Insports.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары
Спортивные новости Казахстана и мира

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Зарина Дияс Румыниядағы 🇷🇴теннис турнирінің екінші айналымына шықты

🇰🇿Қазақстандық теннисші чехиялық қарсыласын екі сетте жеңді.

Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан Intaro Elite Cup ITF W75 санатындағы турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс (әлемнің 334-ракеткасы) чехиялық Анета Лабутковамен (645-орын) кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

📊Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Дияс өз геймін екі рет жоғалтқанымен, бес брейк жасап, басымдық танытты.

👉Турнирдің екінші айналымында Зарина украиналық Дарья Снигур мен италиялық Камилла Розателло арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Снигур осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🇰🇿Дияр Нұрғожай UFC-де дебют жасамақ

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ережесіз жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) АҚШ-тың 🇺🇸Невада штатындағы Лас-Вегас қаласына 🛩 ұшып келді. Ол мұнда UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді.

27 жастағы Нұрғожай 15-16 наурыз күндері өтетін UFC Fight Night 254 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – бразилиялық🇧🇷 Брендсон Рибейро (16-7).

Дияр соңғы жылдары өзінің кәсіби мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әлемдік деңгейдегі ұйымдардың назарын аударды. Ол 2024 жылдың қазан айында Дана Уайттың Үміткерлер сериясында (DWCS) жарқын жеңіске жетіп, UFC-мен ✍️келісімшартқа қол жеткізді.

Ал Рибейро осыдан 1,5 жыл бұрын UFC президентінен келісімшарт алған. Бірақ содан бері екі рет жеңіліп, бір рет жеңіске жетті. Сондықтан бұл жекпе-жекте жеңіліс тапқан жағдайда, ол UFC-ден шығып қалуы мүмкін.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың тамызына дейін Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC лигасында өнер көрсетіп, жартылай ауыр салмақта чемпион 🏆 атанды.


🇰🇿Қазақстандық боксшы ресми түрде WBC рейтингінің көшбасшысы атанды🔝

🥊Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингтерді жариялады.

Орта салмақта бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға көтерілді. Айта кетейік, WBC осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын.

Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше британдық боксшылар Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) және Крис Юбэнк-кіші (34-3, 25 КО) иеленіп отыр.

🗣Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов ұзақ уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада 🇺🇿Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті. Сол кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) жеңген болатын.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


3 ұпай ауадай қажет
Футзалдан Қазақстан құрамасы Астана – Мәскеу – Ереван бағыты арқылы Арменияға🛬 ұшып барды.

2026 жылы Латвия мен Литва елдерінде өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алу үшін Қазақстан құрамасына Армениямен өтетін ойында 3 ұпай ауадай қажет.

Топтық кезеңде екінші орын алған құрама 2025 жылдың қыркүйек айында өтетін өтпелі ойындары арқылы бақ сынап, жолдамаға таласады.

🇦🇲Армения – 🇰🇿Қазақстан матчы 12 наурыз күні Астана уақыты бойынша 🕰20:00-де басталады.

Ойынды Армения футбол федерациясы Техникалық орталығының академиясы қабылдайды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Кикбоксингтен Қазақстан 🏆әлем кубогында 14 алтын🥇медаль жеңіп алды

10-наурыз Италияның🇮🇹 Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен әлем кубогы аяқталды. Биыл жарысқа 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысып, жүлдеге таласты.

🇰🇿Ұлттық құрама сапында 32 отандасымыз барып, 14 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.

Ал фулл-контакт бағдарламасында Қазақстан командасы жалпы есепте 1-орын алды.

Құттықтаймыз👏👏👏

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥊Алты қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетеді
Бүгін сейсенбі, 11 наурыз күні алты қазақстандық боксшы Сербияның 🇷🇸Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында бақ сынайды.

☀️Күндізгі сессияда (Қазақстан уақытымен 18:00) 1/8 финал кезеңінде Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Аида Әбікеева рингке шығады.

50 келі: Алуа Балқыбекова – Ясмин Мутаки (Марокко) – 4-жұп, B рингі
60 келі: Виктория Графеева – София Легаки (Греция) – 7-жұп, A рингі
63 келі: Аида Әбікеева – Шуою Чжао (Қытай) – 12-жұп, B рингі

🌜Кешкі сессияда (22:00) Жайна Шекербекова, Жасмин Кизатова және Гүлсая Ержан өз салмақ дәрежелерінде 1/8 финалда сынға түседі.
54 келі: Жайна Шекербекова – Ариадна Жанет Хиль Алонсо (Мексика) – 3-жұп, A рингі
66 келі: Жасмин Кизатова – Ивануса Перейра (Кабо-Верде) – 5-жұп, B ринг
81 келі: Гүлсая Ержан – Ван Сяомен (Қытай) – 8-жұп, A рингі

А рингі https://www.youtube.com/watch?v=G3UHl9TdhYk

В рингі https://www.youtube.com/watch?v=zz_ZHklHD64


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥊Алғашқы жеңіліс: Анита Адишева әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады

19 жастағы Анита Адишева (52 кг) мексикалық Эсмеральда Патино Хуареске қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапты. Үшінші раундта Адишева қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ төрешілер бұл раундты 1:4 есебімен мексикалық боксшының пайдасына берді. Нәтижесінде, Адишева жалпы есепте 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл Анита Адишева үшін мансабындағы алғашқы әлем чемпионаты болатын. Ол Сербияның 🇷🇸Ниш қаласына жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері ретінде келген еді.

Жарыстың екінші күнінде Жайна Шекербекова (54 кг) да шаршы алаңға шығуы керек болатын. Алайда оның қарсыласы, бейтарап спортшылар құрамында өнер көрсететін боливиялық Джускарли Монтесинос жекпе-жектен бас тартты❌.

Енді 2018 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2016 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шекербекова жекпе-жексіз келесі айналымға өтіп, мексикалық Хил Алонсо Ариаднамен кездесетін болды✅.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿Қазақстандық боксшы 🌎 әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

🥊Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Кениядан келген Вероника Нзиваны 5:0 есебімен жеңді.

1/8 финалда Балқыбекова марокколық Ясмин Мутаккиге қарсы шаршы алаңға шығады.

📌Жекпе-жек 11 наурызға жоспарланған.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


«Астана» «Қызылжарды» еш қиындықсыз жеңді

🇰🇿Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турының соңғы матчында петропавлдық «Қызылжар» Қостанайдағы «Тобыл Аренада» «Астанамен» кездесті.

Бірінші тайм толықтай елордалықтардың басымдығымен өтті. Командадан Джеффри Чинеду мен Назми Грипши гол соқты.

Екінші таймда екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, жүзеге асыра алмады — 0:2.

Осылайша, «Астана» турнирлік кестеде төрт ұпайға ие болды, ал «Қызылжардың» еншісінде әзірге бір ғана ұпай бар.

📊«Қызылжар» — «Астана» 0:2 (0:2)
Голдар: Чинеду 11’ (0:1), Грипши 42’ (0:2).

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Қазақстандық боксшылар
Латвияда🇦🇹 өткен турнирден олжалы оралды


“Lady Global Cup” 🏆халықаралық турнирінде Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы 7 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді.

🥊Бұрымды боксшыларымыз арасынан Аяулым Оспанова турнирдің үздік боксшысы деп танылды.

Жеңіс тұғырына көтерілген қазақстандық боксшылар:

🥇Гүлбану Бекмұрат 50 келі
🥇Марал Төлепберген 52 келі
🥇Индира Қыдырмолдаева 57 келі
🥇Аяулым Оспанова 63 келі
🥇Диляра Тұрсынбек 66 келі
🥇Камила Оспанова 70 келі
🥇Диана Надырбек 75 келі
🥈Шұғыла Жарас 46 келі
🥈Лашын Дәулетжан 48 келі
🥈Елнұра Қоңырат +80 келі
🥉Айдана Әббікерім

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🇰🇿Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Бакуде өткен әлем кубогі кезеңінде 🥉қола жүлдегер атанды

Зейнолла ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, 14,400 ұпай жинады. Жарыста америкалық🇺🇸 Брэндон Дэнг (14,633) жеңіске жетті. Күміс жүлдені тағы бір АҚШ 🇺🇸спортшысы Патрик Хупс иеленді – 14,533.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығулар) мен Дмитрий Патанин (қоссырғақ) күміс 🥈🥈жүлдегер атанған еді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥊Балауса Мұздиман Жәнібек Әлімханұлының бокс кешінде шаршы алаңға шығады

Мұздиман жеңіліс көрмеген америкалық🇺🇸 боксшымен жұдырық түйістірмек.

Балауса Мұздиман 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кеші аясында рингке қайта оралады. Оның қарсыласы халықаралық аренада жеңістерге жеткен америкалық Розалинда Родригес болмақ. Ол жеңіл салмақта WBC International титулының иегері.

Жекпе-жек ірі бокс кеші аясында өтеді. Кеште Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенге қарсы жекпе-жек өткізіп, орта салмақтағы WBO және IBF әлем чемпионы титулдарын қорғайды.

Балауса Мұздиман үшін бұл 2024 жылғы желтоқсаннан бері алғашқы жекпе-жек. Ол уақытта бұрымды боксшымыз Астанада өнер көрсетіп, Үндістан өкілі Сушила Виратты нокаутпен жеңді.

Розалинда Родригеске тоқталар болсақ, ол соңғы рет 2024 жылғы 27 қазанында Атлантада рингке шыққан. Розалинда Нидерландыдан келген Эми Наертпен кездесіп, жеңіске жетті.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Құрамамыз айқын басымдықпен жеңіске жетті

ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясында өткен 🇰🇿Қазақстан – Албания🇦🇱 арасындағы кездесуде құрамамыз 4:2 есебімен жеңіс тойын тойлады.

Кака шәкірттері енді 12 наурыз күні іріктеу кезеңінің шешуші ойынын Ереванда Армения құрамасына қарсы өткізеді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-при турнирінде🥇 «алтын» медаль жеңіп алды

Линцте (Австрия) өткен Гран-при финалында 48 келі салмақтағы қазақстандық дзюдошы 19 жастағы жапондық Йшино Сачийоны жеңді.

Құттықтаймыз👏👏👏

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Әлем чемпионаты алдында екінші қақпашымыз қатардан шықты

🏒Хоккейден әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасы бір ай ішінде екінші қақпашысынан айырылды. Никита Бояркиннен кейін Андрей Шутов та жарақат алып, қатардан шықты. Оған иық жарақатына байланысты бүгін, 7 наурызда ота жасалады.

Бұл оның әлем чемпионатына баруына мүмкіндік бермейді. Дәл осындай жағдай Никита Бояркинмен де болды – ол 5 наурызда Германияда 🇩🇪ота жасатып, тек жаңа маусымның басында айдынға оралады.

Осы маусымдағы басқа халықаралық турнирлерде құрамаға Жоғарғы Хоккей Лигасынан Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Магнитка») пен Максим Павленко («Рязань-ВДВ») шақырту алды. Әмірбеков ЖХЛ-дегі ең мықты қақпашылардың бірі. Оның көрсеткіштері өте жоғары.

Жарақат алған қақпашылар орнына жоғарыда аталған хоккейшілеріміз шақырту алуы мүмкін. Дегенмен нақты ойыншылар мен қақпашылар тізімі әлем чемпионаты алдында ғана белгілі болады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏆"Дэвис кубогы". Қазақстан Корея Республикасымен сырт алаңда кездеседі

Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының матчтарына жеребе тарту рәсімі өтті✅

🇰🇿Қазақстан құрамасы қонақта 🇰🇷Корея Республикасы командасымен кездеседі.

Матчтар 12-13 немесе 13-14 қыркүйек күндері өтеді. Нақты қай күндері және ойын өтетін қаланы қарсылас тарап кейінірек анықтайды. Жеңіске жеткен команда келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

📊Бұл Қазақстан мен Корея ерлер ұлттық құрамасының үшінші кездесуі болмақ. Қазіргі уақытта есеп 1:1.

2010 жылы қазақстандықтар өз алаңында кореялықтарды 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Оның алдында, 2007 жылы Корея құрамасы Қазақстанды өз жерінде дәл осындай 5:0 есебімен жеңген еді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Абдукадір Хусанов «Манчестер Ситидің» ақпан айындағы 🏆үздік ойыншысы атанды

Өзбекстандық қорғаушы Абдукадір Хусанов «Манчестер Сити» клубының ресми сайтында өткен ақпан айының үздік ойыншысын анықтауға арналған дауыс беруде жеңіске жетті.

Ақпан айында Хусанов «Сити» сапындағы алғашқы голын соғып, Англия кубогында «Лейтон Ориент» қақпасын дәл көздеді.

Сондай-ақ, ол Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы толық матч өткізіп, Англия премьер-лигасындағы үш кездесуге қатысты. Олардың екеуінде командасы гол жіберген жоқ.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏒«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші мерейтойлық жеңісін тойлады

Наурыздағы өз айдыныдағағы алғашқы матчында «Барыс» «Сібірмен» кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс «Барыс» үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші мерейтойлық жеңіс болды.
«Барыс»- «Сібір», 4:1
Голдар:
⚫️1:0 – 17:54 – Әсетов (Бекетаев, Қайыржан)
⚫️2:0 – 27:46 – Логвин (Симонов)
⚫️2:1 – 31:25 – Белоусов (Пьянов)
⚫️3:1 – 58:59 – Сетдиков (Бекетаев)
⚫️4:1 – 59:42 – Сетдиков
🥅Қақпашылар: Шестаков – Костин

📌8 наурызда Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері өз айдынында ЦСКА-ны қабылдайды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏆 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘

Бүгін 7-наурыз, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Албаниямен кездеседі.

🇰🇿 Қазақстан – Албания 🇦🇱
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі |6-топ
🕰19:00
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
🖥Qazsport


https://t.me/atamekenbusiness_sport

Показано 20 последних публикаций.