Фильтр публикаций


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
А.Мергалиев выступил на заседании Совета председателей верховных (высших) судов стран СНГ
 
◾️ Председатель Верховного Суда Казахстана Асламбек Мергалиев выступил на 1-м заседании Совета председателей верховных (высших) судов стран СНГ, прошедшее в Ереване (Армения).

◾️ В его работе также приняли участие члены Совета – председатели верховных судов государств – участников Соглашения об образовании Совета председателей верховных (высших) судов государств – участников СНГ и делегированные представители, председатели Конституционного Суда и Высшего судебного совета Армении, Председатель Экономического Суда СНГ, представители Исполнительного комитета СНГ, Российского государственного университета правосудия.

◾️ Обширная повестка заседания, проведенного председателем Совета, Председателем Кассационного Суда Армении Лилит Тадевосян, была посвящена вопросам правового сотрудничества судебных органов государств – участников Соглашения и совместным мероприятиям на ближайшие два года.

◾️ А.Мергалиев, выступая, отметил актуальность обмена мнениями по приоритетным вопросам судебных органов на площадке Совета председателей верховных судов СНГ.

◾️ Он подчеркнул направленность проводимой в Казахстане реформы на усиление независимости судебной власти, повышение доступа и качества отправления правосудия.

◾️ Рассказал о введении новой модели финансирования судебной системы, создании трех кассационных судов, запуске сервиса «Цифровая аналитика судебной практики» с элементами искусственного интеллекта и роботизации санкционирования ограничения выезда за рубеж судоисполнителями и приказов о взыскании алиментов.

◾️ Речь шла о признании на международном уровне казахстанской модели административной юстиции и судебного менеджмента.

◾️ Участники Совета обсудили актуальные вопросы взаимодействия в рамках правовой помощи, цифровизации и внедрению в деятельность судов информационно-коммуникационных технологий, искусственного интеллекта, повышению квалификации судей и профессионального уровня судебных кадров, развитию механизма обмена опытом в области реформ и повышения эффективности судебной системы, судебной практикой и правовой информацией.

◾️Следующее заседание Совета пройдет в 2026 году в г.Минске.

◾️ В рамках мероприятия состоялась встреча Председателя ВС А.Мергалиева с Председателем Кассационного Суда Армении Л.Тадевосян.

◾️Стороны обменялись мнениями по вопросам взаимного сотрудничества высших судебных инстанций двух стран.


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
А.Мерғалиев ТМД елдері Жоғарғы (жоғары) соттары төрағалары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

◾️ Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ереванда (Армения) өткен ТМД елдері Жоғарғы соттары (жоғары) төрағалары кеңесінің 1-ші отырысында сөз сөйледі.

◾️ Оның жұмысына сондай-ақ Кеңес мүшелері – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағалары кеңесін құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің жоғарғы соттарының төрағалары және өкілетті өкілдер, Арменияның Конституциялық соты мен Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары, ТМД Экономикалық сотының төрағасы, ТМД Атқару комитетінің, Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінің өкілдері қатысты.

◾️ Кеңес төрағасы, Армения кассациялық сотының төрағасы Лилит Тадевосян өткізген отырыстың ауқымды күн тәртібі Келісімге қатысушы мемлекеттердің сот органдарының құқықтық ынтымақтастығы мәселелеріне және алдағы екі жылға арналған бірлескен іс-шараларға арналды.

◾️А.Мерғалиев өз сөзінде ТМД Жоғарғы соттары төрағалары кеңесінің алаңында сот жүйесінің басым мәселелері бойынша пікір алмасудың өзектілігін атап өтті.

◾️ Ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаның сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға, сот төрелігінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталғанына тоқталды.

◾️ Ол сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін енгізу, үш кассациялық сот сатысын құру, сот орындаушыларымен
шетелге шығуға шектеулерді санкциялауды роботтандыру және
алимент өндіру туралы бұйрықтар, жасанды интеллект элементтері бар «Сот практикасының цифрлық талдауы» сервисін іске қосу туралы айтты.

◾️ Әкімшілік әділет пен сот менеджментінің қазақстандық моделін халықаралық деңгейде тану туралы әңгіме қозғалды.

◾️Кеңеске қатысушылар құқықтық көмек көрсету, цифрландыру және соттардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллект енгізу, судьялардың біліктілігін және сот қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, реформалар саласындағы тәжірибе алмасу механизмдерін дамыту және сот жүйесінің тиімділігін арттыру, сот практикасы мен құқықтық ақпарат алмасу аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

◾️Кеңестің келесі отырысы 2026 жылы Минскіде өтеді.

◾️Іс-шара аясында Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиев пен Арменияның кассациялық сотының төрағасы Л.Тадевосянның кездесуі өтті.

◾️ Тараптар екі елдің жоғары соттары арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.




Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Поздравление Руководителя Судебной администрации Н.Ахметзакирова с Днём Независимости

Уважаемые коллеги!
 
Поздравляю с Днем Независимости Республики Казахстан!

Обретение Казахстаном суверенитета – знаковое событие в нашей истории.

Патриотизм героев, посвятивших свою жизнь борьбе за свободу своего народа, всегда будет незыблемым примером для нашей молодежи.

Благодаря труду и талантам казахстанцев наша Родина сегодня достигла авторитета на мировой арене – с принципами открытой экономики и внешней политики.

Эффективность работы судов – результат в том числе и нашей с вами повседневной работы.

Кропотливым трудом вы вносите свой вклад в повышение доверия людей к суду.

Желаю вам новых побед, успехов и благополучия!


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакировтің
Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Қазақстанның егемендік алуы – тарихымыздағы айтулы оқиға.

Ұлт азаттығы жолындағы күреске ғұмырын арнаған батырлардың жанқиярлығы жастарымыз үшін қашанда үлгі-өнеге болып қала бермек.

Қазақстандықтардың еңбегі мен талантының арқасында Отанымыз бүгінде ашық экономика және сыртқы саясат қағидаттарымен әлемдік сахнада беделге ие болды.

Соттар жұмысының тиімділігі – біздің бірлескен күнделікті жұмысымыздың нәтижесі.

Сіздер тынымсыз еңбек ету арқылы азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға өз үлестеріңізді қосып келесіздер.

Сіздерге жаңа жеңістер, толағай табыс және бақ-береке тілеймін!


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиевтің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында дербес даму жолын бастаған Қазақстан экономикадағы, әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірдегі елеулі реформаларда толағай табыстарға қол жеткізді.

Еліміздің халықаралық сахнадағы беделі нығайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында берік бағыт ұстана отырып, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін сот жүйесінің мызғымас құндылықтарын жариялады.

Біз бүкіл әлемдік қоғамдастық сияқты құқықтық мемлекетті қалыптастырудың кепілі ретінде соттардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға, инновациялық технологияларды жан-жақты дамытуға ұмтыламыз.

Моральдік және кәсіби ұстанымдары жоғары судьялар корпусы сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға және сотқа деген сенімді арттыруға бар күш-жігерін салатынына сенімдімін.

Баршаңызға бақ-береке, бейбітшілік пен келісім тілеймін!

Егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы өсіп-өркендеп, одан әрі дами берсін!
 


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Поздравление Председателя Верховного Суда А.Мергалиева
с Днём Независимости


Уважаемые читатели!

 
Поздравляю Вас с Днем Независимости Республики Казахстан!

За годы Независимости Казахстан начав самостоятельный путь развития, достиг впечатляющих успехов в значимых реформах в экономике, социальной и общественно-политической жизни.

Укрепился авторитет страны на международной арене.

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев, взяв твердый курс на обеспечение верховенства права, провозгласил незыблемыми ценностями судебной системы эффективную защиту прав граждан.

Мы нацелены на еще большее укрепление независимости судов, как гарантии формирования правового государства, всемерное развитие инновационных технологий, как и все мировое сообщество.

Убежден, что судейский корпус с высокими моральными и профессиональными принципами приложит все усилия для обеспечения качества правосудия и повышения доверия к суду.

Желаю всем мира и согласия, успехов, достатка, благополучия!

Пусть процветает и развивается наша суверенная Отчизна – Республика Казахстан!


🎥 Іссапар бейнежазбасы
***
🎥 Видеоролик рабочей поездки


🌐 https://t.me/askeri_sottar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


▫️ Председатель Военного суда Галымжан Насирдинов и руководитель Департамента Азиз Алиев посетили Военный суд Семейского гарнизона

▫️ В рамках рабочей поездки Председатель Военного Суда Галимжан Насирдинов, руководитель Департамента Азиз Алиев встретились с судейским корпусом военного суда Семейского гарнизона, представителями военной прокуратуры и воинских частей.

▫️ Галымжан Насирдинов призвал к взаимному сотрудничеству в вопросах развития государственного языка, применения в разрешении споров в судах примирительных процедур и информационных технологий, а также в противодействии коррупции.

▫️ Во время встречи военнослужащие задали интересующиеся вопросы. Тематика задаваемых вопросов была разнообразной: военнослужащие интересовались новшествами судебной системы, изменениями в законодательстве, а также задачами, стоящими перед военными судами.

▫️ Галымжан Насирдинов подробно ответил на вопросы, разъяснив нормы Гражданского процессуального и Уголовно-процессуального кодексов, особенности жилищных и трудовых отношений.

▫️ Военнослужащие поблагодарили председателя за предоставленную возможность задать вопросы лично и пожелали в дальнейшем продолжать данную практику.

▫️ Подводя итоги, председатель военного суда поставил ряд задач по повышению показателей работы по всем критериям и направлениям деятельности.

▫️ Также в ходе мероприятия председатель суда представил нового судью военного суда Семейского гарнизона Оразову Асель Жумагазыкызы, назначенную Указом Президента Республики Казахстан №726 от 6 декабря 2024 года.

🌐 https://t.me/askeri_sottar


▫️ Әскери сот төрағасы Ғалымжан Нәсірдинов пен Департамент басшысы Азиз Әлиев Семей гарнизоны әскери сотына іссапармен барды

▫️ Әскери сот төрағасы Ғалымжан Нәсірдинов, Департамент басшысы Азиз Әлиев Семей гарнизоны әскери сотының судьялар корпусымен, әскери прокуратура және әскери бөлімдердің өкілдерімен кездесті.

▫️ Кездесулерді өткізу мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту, дауларды шешуде соттарда татуластыру рәсімдерін қолдану, ақпараттық технологияларды дамыту мен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өзара әрекеттесуге шақыру.

▫️ Кездесу барысында барлық ниет білдірген әскери қызметшілер өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Қойылған сұрақтардың тақырыптары алуан түрлі болды.

▫️ Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.

▫️ Ғалымжан Нәсірдинов барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап қайтарып, Азаматтық процестік және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормалары, тұрғын үй және еңбек қатынастарының ерекшеліктері бойынша түсіндірме берді.

▫️ Қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.

▫️Әскери соттың төрағасы кездесулерді қорытындылай келе, сот жұмысының барлық бағыттары мен талаптары бойынша көрсеткіштерін көтеру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді.

▫️ Сондай-ақ, іс-шара барысында сот төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №726 Жарлығымен тағайындалған Семей гарнизоны әскери сотының жаңа судьясы Әсел Жұмағазықызы Оразованы таныстырды.

🌐 https://t.me/askeri_sottar








Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
В Верховном Суде прошла спартакиада, посвященная Дню Независимости
 
◾️ Турнир, посвященный Дню Независимости, провел филиал Союза судей Верховного Суда.

◾️ Судьи ВС и работники Судебной администрации соревновались в бильярде, настольном теннисе, шахматах и шашках.

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев, приветствуя участников, выразил уверенность, что турнир укрепит приверженность коллег к здоровому образу жизни.

◾️ Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров пожелал всем удачи и побед.

◾️ В качестве приглашенных гостей в мероприятии приняли участие генеральный секретарь Федерации настольного тенниса РК Данил Пак, главный тренер международного класса по настольному теннису Даулет Искаков, судья по шахматам и шашкам мастер международного класса Бахтияр Нугуманов и судья национальной категории по бильярду Ерболат Жумагулов.

◾️ Среди порядка полсотни участников турнира после  состязаний определились победители, они награждены грамотами, кубками, медалями и призами.

◾️ Награждены также участники в номинациях по бильярду «Үздік партия», «Шебер қол», «Жұлдыздай жарқылдаған», «Ұтқыр тактика», «Ұқыпты ойыншы», «Әсерлі соққы», настольному теннису «Жоғары шеберлік», «Жеңіске деген ынта», «Керемет техника» и шахматам и шашкам “Стратегиялық ойлау және жоғары деңгейдегі тактикалық шеберлік”, «Жеңіске деген табандылық», «Ерекше үздік партия».
 


Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Сотта Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті

◾️ Тәуелсіздік күніне арналған турнирді Жоғарғы Соттың Судьялар одағының филиалы өткізді.

◾️ Жоғарғы Соттың судьялары мен Сот әкімшілігінің қызметкерлері бильярд, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан сайысқа түсті.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев қатысушыларды құттықтап, турнир әріптестердің салауатты өмір салтын ұстануын нығайта түсетініне сенім білдірді.

◾️ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров барлығына сәттілік пен жеңіс тіледі.

◾️ Іс-шараға ҚР Үстел теннисі федерациясының Бас хатшысы Данил Пак, үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі бас бапкер Дәулет Ысқақов, шахмат пен дойбыдан халықаралық дәрежедегі төреші Бахтияр Нұғыманов және бильярдтан ұлттық санаттағы төреші Ерболат Жұмағұлов қонақ ретінде қатысты.

◾️ Турнирге қатысқан елуге жуық қатысушылардың арасында жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар грамоталармен, кубоктармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

◾️ Сондай-ақ, қатысушылар бильярд бойынша “Үздік партия», «Шебер қол», «Жұлдыздай жарқылдаған», «Ұтқыр тактика», «Ұқыпты ойыншы», «Әсерлі соққы», үстел теннисі бойынша «Жоғары шеберлік», «Жеңіске деген ынта», «Керемет техника» және шахмат-дойбы бойынша «Стратегиялық ойын және жоғары деңгейдегі тактикалық шеберлік», «Жеңіске деген табандылық», «Ерекше үзлік партия» деген атаулар бойынша марапатталды.




Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Показано 20 последних публикаций.