Хаятыма хат💌
[II bölım]
Қадірлі аманатым, Тәңірдің тартуы, Раббымызды еске алып жайнамаздар жайылғанда сен – менің дұғаларымның себепкері бол. Менің Құранымның оқырманы, әрі тыңдаушысы, үйренушісі бол, мен үшін де оқып бер. Менің иманымды арттырып, үнемі Алланы еске салатын өзің бол! Болашақта мені Жаратуышымызға жақындататын, менің разылығымды алуды көздейтін, Алланың дидарын көруге асығып, бір-біріміздің Жұмақта кездесуіміздің себепкері де сен боласың.
Мен – сен және болашақ бақытым үшін жүрегімнен бір орын сақтаймын. Жүрегім тыныштық тапқанда, сенің бұл жүректен орын алатыныңды білемін. Раббым Алла деп соққан бұл жүрек, Оның разылығы үшін сені сүйеді, сені аңсайды.
Мен сен үшін бәріне дайынмын. Барлық қалауыңды орындауға, жанарыңнан жас шығармауға, езуіңе тек күлкінің ізін қалдыруға, қуантуға, бақытты етуге уәде беремін! Бір-біріміздің Жәннәтіміз болайық. Айналадағы алыс көздер мен сөздерді елемей, ешкімге қарамай, Сен үшін махаббатымды сақтаймын! Сен менің аманатым болғаныңша, Алла сені сақтасын!
#болашақ_Аманатыма