Абылай Кенжалы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


ислам, ойлар, аударма

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Алланың біздің күнәмізді жасырған пердесі болмағанда, жанымызда ешкім отырмас еді.

©️Суфиән ибн Ғуйәйнә
(Шуғәб әл-имән)


Жетістіктерімді бөлісейін десем, көз тиіп кете ме деп қорқамын.

https://www.instagram.com/reel/DF2o7U7AT0i/?igsh=MTQ4ZWJ2ZXZhbGdvZA==




Репост из: 1000 кітап
Бір жақты ғана махаббат – қорлық. Бір рет тырысып көр, екі тырысып көр. Бірақ сонда да нәтиже болмаса, өзіңді қор қыла берме. Жар болуға лайық басқа адам ізде.

Әдһәм Шәрқауи

9.6k 0 312 1.3k

Жәннаттан жалығып кетпейміз бе?

Тәңіршібейбилер тағы бір шырылдайтын болды😁


Ізгілер айтпақшы:

«Не істер екем деп көп ойлана берме. Көп истиғфар қыл. Өйткені ой-пікірмен ашылмайтын есіктер истиғфармен ашады».

(Әр-Рағиб📚)

Истиғфар – Алладан кешірім тілеу. Әстәғфируллаһ, әстәғфируллаһ, әстәғфируллаһ.


Намазыңды бірінші орынға қойсаң, басқа бүкіл істерің өз орнына жайғасады.

©️Әдһәм Шәрқауи


Қиямет күні артынан бір адам да ермеген пайғамбарлар келеді. Олар қолынан келер барлығын жасады.

Адам нәтижеден сұралмайды. Әрекеттен ғана сұралады.

(Мәғә ән-нәби📚)

26k 0 192 1.5k

Дұға – мүміннің күдері үзілгенше қабыл болу жолында.

Алла елшісі ‎ﷺ былай дейді:

«Егер (дұғама жауап қатылмай жатыр деп) асығыстық танытпасаңдар, дұғаларың қабыл болады».

(Хадис, сахих әл-Бұхари)


Әні-міне дегенше қабыл болайын тұрған дұғаңды “Дұғам неге қабыл болмай жатыр?” деген налу сөзбен қайтарып жіберме. Күте біл.




Әл-Ағраф сүресі 199-аят.

Наданмен надан болма.


Намаз – мұсылманның серігі.

Тарих беттерінде қалған ізгілердің бірі “Журәйжға” зина жасады деп жала жабылып, бөтен бір сәбиді соған теліген кезде: “Тұра тұрыңдар! Намаз оқып алайын” деді.

Намазын оқып болған соң, барлық жаладан аман шықты. Адамдар оның кінәсіз екенін мойындады.

Хубайб ибн Ғадиді мүшріктер өлтіреміз дегенде: “Тұра тұрыңдар намазымды оқып алайын” деді. Өлсем де намаздан кейінгі өлім неткен хайырлы еді деді.

Алла елшісі де ‎ﷺ: “Әй,Біләл! Бізді намазбен демалдыр” деді.

Намаз – тыныштық. Намаз – тығырықтан шығар жол. Намаз – мүміннің ең көркем амалы.

(Мәғә ән-нәби📚)


Қиындықтар кезінде Алла елшісінің ‎ﷺ әрекеті қандай болды?

Хузәйфә ибн әл-Иәмән (Алла оған разы болсын) былай дейді:

“Пайғамбарымызды ‎ﷺ бір іс қапаландырып, әлекке салса, ең алдымен намазға қарай асығатын”.

(Әбу Дәуд)

(РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ📚)


Өмірдегі қателіктер – мәтіндегі тыныс белгілер секілді. Оларсыз мәтіннің мәні болмас еді…

©️Харуки Мураками


«Кімде-кім білгенінің тым болмаса 10/1-не амал етсе, Алла оған білмеген нәрсесін үйретеді».

(Жәмиғ,Хатиб әл-Бәғдәди📚)


– Өз-өзіме, іс-әрекеттеріме еш уақытта көңілім толмайды.

– Бұл жақсы қасиет. Көңілің толған күні құрыдым дей бер.

“Екі күн тең болған ұтылды. Ал кешесі бүгінінен хайырлы болғаны лағынеттелді”.
(Иқтида әл-ғилм📚)


Пайғамбарымыздан рияуат етіледі:

«Алла Тағала сендердің біреулерің бір іс істесе, оны шеберлікпен, мүлтіксіз орындағанын жақсы көреді».

(Хадис, Табарани📚)


Өз салаңды шебер атқарсаң, үмметке тигізген ең үлкен пайдаң осы.


Кейде адамдар өзін ақтау үшін мыңдаған сөздер жазып, толассыз мақала арнап жібереді.

Бірақ бар болғаны “менікі дұрыс болмады, айыпқа бұйырмаңыздар”- деген 5 сөзді жазып, кінәсін түсінуге дауаламайды.

Показано 20 последних публикаций.