TengeLife | Бизнес, Экономика


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


TengeLife – ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын арна.
TengeLife – назарыңызда болсын!
Тіркеліңіз!
Ұсыныс және жарнама: @tengelife_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


Салық органдары Қазақстанда той ұйымдастырушыларды тексереді

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа сілтеме жасай отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) той-бизнесті тексеруін бастағанын хабарлады.

Атап айтқанда, тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар – асабалар, әншілер және той ұйымдастырушылар – ерекше назарда.

МКК түсіндіруінше, мұндай тексерулер салық міндеттемелерін орындаудың толықтығын бақылауға бағытталған.

@Tengelifekz


Қазақстанда кофе өңдейтін зауытсалынады

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) EmpireManufacturing Kazakhstan (EMK) компаниясына 10 миллион АҚШ долларына дейінгі көлемде несие бөледі.

Бұл қаражат компанияға «Хоргос» арнайы экономикалық
аймағында заманауи кофе өңдеу зауытын салып, іске қосуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жаңа зауытта өндірілетін кофенің 50 пайызға жуығы Орталық Азия мен Кавказ аймақтарына экспортталады деп күтілуде.

EMK – халықаралық азық-түлік және сусындар өндіру және тарату бойынша қызмет атқаратын Food Empire Holdings тобының еншілес кәсіпорны. Бұл компанияның акциялары Сингапур биржасында саудаланады.

Айта кетейік, ЕҚДБ Қазақстанда €11 млрд. астам қаржыны 335 жобаға инвестициялаған. Оның басым бөлігі жеке кәсіпкерлік секторын қолдауға бағытталған.

@Tengelifekz


АҚШ Алматыда консулдық салу үшін Қазақстанға 25,3 млн доллар төлейді

АҚШ Алматыда Бас консулдық салу үшін 7 гектардан астам жерді 49 жылға жалға алады. Мәжіліс тиісті келісімді ратификациялады.

Жер телімі Жамақаев пен Алдар Көсе көшелері, Әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орналасқан.

АҚШ үкіметі 25,3 млн долларды (шамамен 12,7 млрд теңге ) бір реттік төлем ретінде 30 күн ішінде аударады. Сонымен қатар, америкалық тарап салықтар мен басқа да төлемдерден толық босатылады.

Консулдықты АҚШ компаниясы салады, ал құрылыс материалдарына кедендік жеңілдіктер қарастырылған.

Келісім аясында Қазақстанға Хьюстон қаласында (АҚШ) жаңа консулдық ашуға мүмкіндік беріледі.

@Tengelifekz


Қазақстандық логистикалық оператор Еуропаға өзбек уранын жеткізеді

«Навоийуран» атты Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорны Қазақстанның Logistic Centre логистикалық компаниясымен уран концентратын тасымалдауға арналған келісімшартқа қол қойды.

Келісім аясында Logistic Centre 2026 жылдың наурызына дейін Ресейдің Санкт-Петербург теңіз портынан Францияның оңтүстігінде орналасқан Мальвези коммунасына дейін 500 контейнер уран шикізатын жеткізуі тиіс.

📦 Әрбір жүктің жеткізілу мерзімі порттан жөнелтілген сәттен бастап 15 күннен аспауы керек.

💰 Келісімшарттың жалпы құны — 9 миллион еуро (шамамен 9,7 миллион АҚШ доллары).

Дереккөз: t.me/logistan

@Tengelifekz


ERG и Евразиялық банктің иесі Александр Машкевич қайтыс болды - Курсив

@Tengelifekz


Өзбекстанға тек VISA немесе MasterCard карталарына ғана ақша аудару мүмкін болатын.

Енді Kaspi.kz суперқосымшасында өзбек ұлттық төлем жүйелері – Uzcard және Humo карталарына да аударым жасауға болады.

Аударым жасау ыңғайлы. Картаның нөмірін енгізсеңіз жеткілікті – алушының аты автоматты түрде көрсетіледі.

@Tengelifekz


KMF екінші деңгейлі банкке айналу рұқсатын алды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)KMF-ке екінші деңгейлі банкке айналу лицензиясын берді.

Бұған дейін KMF Қазақстандағы ең ірі микрокредиттік ұйымдардың бірі болып келді, ал енді банк мәртебесіне ие болып, қаржылық қызметтердің аясын кеңейтеді.

@Tengelifekz


Наурыз мейрамы құтты болсын!

Әр шаңыраққа амандық, молшылық, бақыт пен шаттық әкелсін!

Ақ мол болсын, теңгелеріңіз көп болсын!


@Tengelifekz


Шығыс Қазақстан облысының барлық мемлекеттік және бюджеттік ұйымдары жаңа жұмыс кестесіне көшті, соңғы болып Өскемен қаласы осы өзгерісті қабылдады.

📌 Өскеменде 2025 жылғы 20 наурыздан бастап жаңа жұмыс кестесі енгізілді.

✅ Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар енді сағат 08:00-де жұмысын бастап, 17:30-да аяқтайды.

✅ Түскі үзіліс: 12:00-ден 13:30-ға дейін.

@Tengelifekz


Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қазақстанда 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Бұл шара ауыл шаруашылығының нақты жағдайын анықтап, саланы дамытуға қажетті деректерді жинауға бағытталған.

Санақ екі кезеңде өтеді:

1–31 тамызsanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама;
20 қыркүйек – 20 қазан – жеке интервьюерлердің сұхбаты.

Санақ 1,9 млн жеке қосалқы шаруашылықты, 300 мың фермерлік қожалықты және 20 мың ауылшаруашылық кәсіпорнын қамтиды. Жиналған деректер жер мен мал шаруашылығы, инфрақұрылым, техника, өнім өткізу және еңбек ресурстары бойынша талданады.

@Tengelifekz


Қазақстанға жаңа ақша аудару жүйесі келді

Биыл 25 ақпаннан бастап Канададық Leskar Payments ақша аудару жүйесі Қазақстанда өз жұмысын бастады.

Қазақстан Ұлттық банкі бұл компанияны төлем жүйелерінің тізіліміне енгізіп, ел аумағында ресми қызмет көрсетуіне рұқсат берді.

Бұған дейін, 2024 жылдың тамызында, Leskar Payments Қырғызстанда өз қызметін бастап, осы елдің Ұлттық банкінде тіркеуден сәтті өтті.

Осылайша, Leskar Payments Орталық Азиядағы қатысу аясын кеңейтті.

@Tengelifekz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бай адам банкрот болса, бірнеше жылдан соң қайта байып алады, ал егер кедей лотерия ұтып, бір мезетте байып кетсе, бірер жылдан соң қаз қалпына түседі, себебі адамды бай ететін де, кедей ететін де психологиялық ұстаным ұрпақтан ұрпаққа өтеді немесе ортаңнан “жұғады”.

Артқа тартатын ұстанымдарды мұралыққа алсаңыз, келер буынға өткізбей, өзіңізбен тоқтатуға болады.

Дереккөз: Шыңғыс Мұқанның ФБ парақшасынан


Ерлан Ақкенженов ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.

Тағайындауға дейін энергетика министрлігінде вице-министрі қызметін атқарған.

@Tengelifekz


Қазақстанда сымды интернет нарығын монополиядан тазарту басталды

Еліміздегі сымды интернет нарығы «Қазақтелеком» АҚ мен «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) үстемдігімен шектелген.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізген зерттеу альтернативті операторлардың көппәтерлі үйлерге кіруіне және кабельдік инфрақұрылымға қол жеткізуіне кедергілер бар екенін анықтады.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ның жоғары тарифтері монополиялық баға белгілеу белгілерін көрсетеді.

Осыған байланысты агенттік заңбұзушылықтарды тергеп-тексеру процесін бастады.

Бәсекелестікті дамыту шаралары интернет қызметтерінің сапасын арттырып, бағаның әділ қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

@Tengelifekz


Алмасадам Сәтқалиев ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол энергетика министрі лауазымынан босатылды.

@Tengelifekz


Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен ДП-ға қарсы сотта жеңіске жетті

Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Кенжебек Исмаилов жол жүру ережесін бұзды деген айыппен 5 800 теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Алайда кейін QamqorGov жүйесіндегі бейнежазбаны қайта қарап, ешқандай заң бұзушылық жасамағанын анықтаған.

Исмаилов бұл туралы полицияға шағым түсіргенімен, оның өтініші қанағаттандырылмаған.

Бірақ ол бұнымен тоқтамай, сотқа арыз жазып, өз құқығын қорғауға шешім қабылдаған. Ерекше жайт – ол бұл процесте адвокат жалдамаған, барлық құжаттарды ChatGPT көмегімен дайындаған.

📌 Сот шешімі Исмаиловтың пайдасына шықты – айыппұл заңсыз деп танылып, кері қайтарылды.

Бірақ Кенжебек осымен тоқтап қалмай, енді азаматтық сотқа жүгініп, өз уақыты мен ресурстарын жұмсағаны үшін өтемақы талап етпек. Ол бұл қадамды ақша үшін емес, әділеттілік орнату мақсатында жасап жатқанын айтады.

💬 Жасанды интеллект болашақта заңгерлерді алмастыра ала ма? Бұл туралы не ойлайсыз?

Дереккөз: Buzyq

@Tengelifekz


Kaspi.kz қосымшасында жұмыс іздеу мүмкіндігі пайда болды

Қазақстандықтар үшін танымал Kaspi.kz қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды – жұмыс іздеу платформасы.

Бұған дейін тек қаржы қызметтеріне бағытталған қосымша енді еңбек нарығында да өз орнын табуға ниетті.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс іздеу үшін HeadHunter (hh.kz), Enbek.kz, rabota.kz сынды платформалар кең таралған. Kaspi.kz-тің бұл нарыққа кіруі еңбек нарығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз, бірақ жаңа сервистің пайда болуы жұмыс іздеушілер үшін қосымша мүмкіндік болмақ.

Қосымшада бұл қызмет қалай жұмыс істейтіні туралы ресми ақпарат әлі аз. Дегенмен, пайдаланушылар енді бір платформада бірнеше қызметті біріктірудің ыңғайлы екенін атап өтуде.

Kaspi.kz арқылы жұмыс іздеу қаншалықты тиімді болады және оның бәсекелестерден айырмашылығы қандай болмақ – бұл сұрақтар әлі де ашық күйде.

@Tengelifekz


"Өзбекстанда 13% аласыздар, неге бізде 20%?" – БҚДА Яндекс.Такси комиссиясын өзгерту бойынша келіссөздер жүргізуде.

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Яндекс.Такси сервисімен оның комиссия мөлшерін қайта қарау туралы келіссөздер жүргізуде. Қазіргі уақытта Астана мен Алматыда сервис 16% + таксопарктер үшін 4% (барлығы 20%).

Дереккөз: informburo.kz

@Tengelifekz


Басқа тұлғаның ЭЦҚ-сын пайдаланғаны үшін айыппұл салынады

Қазақстанда 2025 жылдың 13 наурызынан бастап ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

🔹 Жеке тұлғалар – 50 АЕК (196 600 тг)
🔹 ШОБ және коммерциялық емес ұйымдар – 100 АЕК (393 200 тг)
🔹 Орта бизнес – 150 АЕК (589 800 тг)
🔹 Ірі бизнес – 200 АЕК (786 400 тг)

@Tengelifekz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мәжіліс асханасындағы баға!

Ыстық тамақтың бағасы 200 теңге.

Тіпті мектеп асханаларымен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Шынымен осылай ма екен?

Дереккөз: syrymitkulov

Показано 20 последних публикаций.