Fikr.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


📚ДІНИ МАҒЛҰМАТТАР, ӘР-ТҮРЛІ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ДӘЙЕКСӨЗДЕР ЖЕЛІСІ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Үш нәрсе ұсынылған кезде, оны қайтаруға болмайды.
Олар жастық (көпшік), иіссу және сүт.

Ибн Омардан жеткен хадис.


Бақ деген - құс, ұшады да кетеді.
Тақ деген - түс, кіреді де кетеді.
Байлық деген - мұз, ериді де кетеді.
Мәңгілік қалатын - адал іс. Өмірде адал іс қана мәңгілік қалады.

📚 Әйтеке би


Өмірлік ұстаным:

"Білетін сияқты сөйлегеннен, білмейтін сияқты тыңда!"


Біреуге көрсететін сабырың қалмағанда, Алланың саған қаншалықты сабырлы екенін ойла!

Әбу Бәкір (одан Алла разы болсын)


Қара жер егістік үшін таза болған секілді жүректе ілім үшін әдеміленуі керек.

📚Тибян


Репост из: Жасулан Байқұлов
Мазһаб ұстанбаймын тек Құран мен сүннетпен жүремін деген шарлатандар, сіздер Құран мен сүннеттің аудармасын ғана оқып мәз болып жүрсіздер. Ал біреудің аудармасын алға тартып ұстану бұлда бір мазһаб болатынын естен шығармаңдар.


Сіздер үшін жақсы жаңалық, қатысып қалыңыздар. Ораза айы жақындап келеді. Басқалары секілді биыл да ораза айына дайын болмадым деп айтпайсыз. Оразаға дайын болып бей марал Құран оқумен шұғылданасыз. Көптеген жақсы амалдарды бойыңызда қалыптастырасыз. Мүмкіншілікті жіберіп алмаңыз!




Chat GPT платформасын үнемі қолданып үйренген адамның ми ойлануға шамасы жетпи қалады.
Яғни ми дайын ақпаратқа үйреніп ойлану жүйесінен айырылады..

Бұл сөзіммен оны теріске шығарып тұрғаным жоқ. Әрине белгілі бір бағытта орнымен қолдану дұрыс. Бірақ, күнделікті кез келген өзіңізді мазалаған сұрақтардың жауабын білу мақсатын да шектен тыс тәуелді болуға апарады. Біріншіден, адамды өз бетінше ақпарат іздену ден тыяды. Екінші, дайын ақпараттың рас жалғандылығына қарамастан ақпаратқа сенім пайда болумен, адам бойында жалқаулықты тудырады.

Барынша ғылыми дереккөздерді өзіңіз ізденіп көз жеткізген абзал.


Ұрлап ішкен өнім денеңе гүл боп бітпейді, ол кері әсерін бермесе.


Ілімді денесіне сіңіре білген шәкірт - ол шынайы ілімнен хабар бере бастайды.


Тұлғалық өмір - нәпсіңді тәрбиелеген де басталады.


Күні телефон мен басталып телефонмен ұйықтайтын шәкірттің алып жүрген ілімі жаттанды уақытша ақпарат..


Ал алда қаншама ойын, күлкі және өксік күтіп тұр, білемісің ұлым. Ол - сенің өмірің. Өмірге келген соң күлу де, жылау да парыз. Тек ең басты медетің - мақсатың, жан дүние тазалығы болсын. Сен - менің еккен бүрі ашылған, солқылдаған көк шыбығымсың. Ертеңімнің, болашағымның бәйтерегісің.
Түсіңде мүмкін өксірсің, ал өңіңде өксіме. Түс деген - алданыш, алданыш қой, қарағым, алданыш...

📚Болашақтың бәйтерегі


Бала - адам тірлігінің, ақыл-ойының, қасиетінің белгісі. Жүрегіңді жарып шыққан гүлің. Мейірімің де, ықылас пейілің де соған құйылады. Сол арқылы арман - мақсатың, сағынышың мен өкінішің ертеңіне ауысады. Ол тек үрім бұтақ қана емес, бар қасиетіңнің көктеген өрім талы, солқылдаған көк шыбығы, болашақтың бәйтерегі.

📚Болашақтың бәйтерегі


Махаббат деген осы ма. Қалай аңғармадым. Жоғалтқанда, айрылғанда ғана сезіле ме. Көңілімнің кіреукесі сөгілді ғой... Бақ құсымды өз қолымнан ұшырдым. Неге сезінбедім. Мен оны өмір бойы жанымда, жүрегімде сақтадым. Бірақ сүйіспеншілік пе, махаббат па, ажыратпаппын. Ол менің бөлінбейтін бөлшегім, ең асыл сезімім екен ғой. Алғашқы мүбәрәк махаббатым...

📚Түйешінің қызы


Алғашқы махаббат...Ол не өзі? Былай қарасаң, бәрі де түсінікті. Махаббатың аты-махаббат. Бұл ұғымның еш жаңалығы жоқ. Алайда, осы сөз ойыма оралса өзімнің қонайын деген бақ құсымды өзімнің қапылыста үркітіп алғаным есіме түседі. Сол бір қателігім үшін жазғырамын. Адамның тіршілігінде өмір бойы ұмытылмайтын бір аяулы сәт болады ғой. Сондай мезеттің сыры - жаңағы қобдишада сақтаулы... Осы күнге дейін сонау бір күнәсіз пәк дәуренді есіме алсам-ақ жүрегім үзіліп кетердей сазып қоя береді. Қапылыста дедім бе... Иә, солай. Солай емес-ау, бірақ...

📚Түйешінің қызы


Басқалары бірақ бізді мұнайға бай деп таниды...


Ақтау қаламыз да әлі ыстық су жоқ. Суды газға ысытып сонғы рет қашан жуынғаным есім де жоқ. Бүгін ұмытылған тарихты тағы қайталап жатырмын.

Сіздің қалада ыстық су барма?!


Сөздің өзінде кінә жоқ. Мәселе айтушы да. Біреу оны мұзға аунатып жеткізеді, біреу тұзға аунатып жеткізеді. Енді біреу жүрегінің жылуына бөлеп жолдайды.

Қадыр Мырза Әлі

Показано 20 последних публикаций.