Ақназар Ишанғали


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


▫️ NMU Egyptian University
▫️ Әдемі әуезді азаншы 2020
▫️ Sajda.Kz | Tayyab Азаны бар🔥
▫️ QMDB✅

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Басқалардың бақытына қуанып жүрген адам. Бір күні өзі де бақытқа жетеді.

📚Ғибратты сөз


خطواتك نحو الله هي أعظم إنجازات حياتك.

Аллаға жақындау үшін жасаған қадамдарың сенің өміріңнің ең үлкен жетістігі.

📚Ибн Атауллаһ Ас-Сакандария (Хикам)


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ибн Атауллаһ Ас-Сакандарий (ابن عطاء الله السكندري):

Ибн Атауллаһ Ас-Сакандарий – Ислам әлемінде танымал сопы, ғалым, рухани ұстаз және жазушы. Ол 13-ші ғасырда өмір сүріп, өзінің терең діни ойларымен және рухани нақылдарымен танымал болды. Оның толық аты – Әбу әл-Фадл Ахмад ибн Мұхаммед ибн Абдәлкәрим ибн Атауллаһ Ас-Сакандарий.

Өмірбаяны:
Туған жылы: 1250 жыл шамасында (648 һижри жылы).
Туған жері: Александрия қаласы, Мысыр (Египет).
Қайтыс болған жылы: 1309 жылы (709 һижри жылы).
Қайтыс болған жері: Каир қаласы, Мысыр.

Ғылым және білім:

Ибн Атауллаһ фиқһ (шариғат) ғылымында мәлики мазһабының өкілі болған. Оның ұстазы сопылықтың көрнекті өкілдерінің бірі – Әбу әл-Аббас әл-Мурси, ал бұл ұстаздың өзі атақты Абул Хасан әш-Шазилиден білім алған.


كل نعمة أنعم الله بها عليك هي علامة على محبته لك.

Алланың саған берген әрбір нығметі – Оның саған деген махаббатының белгісі.

📚Ибн Атауллаһ Ас-Сакандария (Хикам)


قيمة العبادة ليست في ظاهرها، بل في إخلاص القلب لها.

Құлшылықтың құндылығы – оның сыртқы көрінісінде емес, жүректің оған деген ықыласында.

📚Ибн Атауллаһ Ас-Сакандария (Хикам


Құтты болсын ағайын!

Мұсылман мемлекеттеріне тыныштық оралуымен.🤲

Біздің қаруымыз дұға🤝🏻


Ойлаймын да 🧐...

"Бұрынғы кездері тек қыс "суық" болатын. Қазіргі кездері қыспен бірге адамдар да суық, жүректер де суық".

📚Бауыржан Алиұлы (Алла рақымына алсын)


Муминнің әрбір намазы, оразасы тағы осы сияқты ізгі амалдары (іс- әрекеттері) оның жинаған қоры һәм ақырет байлығы болады. Өйткені, адамның өмірі өлшеулі бір мерзім.

📚Сахид ибн Жабид


Жүректе күнәлар азайса, көздің жасы көбейеді.

📚Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла ол кісінің рахымына алсын)


Кейде бұл дүниенің мәселелерінің (сынақтар) шешімі ақыреттік амал екенін анық білсек те, дүниелік қалауды бірінші орынға қойып, ақыретті екінші орынға қоятынымыз өкінішті.

📚Ақыреттік бауырыма хат


يا أصحاب الحديث أدُّوا زكاةَ الحديث من كلّ مئتي حديث خمسةً

Ей, Хадис иелері! Әрбір екі жүз хадистен бес хадистің зекетін беріңдер.

📚МАНЗУМАТУЛ БАҚУНИЯ


أَحَبُّ الخَلْقِ إِلَى اللَّهِ المُتَوَاضِعُونَ.

Аллаға жаратылғандардың ең сүйіктісі – кішіпейіл жандар.

📚Жағфар әс-Садиқ (Алла рақымына алсын)


Білім жолындағы шәкіртке

Білім – жүрекке нұр, ақылға жарық. Әрбір оқыған әрпің – саған мәңгі азық. Сенің әр қадамың – Алланың разылығы үшін, сондықтан сен тоқтама. Сабыр ет, себебі шыдамдылық түбінде сені арман-мақсатыңа жеткізеді. Өзіңді осы жолға арнаған екенсің, біл: сенің ізденісің, еңбегің, дұғаларың – үлкен есіктерді ашады. Шынайы білім Алланың ең үлкен сыйы, ал оны іздену – ең үлкен құлшылық.

📚Түнде өзіме арнап жазған мотивация😊


اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَان

Аллахумма барик ләна фи Рәжаба уә Шаъбана уә балиғна Рамадан

«Уа, Аллаһым! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!»


اللهم اجعل أول يومي صلاحاً، وأوسطه فلاحاً، وآخره نجاحاً، وأسألك خير الدنيا والآخرة

Уа, Алла, менің күнімнің басын игілікке, ортасын сәттілікке, соңын жетістікке толтыр, әрі Сенен дүние мен ақыреттің жақсылығын сұраймын!

Амин🤲


Ережеп айы құтты болсын мұсылман бауырлар😊🤲


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Неғыса менсіз неғыла беріңдер ия) - деп ұйықтайық бауырлар😅🔥


Қадір түнін ұйқымен өткізіп, жаңа жыл кешінде таңға дейін ояу болған бұл үммет басына түскен қайғы-қасіреттің себебін сұрай-ақ қоя берсін.

📚Шейх Ахмад әт-Тайиб


وقال الحسن البصري رضي الله عنه: يا ابن آدم، إنما أنت أيام، فإذا ذهب يوم ذهب بعضك.

Ей, адам баласы! Сен тек күндерден құралғансың. Егер бір күнің өтсе, өміріңнің бір бөлігі кемиді.

📚Хасан Басри


Уақыт – қылыш сияқты. Егер сен оны кесіп үлгермесең, ол сені кеседі.

📚Имам Шафиғи (Алла оған разы болсын)

Показано 20 последних публикаций.