Фильтр публикаций


Алла Тағаланың пендеге берген таңдауы, пенде үшін ең абзал таңдау...




Сираны оқу — өміріңді нұрландырады. Қиын сәттерде сабыр мен үміт береді. Жүрекке тыныштық ұялататын, жанды байытатын қасиетті ілім.


Қандай сынақ келсе де, Алла туралы әрдайым жақсы ойда бол.


Репост из: Nurbol Rakhmatilla
Үйге береке мен бақыт кіргізетін себептердің бірі — отбасы мүшелерінің бірге отырып тамақтануы.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деген:
«Тағамдарыңды бірге ішіңдер, әрі Алланың есімін атаңдар — сонда Алла сендерге сол аста береке береді.»

📚
Әбу Дәуд пен Ибн Мәжа

©️
Шейх Уаил әл-Ханбал
(Хафизаһулла)


“Қияметте шыншыл саудагерлер пайғамбарлармен, шахидтермен, ізгілермен бірге тіріледі”

- деген хадис бар.

Сауда (кәсіп) — адамның шынайы болмысын көрсететін іс екен. Сауда арқылы адамның исламдағы тақуалығы сыналады: дүние мен ақырет таңдауы қатар келгенде, ол қайсын таңдайды — соған қарап адам танылады екен.

🎥 Пайғамбарымыз ﷺ өмір баяны


Шынайы амал етемін дейтін адамға кейде бір ғана сөз жеткілікті. Ал, амал етуге қауқарсыз адамға мың сөз айтсаң да — бәрі зая.


Бір күні Пайғамбарымыздан ﷺ :
— Мұсылман адам қорқақ бола ма?
Иә, — деп жауап берді.

— Мұсылман адам сараң бола ма?
Иә, — деді тағы.

— Ал, мұсылман адам өтірікші бола ма? — деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз ﷺ:
Жоқ! — деп нық жауап берді.

📌 Қорқақтық пен сараңдық – нәпсі әлсіздігі, ал өтірік – жүректегі ауру.


Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және хақ жол осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла, жолына малың түгіл.

✍️ Абай Құнанбайұлы


Репост из: abilaikhan.kz
Біз кейде табиғатқа, тауларға қарап, “ма ша Алла” деп таңырқап жатамыз. Ал табиғат — Алла Тағала оны жоқтан бар еткен жаратылысы ғана. Енді Алланың сөзі Құран Кәрімге не дейсіз?!

Біз Алла Тағаланың сөзін түсіне алмай жүрміз. Егер Құранды түсінгенімізде ғой, оны қолымыздан түсірмей оқушы едік.

Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)

26k 0 53 1.2k

Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«Адам өз досының дінінде, сондықтан әрбірің дос таңдар алдында оның кімге дос болып жүргеніне назар аударсын.»


Адамның ортасы көп нәрсені шешеді.


“Барлық адам қателеседі.
Қателесушілердің ең жақсылары - тәубе етушілер

Хадис. Тирмизи


Репост из: Akhmedov Yerbol
Құранды көп оқу адамды өзі байқамай-ақ тәрбиелейді: оның иманы артады, жүрегі тынышталады, өмірі рахатқа толады, ризығына разы болады. Сөзіне шешендік дариды, сөзі орынсыз сөздерден тазарады. Бұрын баратын кей отырыстарынан бас тартады, бұрын істеп жүрген кейбір істерін қояды – себебі жүрегі Құранмен бауыр басып, одан өзге нәрселерден жатсына бастайды.


"Киімнің жақсысын таңдап кигендерің секілді сөздеріңнің де жақсысын таңдап айтыңдар. Расында, сөз адамды киімнен артық көрікті етеді".

📚Исламдағы тұлғалық даму. Абылай Кенжалы


Дұға жасаған ұтылмайды…


Репост из: Абылай Кенжалы
Айт күні жасалуы керек ізгі амалдар:

• Ғұсыл алу
• Жақындарды құттықтау
• Ең жақсы киіммен, хош иіс себініп мешітке бару (ерлер)
• Айт намазына бармастан алдын 1-3-5 (тақ) құрма жеп шығу.
• Садақа беру
• Көңілді жүру🙂

49k 0 87 1.1k

Айт намазына ұйықтап қалсаң,
Сауабын түсінде көресің…

Айт баршамызға құтты болсын, мешітке ертерек барыңыздар😊


Бізді тастап барасың ба Рамазан?
Дұға етсем қаласың ба Рамазан?
Ай басында, ай соңында кеп тұршы
Нәпіл болып арасында Рамазан?

Келер айлар ғажап болсын Рамазан
Сен секілді таза-ақ болсын Рамазан!
Саған қосып Кадыр түнін жіберген
Раббымызға мадақ болсын Рамазан!

Сенен алған нұрыңменен күндеймін
Сенен қалған мінезбенен гүлдеймін
Келер жылы келеріңе сенем ғой,
Сен келгенмен мен болам ба білмеймін🥺

#желіден


Репост из: Абылай Кенжалы
Кімнің бүкіл ғұмыры Рамазан секілді өтсе, соңы Айт болады.

©️ Ізгілер 🌙

Показано 20 последних публикаций.