Qazaq Grammar | Қазақ тілі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Қазақ тілі мен поп-мәдениет
Qazaq language and pop-cultural phenomenas
📩kazakgrammar@gmail.com
📨tildes.kz@gmail.com

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Власть - Новости Казахстана
Более 130 млн тенге потратит Казахстан на Международную организацию по русскому языку. Эта сумма заложена в бюджете на три года.


1. Орыс тілі ұйымы
2. АЭС
3. Сағат белдеуі (?)

Біз – тәуелсіз мемлекет емеспіз.

1.1k 0 5 41 125



Репост из: Тіл кеспек жоқ
🇷🇺Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды» қолдады және бұған Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

Бүгін мәжіліс депутаттарының 82-сі орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру шартын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.

Құжатқа сәйкес, бұл үкіметаралық ұйым болады. Ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ұйымды құруға Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

❕Еске салсақ, орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын 2022 жылы Тоқаев ұсынған болатын.

1k 0 12 9 148

Тарихтағы ең ескі қазақша аудиожазба! 🎙️🇰🇿

120 жыл бұрын жазылған 🔥


елпектеу — проявлять услужливость (радушно, с расположением)

жаны қалмай елпектеу → оказывать доброе расположение; проявлять искреннее радушие


Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

©️ Махамбет Өтемісұлы


қытымыр — раздражительный, излишне беспокойный

қазымыр — придирчивый, назойливый


Қазымыр болсаң ұлың кетеді.
Қытымыр болсаң қызың кетеді.
Сыйымсыз болсаң келінің кетеді.
Тынышсыз болсаң серігің кетеді.


рулар мен бурятша сандар

4 - дүрбэ(н) — 🇲🇳 Дөрбіт
5 - таба(н) — 🇰🇿 Табын
7 - долоо(н) — 🇰🇿 Дулат
8 - найма(н) — 🇰🇿🇲🇳Найман
9 - юһэ(н) — 🇰🇿 Үйсін


Араб тілінде ج [d͡ʒiːm] деген әріп бар. Дей тұрғанмен бұл әріп барлық араб елінде бірдей оқыла бермейді. Мысырда бұл әріп Гг деп оқылса, Ливия мен Мароккода Жж боп оқылады.

Бұл әріпті кірме сөздерге де пайдаланса керек. Мәселен 🍔 Burger King дегенді برجر كنج [birgar king] деп транслитерлеп алады екен.

Бірақ غ [ғайн] әрпі арқылы да бейімдейтін жағдай бар. Мысалы:
Gucci → غوتشي [ḡutši]


Тыңда!

Тыңда, ғашықтарым,
Жар таңдауға - асықпағын!
Қателесіп қалып, ертең...
Көздеріңнен, жас сықпағын!
Сөзін емес - ісін қара,
Сыртын емес - ішін қара!
Рухани бай - саф алтындай,
Біл қарындас, түсін бала!
Жан іздеме, көңілдікке,
Жар іздегін, өмірлікке.
Құмарлыққа - бойды берме!
Қажеті жоқ, оның тіптен...
Ажырассаң қайғы, күнә,
Қызықпа сен, байлығына.
Иманды да, мейірімді,
Ең керемет, жайлы, сірә...
Жүрегіңде - паналайтын,
Сүйіп сені, бағалайтын,
Жарды ізде, сенен басқа,
Жанға - мүлдем қарамайтын.
Жалған сезім - жарық қылмас,
Пәк махаббат - жалықтырмас.
(Шын ғашықтар бірін-бірі,
Жұмақта да, тауыпты - рас!)

2k 0 30 31 103

❌ 1000 тг
❌ 1000 тнг
✅ 1000 ₸

ТЕҢГЕ күні құтты болсын 🙌
Теңгелеріңіз көбейе берсін! 💸

1.9k 0 1 26 150

Украинадағы соғыс басталғалы бері 3 жылдай уақыт өтті. Ресей басып кіргелі қазақстандық медиа-тұлғалардың біразы қазақ тілінің маңызы жайлы сөз қозғап, қазақша үйреніп, қазақша көбірек контент шығару керегін айтқан еді. Осы үш жылда қазақша үйреніп я жиірек сөйлеп кеткен кімдерді білесіз?


кеңкелес ~ Congolese 🇨🇩🇨🇬
есуас ~ Eswastini 🇸🇿
алжығыр ~ Алжир 🇩🇿

осы сөздердің 🦒 Африка елдерінің атауына ұқсайтынын кім байқаған? 🫣


Қазақ тілінде жыныстық бөлініс жоқ. Бірақ достыққа келгенде бөлек-бөлек атауды жөн көріпті. Яғни ‘достар’ деген жалпы атау болса, ‘құрбы’ деп әйел адамдардың достығын атайды. Көршілерімізде де солай екен.

🇹🇲 jora (түркімен)
🇺🇿/🇹🇯 dugona/дугона (өзбек/тәжік)


🇹🇲 häzir türkmenje bir närse aýtsam, meni aňlajak mysyz?
🇺🇿 xozir o’zbekcha bir narsa aytsam, meni tushinasizmi?
🇰🇬 азыр кыргызча бир нерсе айтсам, мени түшүнөсүзбү?
🇰🇿 қазір қазақша бір нәрсе айтсам, мені түсінесіз бе?




Репост из: Тіл кеспек жоқ
🤡 «Үй сияқты пісіріңіз», «Үйде тамақ дайындау»

Бұл — Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің жарнамалық баннерінде жазылған сөздер.

Компания аудармашылары «Пёчем, как дома» деген сөйлемді «Үй сияқты пісіріңіз» деп аударған екен.

Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің басшысы — Эдуард Ким. Ол Technodom компаниясының да иесі.

Эдуард Ким Forbes басылымына берген сұхбатында Airba Fresh сервисін іске қосу үшін 4 млрд теңге кеткенін айтыпты.

Жақсы аудармашыға ақша қимай қалдыңыз ба, Эдуард мырза?🤔

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

1.9k 0 6 44 136

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН НЕ СЕБЕПТІ БАС ТАРТУ КЕРЕК?

1. ҚАЗАҚ ТІЛІ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ ЕМЕС. Бүгінгі күні ағылшын тілі жаһандық тіл рөлін атқарып отыр, әсіресе ғылым, технология, бизнес, және халықаралық қарым-қатынаста. Қазақ тілі мұндай рөлге жарамайды.

2. БЮДЖЕТ ШЫҒЫНЫ. Қазақ тілін дамыту үшін мемлекеттік деңгейде жыл сайын көп мөлшерде қаржы бөлінеді. Бірақ ол қаржының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны сұрақ туындатады. Мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетпей, бюджетті үнемдеу әлдеқайда тиімді.

3. ҚАЗАҚША КОНТЕНТ АЗ. Көптеген салаларда, әсіресе ғылым және технология сияқты, қазақ тіліндегі ақпарат жеткіліксіз. Ағылшын немесе орыс тілдерінде қолжетімді ақпаратты оқып, оны бірден қолдану уақытты үнемдейді, ал аударма немесе арнайы контент жасау қосымша күш-жігерді талап етеді.

4. ОҚУ МЕН КӘСІБИ МҮМКІНДІКТЕГІ ШЕКТЕУЛЕР. Шетелде оқу, жұмыс істеу және тәжірибе жинау үшін ағылшын немесе басқа да халықаралық тілдерде меңгеру көбіне тиімдірек болады.

5. ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛ ЕМЕС: Қазақ тілі Қазақстанда мемлекеттік тіл боп саналғанымен, іс жүзінде негізгі тіл орыс тілі боп саналады. Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері өзара орыс тілінде қарым-қатынасуы жеңіл әрі бәріне қолайлы болады, салдарынша екі түрлі ақпараттық "баббл" пайда болмай, халықтың біртұтастығы нығаяды.

Осының бәрін біз, Qazaq Grammar, шындап жазып тұрмыз деп ойлап қалсаңыз, шошымаңыз. Бұл себептерді бәріміздің назарымызды қазақ тілінің қазіргі жағдайына аударту үшін жазғанымыз түсінікті. Қазіргі орыс тілі мен ағылшын тілінің басым болып тұрған жағдайында үкіметтің де, халықтың да толықтай қазақ тіліне көшуге қауқары мен зауқы жоқ екенін бәріміз түсініп тұрмыз. Жағдай мүшкіл болғанымен, қазақ тілі негізгі тіл болмаса да, маңызды мәдени және моральдық фактор ретіндегі рөлі зор. Сондықтан одан бас тартпай, қажетті қосымша машық, елеулі бонус, салмақты артықшылық ретінде біліп жүруіміз керек.

@QazaqGrammar

2.2k 0 11 52 127
Показано 20 последних публикаций.