Сот әкімнің және ТКШ бөлімінің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, тұрғындардың құқықтарын қорғады.
Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Щучинск қаласының көп пәтерлі үй тұрғындарының аудан әкіміне, ТКШ бөліміне қатысты олардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне дау айту, тұрғын үй беру бойынша әрекет жасауға мәжбүрлеу туралы талап қоюын қарады.
Сотта талап қоюшылардың сұрағаны:
- тұрғын үйді апатты жағдайда деп тану бойынша жауапкерлердің әрекетсіздігін заңсыз деп тану;
- сатып алуға және тұрғын үйге кезектен шығару құқығынсыз сәйкес келмейтін тұрғын үйге орналастыру жөніндегі жауапкерлердің әрекеттерін заңсыз деп тану;
- жауапкерлерді жаңа пәтерлер беруге мәжбүрлеу.
Сот алқасы келесіні анықтады.
Талап қоюшылар (1928 жылы салынған апатты үйдің 11 пәтер иелері) 2013 жылы тұрғын үйге кезекке койылған.
Тексеру актісімен үйдің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп танылып, бұзу жөнінде шаралар қолдану ұсынылған.
2014 жылы тұрғын үй комиссиясының шешімімен талап қоюшылар тұрғын үй құрылысына дейін, жекешелендіру құқығынсыз басқа үйге көшірілген, ал 2020 жылы оларға уақытша пәтер берілгендіктен есептен шығарылды.
Жауапкерлердің әрекетсіздікке жол беріп, талап қоюшылардың құқықтарын бұзғаны сотпен анықталған:
- әкім талап қоюшыларды көшірген, бірақ реквизициялау және бұзу мәселелерін шешпеді, үйді апатты деп тану туралы шешім шығарған жоқ, ал бұл шешім көшіру алдындағы шешім болуы тиіс, мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізген жоқ.
- ТКШ бөлімі берілген пәтерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі мәселесін шешпеген.
Алқа қаулысымен әкімнің және ТКШ бөлімінің әрекетсіздігі заңсыз деп танылып, талап қою ішінара қанағаттандырылды.
Сот әкімге 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, үйді апаттық деп тану рәсімін аяқтауды, талап қоюшылардың тең мөлшерде пәтер беру құқығын сақтай отырып, үй құрылысы мен жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізуді міндеттеді.
ТКШ бөліміне пәтерлердің санитарлық, қала құрылысы және техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру міндеттеді.
Талап қоюдың қалған бөлігінде қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/Aqmola_sottary