Оңтүстік Корея президенті Трампқа қоңырау шалған соң акциялар қымбаттады
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трампқа қоңырау шалып, құттықтағаннан кейін кореялық кеме жасайтын компаниялардың акциялар құны күрт көтерілді.
Өйткені Трамп екі елдің кеме жасау саласына қалай көмектесе алатынын айтып, талқылаған. Артынша екі ел басшылары жақын арада кездесуге келісті.
Осы әңгімден кейін бірден Hanwha Ocean компаниясының бағалы қағаздары Сеулдегі саудада 15%-ға өсті. Бұл сәуір айынан бергі жақсы өсім. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, әлемдегі кеме жасау саласындағы ең ірі корпорация Hyundai Heavy Industries акциялары 16%-ға, ал оның бәсекелесі Samsung Heavy Industries-тікі 8,4%-ға көтерілді.
Трамп кеме жасау саласына көңіл бөліп, АҚШ-ты теңіз державасына айналдырғысы келеді. Бүгінде теңіздегі қуаты мықты ел – Қытай.