС) қанша төлейді

Жұмыс берушінің жарналары – қызметкердің есептелген табысының 3 пайызы; қызметкерлердің жарналары – табыстың 2 пайызы;

Бірыңғай төлем төлеушілер – еңбекақы қорының 23,8 пайызы;

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2 пайызы;

Жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы);

Тәуелсіз төлеушілердің жарналары – 4250 теңге (ең төменгі жалақының 5 пайызы);

Міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары – 7 285,9 теңге.

МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ кассалары, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

67.2k 1 16 95 262

Құрметті Алматы қаласының жастары!

📊Сіздерді Алматы қаласының жастары арасындағы әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеу бойынша сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

🫂Сауалнама толығымен анонимді түрде жүргізіледі.

✅Жиналған ақпараттар жалпылама түрде қолданылады.

💬Сіздің пікіріңіз Алматы қаласының дамуына арналған мәселелерді шешуде маңызды әрі құнды.👇

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf1R0DbSkgqdN78DqIZVr_GS32FfQ_fEZf0OjjbyhJC3KtTpQ/viewform?usp=header

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🏳️‍⚧️❌Дональд Трамп АҚШ-та балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салатын заң шығармақ

АҚШ-тың сайланған президенті Доналд Трамп елде балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салмақ.

TurningPoint’s AmericaFest 2024 шарасында АҚШ президенті қызметіне ресми кіріскен күннен бастап трансендерлермен күрестің нақты қадамдарын жасайтынын айтты. 

🗣«Трамп басшылық еткен кезде АҚШ үкіметінде тек екі гендер ғана болады. Бұл қиын емес қой... Біз трансгендерлік лунатизмді тоқтатамыз. Мен балалардың жынысы ауыстыруына тыйым салу туралы жарлыққа қол қоямын. Әскерден, бастауыш мектептен, орта және жоғары оқу орындарынан трансгендерлерді қуып шығамын», – деді Дональд Трамп. 

Оның айтуынша, трансгендерлер спортта да болмайды.

🗣«Бізде әйелдер спортында ер адамдар болмайды және бұл жарлықты алғашқы күні-ақ қабылдаймын. Оны екінші не үшінші күнге қалдырудың не керегі бар», – деді Трамп.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

76.6k 1 12 139 1.8k

👛Психологиялық тест: «Әмиянның бірін таңдап, қаржылық жағдайыңызды біліңіз!»

Суретте көрсетілген ақша толы әмиянның бірін таңдап, сіздің қаржыны қалай жұмсайтыныңызды анықтауға болады. Бұл психологиялық тест бойыңыздағы қабілеттерді анықтап, ақшаны тиімді жұмсауда көптеген жайтқа назар аударуға көмектеседі. Олай болса, суреттен өзіңізге ұнаған әмиян нөмірін таңдап, тест жауабын оқыңыз.👇

👛1-әмиян

Көп жағдайда азға қанағат етпейсіз. Қаржыңызды өзіңізге қызық және өзіңізді қуантатын сапалы дүниелерге жұмсайсыз. Сіз үшін дүкеннен алар заттың бағасы емес,сапасы маңызды. Қаржыңызды қалай көбейту керек екенін білетін, оны өз орнымен жұмсай алатын адамсыз.

👛2-әмиян

Сіз қаржыңызды тек тұрмыстық маңызы бар заттарға жоспарлап, сол қажеттілікке жұмсайсыз. Басқа артық заттарға қаражат жұмсау сіз үшін сирек жағдай. Демалысқа немесе өзіңізге ұнаған заттарды алуға тырыспайсыз. Дәл осы бағытта жұмсалатын ақша сіз үшін артық шығын болып көрінеді. Себебі ақшаңызды барынша алдағы күнге сақтауға тырысасыз.

👛3-әмиян

Ақшаңызды жақындарыңызды қуантуға, достарыңызға көмектесуге, сүйікті жаныңызға жылулық сыйлауға оңай жұмсай аласыз. Және сол жандарға бақыт сыйлауға барынша тырысып, көп уақытыңызды сарп етесіз. Десе де, өзіңізді мүлде ойламайсыз. "Өзіме ол затты кейін де алармын..." деп жүре беретін адамсыз.

👛4-әмиян

Тапқан табысыңызды көңіліңіз қалап тұрған тәттіге, көз қуантатын ұсақ-түйекке бірден жұмсай аласыз. Ертеңгі күнді ойламастан, қолыңыздағы барды уақытша қызыққан затқа беруге дайынсыз. Кейін өкінгенмен, қолыңызға қайта қаржы түссе, бұрынғы әдетіңізге басасыз. «Қара күнге»  ақша жинау, болашаққа ақша сақтауды мүлде ұнатпайсыз.

👛5-әмиян

Қайырымдылық жасаудан алдыңызға жан салмайсыз. Сіз біреуге көмек қолын созбасаңыз, кейін өзіңізді кінәлі сезінесіз. Жақсылықтың қайыры болатынына сенетін және сабырмен күтетін жандардың қатарынансыз.

👛6-әмиян

Қарыз алғанды ұнатпайсыз. Ақшаны тек жеке басыңыздың мақсатын жүзеге асыру үшін жұмсайсыз. Сізді көп адам сараң деп ойлауы мүмкін. Десе де, олар сіз сияқты тапқан табыстың қадірін түсініп, өз ақшасына есеп бермейтін жандар.

Қаншалықты тура келді?☺️👇

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

94.6k 2 175 299 1.9k

🪅Жаңа 2025-жылдың келуіне де тура 10 күн қалыпты. Бала кезімізде қатты күтуші едік, қазір сезілмейді ме, бірдеңе😊Сіздерде қалай? Дайындық ше? Жап-жаңа жылдан не күтесіздер?👇

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

75k 1 3 95 286

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🎄Шымкенттің бас шыршасына қатысты пікірталасты талқылап болсаңыздар, мына бір видеоны көруге кеңес береміз. Айтпақшы, бұл да тура сол Шымкенттегі іс-шара кезінде түсірілген.

Видеодан байқасақ, шымкенттіктердің шыршаға қатысты оқиғаға көңіл күйі түсе қоймаған. Шымкент былай тұрсын, елімізде бұрын-соңды болмаған лазерлік шоу ерекше эмоциялар сыйлағаны көрініп тұр.

Жарық сәулелері әкімдік ғимараты қабырғасында жарқ-жұрқ етіп, жиналғандарға қала тарихы, жетістіктері мен табыстары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Айта кетейік, үшінші мегаполис елде осындай шара ұйымдастырған бірінші қала болды.

Шымкент әкімдігінен хабарлағандай, кешегі бағдарламаның бәрі — лазерлік шоудан бастап кешкі концертке дейін мемлекеттен бір теңге де бөлінбеген. Барлығы серіктестер мен демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылған.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

84.8k 1 20 105 773

📌Сақ болыңыздар: интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Қаскөйлер енді азаматтардың телефон нөміріне интернет-дүкендердің атынан промокоды бар хабарлама жібереді екен.

Әдетте хабарламада тосынсый ұтып алуға болатын сілтемелер көрсетіледі. Ал азаматтар жалған сайтқа кіргенде зиянды қосымшаны жүктеуді немесе жеке деректерін енгізуді сұрауы мүмкін. Мамандар күдікті сайттарға өтіп, ұялы телефонға тексерілмеген қосымша жүктемеуге кеңес береді.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

85.6k 1 97 57 322

📊🛒Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен

Азық-түлік бағасы – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар – 0,7% қымбаттады.

Азық-түлік:
📈қияр – 40,3%, қызанақ – 37,3%, тәтті бұрыш – 15,5%, пияз – 13,9%, сарымсақ – 10,1%, қырыққабат – 8,9%, картоп – 6,2%, бидай ұны – 7,1%, күнбағыс майы – 4% қымбаттаған.
📉Ал күріш – 2%, қант – 1,9%, алма – 0,7%, жармалар – 0,4% арзандаған.

Ет өнімдері:
📈үй құсы – 2,5%, сүт пен бал – 0,9%, жылқы еті мен жұмыртқа – 0,6% өскен,
📉шошқа еті – 0,4% арзандаған.

Тарифтер:
📈суық су – 11,4%, электр энергиясы – 3,4%, қоқыс шығару – 2,2%, орталық жылыту – 2,1% өсті.
📈Байланыс және пошталық қызмет тарифтері өзгерген жоқ.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

87.5k 1 10 47 278

📌Қазақстанда есірткі курьерлері мен таратушыларға қатысты жаза жеңілдетілуі мүмкін

✅Сенат отырысында есірткі сақтаушыларға қатысты жаза мерзімін 5-10 жылдан 5-8 жылға дейін қысқарту ұсынылды.

Заң жобасында есірткі саудасымен айналысатындар мен курьерлерге қатысты жауапкершілікті дифференциациялау ұсынылады. Есірткі сақтаушыларға қатысты жаза мерзімдері төмендетіліп, сәйкесінше:

• 5–8 жыл (бұрын 5-10 жыл),
• 6–10 жыл (бұрын 6-12 жыл)
• 7–12 жыл (бұрын 10-15 жыл) болып белгіленген.


Сонымен қатар сенатор Нұрлан Бекназаров есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты жаңа 297-1-бапты енгізуді ұсынды. Бұл бапта заңсыз өндіріп, қайта өңдегені үшін мүлкін тәркілеумен бірге 5-10 жыл, ірі мөлшерде жасағаны үшін 6-12 жыл, ал алдын ала сөз байласқан бірнеше рет немесе аса ірі мөлшерде жасағаны үшін 10-15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Бұдан басқа, қызмет бабын теріс пайдаланған лауазымды тұлғалар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады. Сенатор Нұрсерік Шәріпов курьерлердің жасөспірімдерді есірткіге “баулап”, олардың өміріне ауыр салмақ салатынын айтып, есірткі саудасына қатысты қатаң шаралар қажет екенін атап өтті.

Сенаторлар заң жобасын бірден екі оқылымда қарап қабылданған жағдайда, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.