2018 жылы Түркістан облыс орталығы мәртебесін алды, ал кейін «түркі әлемінің рухани астанасы» деп жарияланды. Қалада ірі туристік нысандар салынды, ал Түркістанның шығысында астананы еске салатын «жаңа қала» пайда болды.
Түркістанға, жалпы өңірге қомақты қаражат бөлініп жатса да, туризмге қатысты көрсеткіштер көңілден шықпайды. Жергілікті тұрғындардың өмірі «ескі қалаға» байлаулы. Онда тұрғындар базарда жұмыс істейді, уақытша табыспен күн көреді.
Власть облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қала өмірі қалай өзгергені туралы жергілікті тұрғындармен әңгімелесу үшін Түркістанға
барып қайтты.