Dauletten.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттар📰
Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy
Жарнама және ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


🪫Энергетикалық сусындар харам ба?

ҚМДБ мәліметінше, энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып бөлінеді.

Егер сусынның құрамында алкоголь, зиянды немесе тыйым салынған заттар болмаса, тұтынуға рұқсат. Алкоголь аз мөлшерде болса да ішуге тыйым салынады.

Мүфтият энергетикалық сусындарды жиі тұтыну денсаулыққа теріс әсер ететінін медициналық зерттеулер растайтынын айтты.

Энергетикалық сусындарды жиі қолдану, жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне әкеліп соғады. Сондықтан мұсылмандарға мұндай сусындардан бас тарту ұсынылады дейді.


⚡Ақпаратты кім басқарса...

Сол әлемді басқарады! Қазақстанның соңғы жаңалықтарын Яндекс Поиск-тен біліңіз: ең маңызды ақпарат – әрдайым қолжетімді.
Жылдам әрі нақты жауаптардан бөлек, сіз +1 000 теңге картаңызға ала аласыз.
1️⃣ 👉🏻 Осы сілтемеден смартфоныңызбен өтіп, Яндекс Поиск-ті негізгі іздеу жүйесі етіңіз.
2️⃣ Белсенді қолданып, картаңызға +1 000₸ алыңыз.

*серіктестік материал


Dauletten dan repost
👏Қазақстандықтар келер жылы декларация тапсырмайды

Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады.

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мына тұлғалар үшін декларацияны қалдыруды ұсынды:

➡️мемлекеттік қызметшілер;

➡️коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;

➡️Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері барларға және 1 жыл ішінде сатып алғандарға;

➡️бір жыл ішінде құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (74 млн. теңге) астам сатып алулар жасағандарға;

➡️өз бетінше салық салынатын табыс тапқандарға.

📌Айта кетсек, жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінде, яғни 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 миллион қазақстандық (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) табысы туралы есеп беруі тиіс еді.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


АТЫРАУ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ

😍 Жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге

Толық ақпарат постерлерде ✅


🚁😢Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы болған. Ол оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Бортта үш экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. 


📝«Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі-техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомство 


Қарулы Күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.


💸Мемлекеттен 147.680 теңге алуға дайынсыз ба?😍

📞Біздің уатсап арнаға өтіңіз😉
Барлығын егжей-тегжейлі, толық түсіндіріп жазып қойдық. Жыл соңына дейін үлгеріңіз!👇

147.680 теңгені қалай аламыз?👇

➡️ https://whatsapp.com/channel/0029VaE0Y0wJ93wbYAIwgz3v

Таныстарыңызға да айта жүріңіз☺️


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Атырау қаласының жастарына арналған тегін курстар 📝

Оқытулар 4 бағыт бойынша жүргізіледі ⤵️
1. Кондитерлік (аспаздық)
2. ⁠Қолөнер (тігу)
3. ⁠Сұлулық салонының шебері
4. ⁠Графикалық шеберлік

✅ Оқыту соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз ⤵️

https://docs.google.com/forms/d/1Y8afIiMIhiQcSyQ2NCUyk-VLORDIRzfb3LzNChM-VGI/edit


🚝Астанадағы LRT 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жоба барысын көріп қайтты. Бүгінде LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды.

2024 жылдың соңына дейін станциялардың негізгі темірбетон конструкцияларын салу жоспарланып отыр.

2025 жылы рельстер төселіп, станциялар әрленіп, депо салынады.

🟡LRT желісінің жалпы ұзындығы – 22,4 км. Бұл 18 станцияны қамтиды.

🟡652 адамды тасымалдай алатын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр.

🟡Жүру аралығы – 4-5 минут.


🤦‍♂️Шымкентте алаяқ «баланың еміне» деп парақша ашып, қыруар қаржы жымқырған

Алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша, ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда.

📝«Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов.

Осындайлардың кесірі шын мұқтаж жандарға кері әсер етеді ғой…😡


☀️Алматыда жылу 7-11 қазан аралығында беріледі

Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу балабақшалар, мектептер және әлеуметтік-медициналық нысандар сияқты әлеуметтік мекемелерге беріледі.

Әдетте, Алматыда жылу орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы бес күн бойы +8 градустан төмен түскенде, берілетін еді. Жылыту маусымы осы кезекпен беріледі:

әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер);

тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;

әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

басқа да ғимараттар.

58k 0 10 9 80

🚈Қазан айының 1-жұлдызынан бастап пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды

Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыз бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі.

Стандарт вагондардың құны 6300-ден 7500 теңгеге, ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мыңнан 12 мың теңгеге қымбаттайды. 

Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы тозған.

Қайырлы таң баршаға!


😍Астанада Диснейленд аналогы салынатын болды

Жаңа жоба Шанхай қаласындағыдай Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде "Астана архитектура" парақшасы хабарлады. 

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 10 млрд доллар шамасында болады. Осы ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өткен.

39.6k 0 26 113 513

😡Қазақстандық әйел 11 жастағы қызына сабақ оқымағаны үшін пышақ сұққан

Омбудсмен Динара Закиеваның сөзінше, анасы үй жұмысын орындамағаны және дәптерін ұқыпты ұстамағаны үшін қызының жамбас буынына пышақ сұққан. Қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қазір жағдайы қанағаттанарлық.

📝“Бала дәрігерлердің бақылауында. Зардап шеккен қыздың ата-анасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ олар ата-әжесімен тұрады”, – делінген жазбада.

Сондай-ақ қызға алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетіледі. Анасы басқа балаларды тәрбиелеуден шеттетіледі.


💰Елімізде халықаралық олимпиададан жүлде алған оқушыларға 5,5 миллион теңге сыйақы беріледі

➡️алтын медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде;

➡️күміс медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде;

➡️қола медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде беріледі.

Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық университеттің кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты тағайындалады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.

58.7k 0 16 13 137

⚡️Екі құты энергетикалық сусын ішкен ер адам, жолда ауырып құтқарушыларға жүгінген

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ер адам Алматыдан Қарағандыға келе жатқан. 43 жастағы жолаушыға жедел панкреатит диагнозы қойылды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Балқаш ауруханасына жеткізді.

Энергетикалық сусындардың денсаулыққа кері әсері қатты ғой негізі.


Елімізде уақыт белдеуі мәселесі қайта қаралады

Депутаттар бұрынғы сағат белдеуін қайтаруды сұрап, мәлімдеме жариялаған еді.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл мәселені мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыруға уәде берді.

🗣«Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкенімізге бір жыл да болған жоқ. Біз мұның салдарын қарастыруымыз керек. Денсаулық сақтау жүйесінде, энергияны пайдалану жүйесінде біз күрт өзгерістер мен ауытқуларды көріп тұрған жоқпыз», – деді ол.

46.1k 0 1 120 242

‼️ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы ұсталды

Оған Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Күдіктілер қатарында бас мердігер де бар. Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық берген. Сонымен қатар, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванспен бір көзден сатып алу тәсілімен заңсыз шарт жасасқан. Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.

Сондай-ақ, бүгін Алматы облысында Іле ауданының әкімі ұсталды. Аудан әкімі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметтік өкілеттігін асырды деген күдікпен қамауға алынды.


🗣️ Былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлай бастадық. Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланды. Біз сайлау нәтижесін және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай яғни, ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🗣️ Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды. Дегенмен қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет. Сондықтан Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🗣️ Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.