Қазақстанда электр тарату желілері мен жел электр стансаларында құстардың қырылуын барынша азайту мақсаты қойылды
📌 Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілі Сергей Скляренко Үкімет отырысында жол инфрақұрылымын дамыту, электр энергетикасы объектілерін салу және пайдалану кезінде жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарын сақтау мәселесін көтерді.
🔵 Ол антропогендік әсерлер мен экономика салаларының жылдам дамуы – бірқатар түрлердің таралу аймақтарының тұтастығы мен популяциясының жағдайына қауіп төндіріп жатқанын атап өтті, бұл қауіп климаттың өзгеруімен одан әрі күшейе түсуде.
🔵 Осыған байланысты, стратегиялық экологиялық бағалау кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі ұсыныстарда, қала құрылысында жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін ескеру маңызды.
📱 @KZgovernment

«Бұл бағытта нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажет, әсіресе автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту кезінде және энергетика секторында жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарын сақтауды ерекше назарға алу қажет. Атап айтқанда, депутаттар ұсынған заң жобасында электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу және пайдалану кезінде жануарлардың қырылуын болдырмайтын шараларды әзірлеу қажеттілігі туралы нормалар бар. Бұл сирек кездесетін құстардың қоныс-аудару жолдарында немесе олардың ұя салатын жерлеріне жақын орналастырылған электр тарату желілері мен жел электр стансаларында құстардың қырылуын азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Сергей Скляренко.
📱 @KZgovernment