🇯🇵Жапониялықтар қазақстандық конькишілерден кешірім сұрады🙏
Жапонияның коньки спорты федерациясы марапаттау рәсімінде ескі әнұранды пайдаланғаны үшін Қазақстан құрамасынан кешірім сұрады.
Оқиға былай болған. Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Виталий Щиголев масс-стартта жеңіске жетті. Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын 🎼 қосады.
✍️Осы жайттан кейін қазақстандық конькишілер одағы ISU мен турнирді ұйымдастыру комитетіне хабарласып, мән-жайды анықтауды сұрады.

«Жапония коньки спорты федерациясы жіберген қателік үшін Қазақстан конькишілер одағы мен Қазақстан құрамасынан шын жүректен кешірім сұрайды🙌. Виталий Щиголев мырзаны марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны орындалды. Белгілі болғандай, біздің дерекқорымызда сақталған ескірген жазба қолданылған. Мұқият болуымыз керек еді. Болашақта осындай қателікті болдырмау үшін біз Халықаралық коньки тебу одағына (ISU) жүйе құруды ұсынғымыз келеді», - делінген хабарламада.