📌 Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов Ермек Көшербаевқа нәтижелі жұмысы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылғаны атап өтілді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыста инфрақұқрылымдық және әлеуметтік жаңа нысандар іске қосылды.
🔘 Жаңа әкімді таныстырған Премьер-министр Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысы басшылығы алдына қойған міндеттерге тоқталды. Іске асыру халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, өңір экономикасының дамуына серпін беретін перспективалы бағыттар айқындалды. Басым жобалар қатарына шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, цифрлық шешімдерді енгізу жатады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.
🔷 Табиғи демалыс аймақтары мен тарихи-мәдени орындарды дамыту арқылы туристік әлеуетті ашуға ерекше назар аударылды. Бұқтырма су қоймасы арқылы еліміздегі ең ірі көпірдің ашылуы, Қатонқарағай және Зайсан курорттық аймақтарында әуежайлардың салынуы сала мен жалпы экономиканың дамуына қосымша серпін береді.
Басым міндеттер қатарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіпте заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер қолдану және басқа да мәселелер белгіленген.
➖
📌 На встрече с активом области Олжас Бектенов поблагодарил Ермека Кошербаева за эффективную работу и вклад в развитие региона. Отмечено, что за последние годы в Восточно-Казахстанскую область привлечено порядка 1,5 трлн тенге инвестиций, что позволило создать новые рабочие места и обеспечить экономический рост. В регионе введены новые инфраструктурные и социальные объекты.
🔘 Представляя нового акима, Премьер-министр отметил задачи, поставленные Главой государства перед руководством Восточно-Казахстанской области. Обозначены перспективные направления, реализация которых позволит обеспечить занятость населения и даст импульс развитию экономики региона. Среди приоритетных - поддержка малого и среднего бизнеса, переработка сельскохозяйственной продукции, внедрение цифровых решений. Подчеркнута важность усиления работы по обеспечению населения качественной питьевой водой, модернизации инженерной инфраструктуры.
🔷 Отдельное внимание уделено раскрытию туристического потенциала посредством развития природных зон отдыха и историко-культурных мест. Открытие крупнейшего в стране моста через Бухтарминское водохранилище, строительство аэропортов в курортных зонах Катон-Карагай и Зайсан дадут дополнительный импульс развитию отрасли и экономики в целом.
Среди приоритетных задач также обозначены вопросы создания комфортных условий для инвесторов с обеспечением инженерной инфраструктурой специальных экономических и индустриальных зон, применения современных технологий и инновационных подходов в промышленности и др.
📱 @KZgovernment