🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


Қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің авторлық каналы. Қазақстандық, әлемдік қаржы, экономика жаңалықтары, пікірлер. Біз Қазақстанның жарқын экономикалық болашағына сенеміз! Қаржыға деген сүйіспеншілікпен жасалған! Кері байланыс және жарнама @FKAZanswerbot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


👉 Чиптер

Жартылай өткізгіштерді шығаратын фабрикалар арасында нарықтағы үлесі 62%-дан асатын TSMC көш бастап тұр. Оның ең жақын бәсекелестері – Samsung және UMC. Бұндай жоғары өсім AI, 5G және автомобиль чиптеріне деген сұраныстың артуы есебінен болып отыр. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шектеулерінің күшеюі жетекші ойыншыларды өндірісті әртараптандыруға және мемлекеттік инвестициялардың қолдауымен жергілікті жобаларды дамытуға мәжбүр етеді. Нәтижесінде біз жаңа зауыттарға құйылып жатқан ауқымды инвестицияларды және технологиялық жарысты байқап отырмыз, әр компанияның көшбасшысы 3-нм және 2-нм процестер бірінші болып игеруге тырысуда.

@FINANCEkaz


Тенгенің беті бері қарап, осы уақытта теңге бір доллар үшін 516,3 теңге және бір Ресей рублі үшін 5,19 теңге дейін жылжыды.

#ТеңгеБағамы @FINANCEkaz


👉 ТРАМП ЖӘНЕ СТАВКА

Бұлай сөйлейтін адам бұрын-соңды болмаған еді, енді міне тағы АҚШ-тық ФРЖ қысым көруде. Президент Дональд Трамп бейсенбіде пайыздық мөлшерлемені төмендетуге ұмтылатынын айтып, ФРЖ-ға қысым көрсете бастады.

Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемдік көшбасшылар жиналысы басталмай тұрып бейнебайланыс арқылы жасаған мәлімдемесінде жаңа президент ФРЖ-ны нақты атамаса да, ставкаларды төмендетуге ұмтылатынын айтты.

Мен пайыздық мөлшерлемені дереу төмендетуді талап етемін, — деді Трамп. — Сол сияқты, олар бүкіл әлемде де төмендеуі керек. Пайыздық мөлшерлемелер біздің соңымыздан ілесіп отыруы керек.

Бүкіл әлемде деп отырғаны сонда Қазақстанда да ма?

@FINANCEkaz


Репост из: EGEMEN FINANCE
🤫 Қор нарығында инвестор болу үшін не істеу керек?

➡️Жеке инвестор, біздің тұрақты авторымыз Әйгерім Аханова жауап берді. Толық нұсқасын мына жерді басып, оқи аласыз.

🗣️Ең бастысы – тез байып кетемін деген иллюзияға берілмеу керек дейді ол. Алаяқтар көбі­не «жылдам, әрі кепілді табыс» ұсынады, бірақ мұндай уәделер шындыққа жанас­пайды. Сондықтан қаржы құралдарының мәнін ұғып, компания есептерін талдап, эко­но­микалық жаңалықтарды үнемі сараптап отыру тәуекелдерді төмендетпек. Біліміңіз бен зерттеу қабілетіңіз артқан сайын, сіз жалған ұсыныстарды оңай ажыратасыз және қаржылық әл-ауқатыңызды сақтай аласыз. Қар­жысын басқарған өмірін басқара алады демекші, қор нарығында алған біліміңіз сізді экономиканы, саясатты терең түсініп, болжам жасауға, талдау жүргізуге үйретеді


🥔 САУДА МИНИСТРІНІҢ АТЫНДАҒЫ КАРТОП

Біз қаламаған жаңалықтар. Бұрын бұндай жағдай болмап еді, енді тағы да «картоп дағдарысына» тап болдық.

Естеріңізде ме, бұрынғы сауда министрі картопты іздеп әр елге гастрольдік сапарларға барған еді ғой. Барды, бірақ таппай келді. Жаңа министр ерледі — ол сауда желілеріне қатулы қабағымен қарап еді, картоптың құны Small-да 280-ге дейін, Magnum-да 185-ке дейін төмендеді. Бұлай жасауға болатын ба еді негізі?

Онда мүмкін ол министрді Ұлттық Банкке іссапармен жіберейік, KASE-ге де барсын.


#ЖЫЛСАНЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТЕ $500 МЛРД

— SoftBank OpenAI, Oracle және MGX-пен бірге америкалық AI-ға және оның инфрақұрылымын дамытуға $500 млрд көлемінде инвестиция салатынын мәлімдеді, деп жазады венчурлық инвестор Николай Давыдов. — Бұл АҚШ-тың бүкіл венчурлық индустриясынан үш есе артық сома. Қаражат төрт жылға бөлініп берілетінін есептегеннің өзінде, бұл басқа индустриялардың бір жылдағы инвестициясымен пара-пар.

Оның пікірінше, олар ақшаны еселеп құюда, ЖИ және ЖИ-ға арналған инфрақұрылым үлкен қарқынмен дамиды және барынша арзандайды, ал стартаптар үшін бұл өте тиімді. AI-ға қатысы жоқ компаниялар үлкен қысымға ұшырайды.

#AI @FINANCEkaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👉 ТРАМПТЫҢ УӘДЕЛЕРІ

Бүгінгі Трамптың инаугурациясына арналады. 2017-2021 жж аралығында уәделердің орындалу деңгейіне талдау.

👍 Уәделерінің 24% толық орындады.

🧐 Уәделерінің 21% жартылай орындады.

😟 Уәделерінің 55% мүлде орындамады.

@FINANCEkaz


👏 Бүгін базалық мөлшерлеме және ақша-несие саясаты туралы сөйлесеміз! Екінші мәрте сарапшылармен кездесуге шақырып отырғаны үшін Ұлттық Банкке рахмет!

@FINANCEkaz


😄 ҚАЗАҚСТАНҒА ТІСІ БАТПАЙ ҚАЛДЫ

Hindenburg Research негізін қалаушысы фирмасын жауып, тәуекелі төмен инвестиция жасау туралы шешім қабылдады.
Атышулы шортист The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында жұмысында стресс көбейгенін айтып шағымданған. Енді ол отбасымен көбірек уақыт өткізіп, саяхаттап, жеке хоббимен айналысуды жоспарлап отыр екен.

Андерсон WSJ-ге отбасының болашағын қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақша тапқанын және өз капиталын индекстік қорларға және басқа да тәуекел деңгейі төмен құралдарға салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

— Бірде маған бір адам табысты мансап белгілі бір сәтте өзімшілдікке айналатынын айтқан еді. Алғашында мен өзіме бір нәрсені дәлелдеуім керек деген оймен жүретінмін. Осы тұрғыдан алсақ қазір өмірімде алғаш рет тыным тапқандаймын.

Бәлкім бұл жан тыныштығына мен бұдан да бұрын жетер ме едім, бірақ алдымен тозақтың отынан өтуім керек болған шығар, — деді компанияның негізін қалаушы Нейт Андерсон.

Өткен жылдың тамызында Хинденбург АҚШ-та тіркелген Freedom Holding Corp қаржы холдингіне Ресейге қарсы санкциялардан айналып өтті және есептілікті бұрмалады деген айып таққан болатын. Соңында Morgan заң компаниясы, Lewis & Bockius LLP және Forensic Risk Alliance сот-бухгалтерлік фирмасы жүргізген тәуелсіз тексеру айыптаулардың жалған екенін, маңызды фактілерді ескермегенін және дәлелдермен расталмағанын анықтады.

@FINANCEkaz


👉 ҰЛТТЫҚ БАНК АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІ ҮШІН БАҒАМНАН АУЫТҚУДЫ ШЕКТЕМЕК

Бұл шешім валюта нарығындағы алыпсатарлықты азайту қажеттілігінен туындаған — https://the-tenge.kz/articles/nbrk-vvodit-novii-spred-dlya-kursov-valyut

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату бағамы арасындағы спрэдті белгілейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде. Тиісті түзетулер жобасы қоғамдық талқылау үшін Open NPA порталында жарияланды.

@THETENGEkz


💚 KASE-дегі ТОП

KASE Қазақстан қор биржасы 2024 жылы қор нарығының ең белсенді қатысушыларын атады — https://the-tenge.kz/articles/kase-nazval-aktivnikh-uchastnikov-rinka

Барлық бес нарықта — үлестік бағалы қағаздар, борыштық бағалы қағаздар, репо операциялары, мемлекеттік бағалы қағаздар және валюталық своп операциялары нарығында Freedom немесе «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC немесе «Фридом Банк Қазақстан» АҚ көш бастап тұр. Борыштық бағалы қағаздар мен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында да компания алғашқы екі орында!

@FINANCEkaz


Сіз қайда инвестиция саласыз?
Опрос
  •   Банктік депозиттерге
  •   Қор нарығына - облигациялар/акциялар/ETF/ETN
  •   Криптовалюталарға
  •   Валютамен қолда ұстаймын
  •   Физикалық алтын/асыл тастарға
  •   Жылжымайтын мүлік
  •   Автомобильдер
  •   Басқа адамдардың бизнесі/краудинвестинг/краудфандинг/несие
  •   Мен инвестиция салмаймын, бірақ салғым келеді
  •   Мен инвестиция салмаймын және салғым да келмейді
28 голосов


👉 Өткен жылы S&P 500 индексі кірістілігінің шамамен 25%-дан астамын «Керемет жетілік» қамтамасыз етті, тек Nvidia-ның бұндағы үлесі 20%-дан асты.

Естеріңізге сала кетейік, жетілікке Apple, Microsoft, Alphabet (Google еншілесі), Amazon, Meta Platforms, Tesla және Nvidia компаниялары кіреді.

@FINANCEkaz


2025 жылы пәтер бағасы қалай болады деп ойлайсыз?
Опрос
  •   Қазіргіден тезірек өседі
  •   Қазіргі қалыппен өседі
  •   Өзгермейді
  •   Төмендейді
  •   Айтарлықтай төмендейді
23 голосов


💵 ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жыл ішінде (2024 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейін) қайталама нарықтағы пәтерлердің құны 4,2%-ға, жаңа тұрғын үй сатылымы 3%-ға, абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 7,9%-ға өсті.

Толығырақ оқуhttps://the-tenge.kz/articles/naskolko-podorozhalo-zhile-v-kazakhstane

2024 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 500 198 теңгені құрады.

Қайталама нарықта Қазақстанда 1 шаршы метрдің орташа құны 516 203 теңге.

Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйдің 1 ш м жалға алудың орташа құны 4 565 теңге құрайды.


Әлем халқының 3,5%-ға жуығын иммигранттар — бастапқыда туылмаған елде тұратын адамдар құрайды. Қазақстан көшіп келушілер саны бойынша әлемнің ТОП-20 елдері қатарында.

@FINANCEkaz


AIR ASTANA-ҒА ШЫН МӘНІНДЕ ҚОЙЫЛУҒА ТИІС МАҢЫЗДЫ СҰРАҚТАР

Мені Air Astana-ның жанашыры деуге келмес — иә, бұл өте жақсы компания, өзгелерден озық екені рас, бірақ жиі ұшатын адам ретінде олардың косяктары менің де ызамды келтіреді. Бір блогер айтпақшы, мен олардың бірде-бір баспасөз турында байқалмаппын, тіпті Air Astana-ны үнемі сынға алам. Бірақ.... депутаттардың отырыстарға дайындықсыз келуі және олардың арзан, үстірт популизмге деген құштарлығы салдарынан өте маңызды мәселелер көтерілмей қалды. Мәселен:

📍 Air Astana-ның батыстық корпоративтік мәдениетке жақындығын және компаниядағы жиырма шақты вице-президенттерін ескере отырып...неліктен осы уақытқа дейін басқарудың жалғыз формасы енгізілген. Иә, Air Astana басқармасында бір ғана адам бар, ол сэр Питер Фостер. Бұл жағдай компания құрылар кезде орынды болған шығар, бәлкім, бірақ әуекомпания аяғына нық тұрғалы қашан, уақыт келді ғой.

📍 Самұрық-Қазына Қоғамдық кеңесінде Питер Фостерге тарифтік саясатты жариялау және оны ашық ету тапсырмасы берілген еді, содан бері екі жылға жуық уақыт өтті, неліктен бұл тапсырма әлі орындалмай отыр?

📍 Егер Air Astana шынымен де Ұлттық авиатасымалдаушы (және заңда мұндай ұғым жоқ болса да, өз сайтында олар өздерін осылай атайды) болса, неге лизингке жатпайтын ұшақтарды Қазақстанға тіркеуге қоймайды?

📍 Жария компанияның ашықтығы талап ететіндей Air Astana осы күнге дейін отын сатып алу схемасын неге жарияламай отыр?

📍 Air Astana-ның әкімшілік шығыстары тұрақты негізде кірістерден жылдам өсуде, бұның себебі неде?

📍 Air Astana өз акцияларының құнын арттыру үшін не істеді?

Айтпақшы, батыс адамының жымиып күлуі — иә, біз үшін өрескел болып көрінуі мүмкін, бірақ әлемде тіпті ұрысып жатқан адамға күлімсіреу қалыпты жағдай. Бұл кекесін күлу, құрметтемеуге жатпайды — бұл жай ғана күлімсіреу, әрдайым шынайы болмауы да мүмкін, бірақ олар солай тәрбиеленген, біздің комментарийлерге қарасақ, біздің тәрбиеміз аз тәрізді. Бірақ осы популизмге байланысты отырыста шынымен де маңызды сұрақтар қойылмай қалғаны дұрыс болмады.

@FINANCEkaz


🇨🇳 Қытайдың ЖІӨ өсімі қазір Азияның қалған бөлігінен артта қалуда. Бұл диаграмма 2024 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша HSBC жинаған деректер негізінде 2023-2026 жылдар аралығында жекелеген Азия елдерінде жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің болжамды өсуін көрсетеді.

@FINANCEkaz


👉 Түзету! Негізгі индекстер құлдыраумен жабылды — S & P 500 шамамен 3%-ға, NASDAQ 3,6%-ға төмендеді. Нарық үшін жылдың ең сәтсіз күндерінің бірі.

@FINANCEkaz


👉 Обама, Трамп және Байден басқарған тұста қоғамдық жерлердегі мұнай-газ кен орындарын жалға алу жағдайы.
Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп энергия шығындарын азайту үшін АҚШ-тың мұнай өндірісін едәуір арттырғысы келеді. Деректерге сүйенсек, соңғы онжылдықта республикашылдардың бұрынғы әкімшілігі мұнай-газ саласы үшін ең қолайлы болғанға ұқсайды. Экоұйымдар қорықтағы мұнай ұңғымаларын игеруге ондаған жылдар бойы қарсы болды, ал Трамп оның жаңа әкімшілігі бұл аймақта мұнай ұңғымаларын бұрғылауды жалғастырады деп мәлімдеді.

@FINANCEkaz

Показано 20 последних публикаций.