Алғашқы махаббат...Ол не өзі? Былай қарасаң, бәрі де түсінікті. Махаббатың аты-махаббат. Бұл ұғымның еш жаңалығы жоқ. Алайда, осы сөз ойыма оралса өзімнің қонайын деген бақ құсымды өзімнің қапылыста үркітіп алғаным есіме түседі. Сол бір қателігім үшін жазғырамын. Адамның тіршілігінде өмір бойы ұмытылмайтын бір аяулы сәт болады ғой. Сондай мезеттің сыры - жаңағы қобдишада сақтаулы... Осы күнге дейін сонау бір күнәсіз пәк дәуренді есіме алсам-ақ жүрегім үзіліп кетердей сазып қоя береді. Қапылыста дедім бе... Иә, солай. Солай емес-ау, бірақ...
📚Түйешінің қызы
📚Түйешінің қызы