Nurbol Rakhmatilla


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Мен сізбен білмейтінімді және жаңадан үйренген нәрсемді бөлісетініме таң қалмаңыз; менің білімсіздігімнің шегі жоқ!
Бұл каналдың пайдалы болуы немесе менің алдыңғы қатарда болуым үшін емес, тек кішкентай күнделік, жеке тәжірибелер және өмірлік пікірлерме

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Абдусмат Ханафин
Әссәләмаьалейкум уа рахматулла!
Құрметті бауырлар Абдусамат Ханафин деген жеке каналымыд взломать етіп алды. Қайтаруға әрекет жасап едік онымыздан түк шықпады! Сіздерден өтініш ескі каналымда болған оқырмандарым ол жерден шығып кетсеңіздер!!!


Сахаба Жабир (Алла оған разы болсын) оразаға қатысты мына бір насихатын айтқан екен:

Ораза ұстағанда, құлағың, көзің және тілің өтірік пен харамнан сақтансын. Көршіңе зиян тигізбе. Ораза күні бойы сабырлық пен байсалдылық таныт. Ораза ұстаған күнің мен ауыз ашқан күнің бірдей болмауға тиіс.”

©️Ибн Рәжәб
(Рахимаһулла)


Құлшылықтың үш кілті💡

“Ізгі ғалымдар былай деген екен: намаз – жолдың жартысын жүруге себеп, ораза – Патшаның (Алланың) есігіне жеткізеді, ал садақа – оған тікелей кіргізеді.”

📚Латаиф әл-Ма’ариф

Қысқа-нұсқа☺️


Мүмін адам дұғасының қабыл болуын ұзақ күтіп, көп жалбарынып, тіпті үмітсіздікке салына бастаса да, ең алдымен өзін кінәлайды. Ол өзіне: «Маған көмек келмей жатса, демек, өзімде кемшілік бар. Егер мен шынайы түрде лайық болсам, дұғам әлдеқашан қабыл болар еді», – деп ойлайды.

Осындай ішкі есеп беру және өз кемшілігін мойындау – Аллаға көптеген құлшылықтан да сүйіктірек. Себебі бұл – адамның Раббысының алдында шынайы мойынсұнып, өзіне түскен сынақты әділ деп қабылдауы және өзінің дұғаға лайықсыз екенін сезінуі. Дәл осы жүректің шынайы түрде сынуы – дұғаның жылдам қабыл болуына және қиындықтың жеңілдеуіне себеп болады. Өйткені Алла – жүректері Оған толықтай бас иген құлдарының жанында.

📚Жәмиғ әл-улум уәл-хикәм


Репост из: Абылай Кенжалы
Алланың қалауымен көптен күткен “Исламдағы тұлғалық даму” кітабы жарық көргелі жатыр🎉😍🔥

Кітаптың негізгі бағыты исламдағы тайм-менеджмент, жеке тиімділік және рухани даму тақырыптары қамтылған

Бұл кітап кімге пайдалы?

• Тұлғалық дамуға қызығатын барлық оқырман
• Даму ісінде, жақсылық жасауда бір-бірімен жарысатын жастар
• Ислам дініне негізделген жеке даму жолын іздейтін мұсылмандар
• Уақытты тиімді басқаруды, жеке тиімділікті арттыруды және рухани өсуді мақсат еткендер
• Алтын ғасыр ғалымдарының тәжірибесін зерттейтін жандар
• Үздіксіз дамуды қалайтындар

Кітапқа тапсырыс беру үшін:

https://wa.me/message/UTEOFFIEXKBLO1


Мешітке кірген әр адам, аз-көп отырғанына қарамастан, иғтикафқа ниет етуі керек.

Бұл – ұмыт қалмауы тиіс Болған маңызды әдеп. Оны кеңінен насихаттап, жастар мен қарапайым халыққа үйреткен жөн, өйткені көпшілік бұған мән бермейді.

©️Имам Науауи
(рахимаһулла)


“Рамазанда кешірімге жетудің көптеген себептері бар. Сонда да бұл айда кешірімге ие бола алмаған жан – нағыз сорлының өзі.”

📚 Латаиф әл-Маариф


Омар ибн Абдулазиз (рахимаһулла) айтқан екен :

“Түнін намазбен, күнін оразамен өткізген жан тілін сақтамаса, қиямет күні құр алақан қалады.”

📚 әт-Тамһид


Өмір кемесі қабір жағалауына жақындап қалды, ал сенің бұл кемеде алып бара жатқан ешқандай да азығың жоқ

📚 «Сойд әл-Хотыр»


Өзіме және сіздерге айтар насихатым:

Дұғаны көбейтіп, Құран оқуды арттырып, Алланы көп зікір етуді әдетке айналдырайық. Жүрегімізді сүйіспеншілікке, тазалыққа және кешірімділікке тәрбиелейік.

Осылайша, қасиетті айдың соңында бізге ең ұлы куәлік бұйырсын – «Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер»» деген куәлік!

©️Шейх Юсуф Хаттар
(хафизаһулла)


Құлдың Аллаға жақындауы үшін ең ұлы нәпіл ғибадаттардың бірі – Құранды көп оқу, оны терең оймен тыңдау, түсініп, жүрекке сіңіру.

Хаббаб ибн әл-Арат бір кісіге:
Аллаға мүмкіндігінше жақында. Біл, сен Оған Оның өз сөзінен артық сүйікті еш нәрсемен жақындай алмайсың!” – деген.

Шынайы махаббат иелері үшін ең тәтті нәрсе – сүйіктісінің сөзі. Өйткені ол – олардың жүрек ләззаты, ең үлкен арманы.

📚Жәмиғул-улум уәл-хикам


Дұғаның ең көркемі – жүректе екі нәрсенің терең сезілуі:

1. Алланың ұлылығы.
2. Құлдың әлсіздігі.


Ораза айын Құранмен өткізген жанның шынайы жемісі – қабірінен басталады!

Абдуллаһ ибн Ғалиб жерленген кезде қабірінің топырағынан миск иісі аңқып тұрды. Оны біреу түсінде көріп:
— Қабіріңнен шығып жатқан бұл хош иіс ненің белгісі? – деп сұрады.
Ол:
— Бұл – Құран оқу мен шөлге сабыр етудің иісі, – деп жауап берді.

©️Ибн Рәжәб
(Рахимаһулла)


Тым көп ұйқы
жүректі өлтіреді,
денені ауырлатады,
уақытты зая кетіреді,
бейғамдық пен жалқаулыққа жетелейді.

©️Ибн Қайым
📚Бадаиғул фәуаид

Рамазаннан тыс уақыттағы ұйқының залалы осындай болса, онда қасиетті айды ұйқымен өткізген жанның өкініші қандай болмақ?!


Кейбір ізгі ғалымдар Алла Тағалаға жалбарынып:

«Уа, Раббым! Сен бұл дүниеде қайғыға сабыр еткен жанға сауап, ал ақыретте мол сый уәде еттің. Егер бізден осы оразаны қабыл етпесең, онда бізді бұл қайғымыздың сауабынан мақұрым етпе»,
– деп дұға қылған екен.

Ораза қабыл болғай Бауырлар 🤲🏻


Білім талап ету – қажеттілік үшін, құмарлық үшін емес. Егер білім талап ету құмарлыққа айналса, одан еш пайда болмайды.

©️
Шейх Әдһәм әл-Асами
(рахимаһулла)


Ең таңғаларлығы – Алланың разылығына жету үшін, бәлкім, бізге бір ғана ізгі амал жеткілікті болар. Яғни, жалғыз ғана шынайы амалымыз үшін Алла Тағала бізді мейіріміне бөлеп, кешіріміне бөлеп қоюы мүмкін.

Дәл сол секілді, Алланың азабына ұшырау үшін де, бәлкім, бір ғана күнә жеткілікті болар.

Олай болса, ешбір ізгі амалды елеусіз қалдырмай, барлығын ықыласпен, шынайы көңілмен атқаруға тырысайық. Ал күнәнің үлкен-кішісіне қарамастан, барлығынан аулақ болуға ұмтылайық!


Рамазанға арнайы сыйлық!

Құрметті оқырмандар, қасиетті Рамазан айының құрметіне сіздерге шағын, бірақ құнды сыйлығым бар! Бұл кітап көлемі жағынан кіші болғанымен, ішіндегі даналық ойлар сіздің өміріңізге терең әсер етуі мүмкін.

Баршаға белгілі Имам Ғазалидың ғибратқа толы сөздерін жинақтап, “101 даналық инсайт” кітабын әзірледім. Бұл кітап сіздің жүрегіңізді рухани нәрлендіріп, білімге деген құштарлығыңызды арттыруға септігін тигізеді деп сенемін.

Осы уақытқа дейін қолдау білдіріп, бірге келе жатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын!

Алла Тағала бұл еңбекті баршамызға пайдалы етсін!

📖
Кітапты сыйлық ретінде алу үшін – осы жазбаны бөлісіңіз!




Сен Алланың сүйіспеншілігін жария етесің, бірақ Оған мойынсұнбайсың.
Бұл ақылға қонымсыз қайшылық!

Егер махаббатың шынайы болса, Оған мойынсұнар едің,
Себебі, шынайы сүйген жан сүйіктісіне бағынышты болады.

Показано 20 последних публикаций.