Президенттің Сербияға ресми сапары аяқталды
Сапар барысында 10 құжатқа қол қойылды. Бұл реадмиссиялау, қорғаныс өнеркәсібі, білім, жұмыспен қамту, туризм, өзара саудада деректер алмасу, ғарыш, тау-кен, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика саласына қатысты.
Мемлекет басшысы елімізде бұрын-соңды болмаған алапат тасқын кезінде қаржылай қолдау көрсеткені үшін Президент Александр Вучич пен серб халқына алғыс айтты.
Сондай-ақ Тоқаев Вучичті келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

“Өзара алыс-берістің көлемін арттыру үшін құзырлы органдарға нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма береміз. Қазақстан Сербияға өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерін және басқа да тауарларды экспорттауға дайын. Сербияның да қазақ еліне шығаратын өнімдері аз емес. Осы тұста қолда бар мүмкіндікті барынша пайдалануға уағдаластық”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.