Insports.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары
Спортивные новости Казахстана и мира

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


🚴‍♂️"Альмерия классикасында" Макс Кантер жүлделі 2-орынға ие болды

16 ақпан күні Испанияның🇪🇸 Рокетас-де-Мар қаласында өткен "Альмерия классикасы" бір күндік жарысы жаппай спринтпен аяқталды. XDS Astana Team велошабандоздары финалда керемет жұмыс істеп, Лев Гонов пен Глеб Сырицаның күш-жігерінің арқасында Макс Кантерді спринтте қолайлы позицияға шығарды.

Кантер мәре сызығына 150 метр қалғанда спринтті бастап кетті. Алайда, мәреге жақын қалған кезде бельгиялық Милан Фретин оны басып озды. Нәтижесінде, XDS Astana Team велошабандозы жүлделі 2-орынды иеленді.

Бүгін 17-ақпан елордалық велокоманда "Біріккен Араб Әмірліктері турына" қатысады.

Спорт директорлары Марк Реншоу мен Питер Кенноктың жетекшілігімен команда сапынан Аарон Гейт, Серхио Игита, Флориан Самуэль Каямини, Харольд Техада, Иде Схеллинг, Маттео Малучелли, Хаоюй Су жарыс жолына шығады. Турнир 23-ақпанда мәресіне жетпек.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Нысана көздеуден 🇰🇿Қазақстан құрамасы Азия кубогында көш бастады

🇹🇭Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия кубогы өтуде. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.

Турнир 22-ақпанға дейін жалғасады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Әлем кубогында қола жүлде🥉еншіледі

Қазақстанның ерлер құрамасы Азиядадағы жеңістен кейін Италияның Милан қаласында өткен Әлем кубогында тамаша нәтиже көрсетті.

Ерлер арасындағы 5000 м эстафетада Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 6:46.068 нәтижесімен үшінші орын иеленді.

"Алтын" 🥇жүлдені Италия құрамасы (6:42.822) жеңіп алса, күміс 🥈медальді Канада құрамасы (6:42.878) еншіледі. Қытай құрамасы 4-нәтиже, Жапония құрамасы 5-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында біздің шорт-трекшілер тарихи "алтын" 🥇жүлдені жеңіп алған болатын.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🏒Хоккейден Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары елге оралуда! ✈️ 🇰🇿

Азия ойындарының жүлдегерлерін ұшақ бортында жылы қарсы алды☺️

✍️Olymic.kz


«Қайрат» ел тарихында алғаш рет кәсіби әйелдер командасын құрды

«Қайрат» өз академиясынан түлеп ұшқан жас футболшы қыздардан команда жасақтап, клуб тарихында алғаш рет Премьер-лигада өнер көрсететін әйелдер арасындағы кәсіби футбол командасын жанкүйерлерге таныстырады.

Алматы қаласында ертең, 16 ақпан күні сағат 16:00-де «Қайрат»ФК командаларының (ерлер және әйелдер) презентациясы өтеді.

Презентация барысында клуб жанкүйерлер алдында команданың маусымға қойған жоспарларымен бөліседі. Бұдан бөлек алматылық ұжым биыл жаңа жейдеде доп тебетін болады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏒Хоккейден Қазақстан чемпионатының матчы жаппай төбелеспен аяқталды👊

Күні кеше Азия чемпионатындағы хоккейшілеріміздің алтын жүлдесіне қуанып, «Біз Азиядағы хоккей державасымыз» деп бөркімізді аспанға атқан едік. Бірақ, ішкі чемпионаттағы мына оқиғаға не дейміз?

📍14-ақпан күні Атырау қаласында көкшетаулық «Арлан» мен атыраулық «Бейбарыс» Қазақстан чемпионаты аясында плей-офф жолдамасын сарапқа салды. Кездесу 4:0 есебімен «Арланның» жеңісімен аяқталып, көкшетаулықтар плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ал, соңғы ысқырық шалынғанда мұз айдынында бір уақытта бірнеше жерде төбелес басталып кетті.

Клубтардың бапкерлері, қызметкерлері мен ойыншылары да жаппай төбелес ұйымдастырды. Әсіресе, айдын сыртында қарсылас клубтардың екі хоккейшісінің төбелесі көрермендердің жағасын ұстатты.

Оқиғаның мән-жайы толығырақ:https://inbusiness.kz/kz/news/hokkejden-kazakstan-chempionatynyn-matchy-zhappaj-tobelespen-ayaktaldy


Қазақстан – КХДР матчын Qazsport көрсетеді

🇹🇷 Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасымен бақылау ойынын өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан 🆚 КХДР 🇰🇵
📅 17.02.2025
🕖 19:00 (17:00 Түркия)
📍 Белек, Түркия
📺 Qazsport

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


2029 жылғы қысқы Азия ойындары қайда өтеді?

Харбиндегі қысқы Азия ойындары мәресіне жетіп, Азия Олимпиада кеңесінің туы ресми түрде Сауд Арабиясына🇸🇦тапсырылды.

📍Ойындар Неом қаласында өтеді.

🏙Неом қаласы қайда орналасқан?

2029 жылы Азия ойындары Сауд Арабиясының Неом мегажобасындағы Троджена тау шаңғысы курортында өтеді. Троджена - Табук 🏔 тауларында, теңіз деңгейінен 1500-2600 метр биіктікте орналасқан. Таяу Шығыстағы алғашқы жыл бойы жұмыс істейтін тау шаңғы курорты болмақ. Онда жасанды көлдер, люкс санаттағы қонақ үйлер🏨, спорттық нысандар🏟және тұрғын үйлер болады.

Курорттың ашылу салтанаты 2026 жылға жоспарланған, ал 2029 жылы қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Болашақтың қаласы - Неом жобасын Сауд Арабиясының инвестициялық қоры қолдап, 500 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржыландырды…

Толығырақ https://inbusiness.kz/kz/news/2029-zhylgy-kysky-aziya-ojyndary-kajda-otedi


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қазақстан құрамасы Түркияда🇹🇷 екі бақылау матчын өткізеді

🇰🇿🇺🇿 Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтеді. Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның басталуы – 20:00-де (Қазақстан уақытымен).

🇰🇿🇰🇵 Екінші бақылау ойынында Қазақстан құрамасы 17 ақпан күні Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі. Бұл матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Тікелей эфир жайлы қосымша ақпарат береміз.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді.

Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты қашан және қайда өтеді?

🇨🇳Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтетін IX-қысқы Азия ойындарының жабылу рәсіміне ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян қатысады.

Ал оған дейін Ли Цян жабылу рәсіміне қатысатын шетелдік мемлекет басшылары үшін қабылдау банкетін ұйымдастырып, екіжақты кездесулер өткізуде.

📅Бүгін, 14-ақпан
🕰16:55 🇰🇿Қазақстан уақыты
🖥Тікелей фир: https://qazsporttv.kz/kz/live

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Харбин төрінде еліміздің әнұраны🇰🇿 🎼 шырқалған сәт

❄️Қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғаған хоккейшілеріміз:

🥅Қақпашылар:Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», ВХЛ), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», ВХЛ), Андрей Шутов («Барыс»),

🏒Қорғаушылар: Данил Бутенко, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев (барлығы – «Барыс») Дмитрий Бреус («Торпедо», ҚХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент)

🏒Шабуылшылар: Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буялский (еркін агент), Дмитрий Гренц, Артём Лихотников (екеуі де «Хумо», Ташкент), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Евгений Рымарев («Унисон»), Әлихан Өмірбеков, Кирлл Панюков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы – «Барыс»), Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау).

Бас бапкер – Олег Болякин
Бапкерлер: Георгий Верещагин, Владимир Князев

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Харбиндегі Азия ойындарын Қазақстан 🇰🇿 құрамасы медальдар кестесінде 4️⃣-орынмен аяқтады

Спортшыларымыз барлығы 2️⃣0️⃣ медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын🥇, тоғызы🥈 күміс және жетеуі қола🥉 жүлде.

Қазақстан үшін бұл алтын медальдар саны бойынша тарихтағы ең төменгі нәтиже.

Спортшыларымыздың Азия ойындарындағы 🔝ең үздік көрсеткіші 2011 жылы тіркелді. Ол уақытта біздің команда 32 алтын медаль иеленген болатын.

✍️Толығырақ:https://inbusiness.kz/kz/news/harbindegi-aziya-ojyndaryn-kazakstan-kuramasy-medaldar-kestesinde-4-orynmen-ayaktady


🥌Керлингші қыздарымыз Жапониядан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды

❄️Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер керлинг құрамасы қола медаль үшін өткен сайыста Жапониямен кездесті. Ойын 6:3 есебімен жапониялықтардың пайдасына🥉 аяқталды.

Финалда Оңтүстік Корея құрамасы Қытайды 7:2 есебімен жеңіп, 🥇алтын медаль иеленді. Қытайлықтар 🥈күміс жүлдегер атанды.

🔚Осылайша Қазақстан керлинг құрамасы жарысты 4-орынмен аяқтады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏒Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасына Азия ойындарының күміс жүлдесі бұйырды

❄️Қысқы Азия ойындарының финалдық кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Кореямен кездесті.

Бірінші кезеңде хоккейшілеріміз Малика Алдабергенованың голының арқасында есеп ашты.
Екінші кезеңде гол соғылмады. Бірақ үшінші кезеңде Юлия Буторина мен Дарья Молдабай қазақстандықтардың басымдығын нығайта түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

🇰🇷Корея - 🇰🇿Қазақстан - 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

Ал, финалда 🇯🇵Жапония құрамасы 🇨🇳Қытайды жеңді.

Осылайша, хоккейшілермізге күміс 🥈жүлде бұйырды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды🥇

Ұлттық құрама финалда Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Құттықтаймыз👏👏👏

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Харбин 2025. 🇰🇿Ел қоржыны 18-медальмен толықты 🥉

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 246,01 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Топ-10 қатарына тағы бір қазақстандық Диас Жиренбаев кірді (9-орын). Оның нәтижесі – 186,18 ұпай.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарына іліге алмады

Софья Самоделкина Харбинде еркін бағдарламада 125,12 ұпай жинап, жалпы есепте 188,43 ұпаймен 4-нәтиже көрсетті.

Ал София Фарафонова еркін бағдарламада 79,64 ұпай жинап, жалпы есепте 125,27 ұпаймен 10-орынға тұрақтады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Показано 20 последних публикаций.