Azattyq - Азаттық


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасынан кейін заңсыз байығандардың активін мемлекетке қайтара бастады. Ол үшін арнайы заң қабылдап, арнайы комиссия да құрды.

Азаттық құзырлы органдардың осы бағыттағы жұмысына көп талап қойып жүрген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапимен сұхбаттасты.

Ол заңсыз байығандар мен олардың дүниесін елге қайтару жөнінде Қазақстан президентімен сөйлесуді армандайтынын айтты.

🗣 "Активтерді қайтару мәселесі жөніндегі президенттің талап-тілегін өз аузынан естісем деймін. Прокуратураның, әлдебір активтерді қайтару жөніндегі комитеттің аузынан емес. Екінші, үшінші ауыздан жетіп жатқан ақпаратқа көп сенбеймін. Себебі мынау Қазақстан билігінде ескі Қазақстанға байланысты ақпаратты шектеу жөнінде бір әрекеттер болып жатқанын білемін. Ресми түрде жүріп жатыр ма, жоқ әлде ескі Қазақстаннан қалған жекелеген шенеуніктер өз бастамасымен шектеп жатыр ма, бейхабармын" деді депутат.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Қанды Қаңтарда қаза тапқан Жағыпаров пен Қапсаланов ісі: Сот үкіміне сәйкес, Әубәкіров марқұм Ерлан Жағыпаровтың отбасына моральдық өтемақы ретінде 20 млн теңге төлеуге тиіс

Әубәкіровтің өзі журналистерге пікір берген жоқ. Оның туыстары сот үкіміне келіспеді.

Ерлан Жағыпаровтың інісі Нұрлан Жағыпаров "Билiктi асыра пайдалану" бабы бойынша ең қатаң жаза берілді, бірақ ол жеткіліксіз" деді. Жәбірленуші тарап істегі айыпты "Адам өлтіру" бабына ауыстырғысы келеді.

Ұлттық ұланда қызмет атқарған Әубәкіров сот залында қамауға алынды, тергеу мен сот кезінде ол бостандықта болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Каримованың 182 млн доллар активін қайтаруға келісті

Гүлнара – Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы.

🇺🇿🇨🇭 Активті қайтару келісімі жөнінде Өзбекстан әділет министрлігі хабарлады. Құжатқа Өзбекстанның әділет министрі мен Швейцарияның Ташкенттегі елшісі қол қойған.

Министрліктің хабарлауынша, қайтарылатын қаржыны "Өзбекстанның жекелеген азаматтары заңсыз иеленген және 2012 жылы Швейцарияның бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың үстінен қозғаған қылмыстық іс аясында толық тәркіленген".

💸 Бұл қаржы Ташкентке Uzbekistan Vision 2030 деген қор арқылы берілмекші.

Өзбекстан ақша елдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады деп отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Трамп Израиль Газада соғыс аяқталғаннан кейін, анклав халқы басқа жаққа көшкен соң секторды АҚШ-қа береді деп мәлімдеді

Осының алдында Газа секторын АҚШ-тың бақылауына алып, оны "Таяу Шығыс Ривьерасына" айналдыру ниеті барын мәлімдеген Трамптың сөзін әлемнің көптеген елі сынға алды.

🇮🇱 Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац ел армиясына анклавтан кеткісі келетін Газа тұрғындарына өз еркімен сектордан шығуға мүмкіндік беретін жоспар дайындауды бұйырғанын айтты.

🗣 "Президент Трамптың батыл жоспарын құптаймын. Газа тұрғындарына бүкіл әлемдегідей елден кетуге және қоныс аударуға еркіндік берілуі керек" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


⚡️ Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың ісі бойынша сотталушы Айтжан Әубәкіровті "Билiктi асыра пайдалану" бабымен кінәлі деп танып, 7 жылға бостандығынан айырды

Сот оны подполковник шенінен айырды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан Ресейді халықаралық сотқа беруге "дайындалып жатыр"

Әзербайжанның "АПА" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Баку "фактілер мен айғақтар жинап жатыр".

🇦🇿 Баку "ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға [Ресейдің] қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр" деп есептейді.

AZAL ұшағына қатысты бұйрық берген және оны атқан адамдар, сондай-ақ қару түрі туралы ақпарат Әзербайжан билігінде бар деп жазды агенттік.

💬 Баку "Ресеймен диалогқа есік ашық" деді: "Мәскеу кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті мойнына алуы керек. Әйтпесе, Баку келесі қадамдарға баруға дайын".

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Астанадағы PaperLab зерттеу орталығының 7 ақпанға жоспарланған "Өзгеріссіз тәртіп: Қазақстандағы саяси реформалар неге алып келді?" атты талқылауы онлайн өтетін болды. Алдын ала келісіп қойған қонақүй соңғы сәтте оларға орын беруден бас тартты.

Орталық жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың сөзінше, қонақүй өкілі "тақырыптарыңыз саяси екен, басшылық рұқсат етпеді" деп айтқан.

🗣 "Оларға әлдебіреу қысым жасады ма, жоқ па, ол жағы белгісіз, бірақ мұндай жағдай өздігінен туындамайтыны анық. PaperLab дискуссия алаңына биыл 9 жыл толады. Осы уақыт ішінде еш кедергісіз өзекті әрі өткір деген тақырыптарды талқыладық. Биліктен үнемі спикер шақырамыз. Осы жолы да саяси реформалар тақырыбын талқылауға мәжілістен, квазимемлекеттік ұйымдардан спикер шақырдық – ешкім келіспеді. Өркениетті мемлекеттің белгісі – маңызды тақырыптар бойынша конструктивті диалог құра алу емес пе?" деді Бейсембаев.

PaperLab жиында сарапшылармен, азаматтық қоғам өкілдерімен реформалар нәтижесін және елдің даму бағытына әсерін талқыламақшы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Жұманғарин: бюджет бойынша маған Илон Масктың идеясын ұсынды

🗣 "Маған президент Трамп әкімшілігінде Илон Маск мырза жүргізіп жатқан жұмыс сияқты идея ұсынылғанын жасырмаймын. Ол жақта мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті бар. [Қазақстан азаматы] өз қызметін ұсынды, идеялары барын айтты. Мен оны шақырдым, "кел, бірге жұмыс істейік, жұмыс тобын құрайық" деп айттым" деді премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Сөзінше, әлеуметтік бюджетті қысқарту "өте қиын".

🗣 "Әлеуметтік бюджетке көп балалы аналар, балалар, қарттар, зейнеткерлер жатады. Біз – әлеуметтік мемлекетпіз. Мен бюджеттің басқа түрлерін қарау керек деп айттым. Біз қысқартуға қарсы емеспіз, мүлде. Ол ақылға қонымды болып, қарапайым адамға әсер етпеуі керек" деді ол.

Orda.kz сайтының жазуынша, Жұманғаринге идея ұсынған адам – экономист Рақым Ошақбаев. Әзірге ол желідегі парақшасында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

🇺🇸 Трамптың инаугурациясынан кейін Space X және Tesla компанияларының басшысы, миллиардер Илон Маск басқаратын мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті (DOGE) құрылған. Оның мақсаты – артық нормативтік актілерді алып тастау және шенеунік санын азайту.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Ресей президенті Владимир Путин 25 азаматы қаза тапқан Әзербайжаннан кешірім сұрап, қара жамылған отбасыларға көңіл айтқан. Осы апаттан алты Қазақстан азаматы да көз жұмды.

Путин әріптесі Илхам Әлиевке хабарласып, кешірім сұрағаны туралы ақпарат шыға сала, әлеуметтік желіде жұрт "Қазақстан билігі неге Мәскеуден кешірім талап етпейді?", "Азаматтарының құнын сұрамағаны қалай?" деген пікір көбейді.

🇰🇿 Азаттық тілшісі мәжіліс депутаттарынан "Қазақстан азаматтарының Ресей тарабы кешірім сұрауы керек еді деген пікірі орынды ма?" деп сұрады. Жауабы видеода.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Сая Есенгелдінің жаназасына Қаңтар құрбандарының туыстары да келді

Азаттық тілшісімен әңгімеде олар мемлекеттен жеткілікті өтемақы алмағанын айтты.

Қаңтар кезінде жақындарынан айырылған бір топ адам биыл 5 қаңтарда Алматыдағы "Тағзым" мемориалына барып, марқұмдарға құран бағыштап, гүл қойған.

Қанды Қаңтар оқиғасында қаза тапқан Тұрар Арыстанқұловтың жесірі Әлия Сәкенқызының сөзінше, олар әкімдікке барғанда, Сая шенеуніктерге жағдайы қиын екенін айтып, пәтер беруді сұраған.

🗣 "[Қаңтардың үш жылдығын жасауға] Таразға бардық, сол кезде "шаршадым" деді. "Ақша жеткізе алмай жатырмын. Пәтер ақысы бар. Көлігімнің несиесі бар" деген еді. 5 қаңтарда әкімдікке барайық дедік. Бардық, [көмек] сұрадық. Сол кезде бермеген пәтерді бүгін таңертең әкеліп тұр екен. Резервте жоқ болса, екі күннің ішінде қайдан шығарды?" деді Әлия Сәкенқызы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Өзбекстан АҚШ-қа жеті Black Hawk тікұшағын жіберді, 2021 жылғы тамызда оларға ауған ұшқыштары мініп, елден қашқан

🇺🇸🇺🇿 "Америка дауысы" сайтының жазуынша, Вашингтондағы Өзбекстан елшілігінде Өзбекстан қарулы күштері құрылғанына 33 жыл толуына орай өткен іс-шарада айтылған.

🔵Өзбекстандағы америкалық 46 авиация техникасының (22 ұшақ және 24 тікұшақ) басым бөлігі өзбек еліне берілді. Алайда Пентагон пайдалануға жарамды деп таныған жеті Black Hawk тікұшағы АҚШ-қа қайтарылған.

АҚШ өкілі Өзбекстанға көп жылдық әскери-техника саласындағы әріптестік үшін алғыс білдірген.

🔵2021 жылы "Талибан" қозғалысы Кабулда билікті басып алған кезде ауған ұшқыштары елдегі ұшақтар мен тікұшақтардың бір бөлігіне мініп, Өзбекстан мен Тәжікстанға қашқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 Қырғызстанда ысырапқа жол бермеу туралы заң жобасы талқыланып жатыр

🇰🇬 Жоба авторлары отбасылық той-томалақ пен ас-жаназа сияқты салтты мемлекет реттесе деп отыр.

🎊 Жоба бойынша, тойға 250 адамнан артық шақыруға болмайды деген шектеу заңда бектілімек. Мұнша адамға бір сиыр немесе бір жылқы сою жеткілікті дейді.

Құжат авторлары қыз ұзатуға бұдан да аз мейман шақыруды ұсынып отыр, 100 адамнан аспайтын тойға бір сиыр не бір жылқы союға болады. Егер қыз ұзату мен той бір күнде өтсе, 350 адам шақыруға болады, ал еттің мөлшері сол күйі қалады.

🇹🇯🇺🇿 Тәжікстан мен Өзбекстанда осыған ұқсас заң бар. Олар қалай жұмыс істеп тұр? Жұмыс істей ме?

🔗Толығырақ

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Алматыда жұрт Қаңтарда оққа ұшып, қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі Сая Есенгелдіні ақтық сапарға шығарып салды

Ол 4 ақпанда Алматы – Бішкек тасжолында көлік апатынан қаза болған. Қаңтар оқиғасында 4 баламен жесір қалған Сая қала арасында такси айдап жүрген.

🟢Саяны Алматы іргесіндегі Саялы ықшам ауданындағы қорымға, күйеуі Еркебұланның қасына жерледі.

Марқұмның туыстары пікір бергісі келмеді.

🟢Таңертең, жаназаға дейін Сая Есенгелдінің отбасына Алматы қаласындағы Qazaq Stroy компаниясы үш бөлмелі пәтер берді. Бұған дейін АҚШ-та тұратын блогер Айжан Хамит Сая үш жылдан бері әкімдіктен пәтер ала алмай жүрді деп жазған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Грузияда билік басында отырған "Грузин арманы" партиясының депутаттары былтыр күзде оппозициядан сайланған 49 депутатты мандатынан айыруды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Грузия Конституциясына сәйкес, ел парламентінде 150 депутат бар.

2024 жылғы 26 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін оппозициялық "Өзгерістер үшін коалициясы", "Қуатты Грузия" және "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының депутаттары сайлауды бұрмаланды деп, мандатынан бас тартатынын мәлімдеген.

🇬🇪 Сайлаудан кейін Грузиядағы ірі оппозициялық күштер мен коммерциялық емес ұйымдардың мұрындық болуымен жаппай наразылық акциясы басталған. Оған шыққан жұрт парламент сайлауын жаңадан өткізуді, Еуроодаққа қосылу туралы келіссөзді қайта бастауды талап етіп жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Литва, Латвия және Эстония осы сенбіде энергия желілерін Ресейдің электр желісінен ажыратып, Польша арқылы Батыс Еуропаның энергия жүйесіне қосылмақшы

🗣 "Ресейге электр энергетикасын геосаяси бопсалау құралы ретінде пайдалануға жол бермейміз" деді Литваның энергетика министрі.

Ресей Украинаға басқыншылық соғыс бастағаннан кейін Балтық елдері ресейлік газ бен электр энергиясын сатып алуды тоқтатқан. Алайда олардың электр желілері Ресей мен Беларуське қосылған күйі қалған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 Қазақстандық белсенді Қуат Ахметовті Украинадан ұрлап әкетпек болған ресейлік агенттің жоспары іске аспай қалған.

🇷🇺 Бұл жайт "Досье" орталығы журналистерінің қолына түскен Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан белгілі болды.

Азаттық белсенді ісінің мән-жайын өзінен және оны танитындардан сұрады.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев елдің бұрынғы президенті, қайынатасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі кезінде жинаған байлығына қатысты үкіметтің тергеуі аясында мемлекетке 1 млрд доллар төлеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

Бұл туралы осы жағдаймен таныс дереккөздеріне сүйеніп Bloomberg агенттігі жазды.

🗣 "Келісімге келер болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев қаржының бір бөлігін ақшалай, қалғанын инвестиция түрінде төлейді" деп хабарлады агенттік.

Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, Құлыбаев төлем жасағанмен, бұл оның кінәсін мойындау дегенді білдірмейді.

🟠Агенттіктің жазуынша, Құлыбаевтың өкілі бұл мәселе мемлекеттік істерге қатысты деп, тікелей пікір білдіруден бас тартқан, бірақ "кез келген төлемді активтерді қайтару деп атаған дұрыс емес" деп айтқан.

🟠Миллиардердің өкілі "осы жылдар ішінде Құлыбаев елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосты және "осы бағытта үкіметпен өзара әрекет етуді жалғастырып отыр" деп жауап берген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Авиация инженері Дәулет Жұмабеков "алдын ала есептен ракетаны атқандар емес, ақпаратты кеш жеткізгендер кінәлі екенін байқауға болады" дейді

🗣 "Ақтауға қону туралы шешімді экипаж өзі қабылдағаны анықталып отыр. Оның себебі сол күні тұман болып, Грозный және тағы басқа жерлерде қонуға күн қолайсыз болды. Бұдан бөлек, Солтүстік Кавказ – таулы аймақ. Зақымданған ұшақпен таудың үстінен ұшу – жақсы идея емес.

Қара жәшіктегі ақпаратқа қарағанда, ұшақтың аэродинамикасы істен шыққанын байқауға болады. Яғни, ұшақты басқаратын аэродинамикалық руль ракета тигеннен кейін бір нүктеде қатып қалады. Әрі қарай ұшқыш қозғалтқыш тетігінің көмегімен ғана басқара алады. Бір жақтан екінші жаққа қисаюға ғана мүмкіндігі болады, аса маневр жасай алмайды, бұл жағдайда көп ұзамай ұшақ төмендей бастайды. Сондықтан кең жерге тез қонуға әрекет ету керек. Сол себепті таулы аймақтан қашып, теңіздің ар жағындағы жазық жер – Ақтауды беттеген болуы керек.

Бірақ бұл апаттың себебі емес, себеп – сырттан келген соққы. Ұшаққа ракета тиді. Алдын ала есептен ракетаны атқандар емес, ақпаратты кеш жеткізгендер кінәлі екенін байқауға болады.

Яғни, әуе жолдарын толығымен жабатын "Ковер" жоспары енгізілген, бірақ оны Embraer бортын бақылап отырған диспетчер білмеген. Түсінесіз бе? Диспетчер бортқа соққы жасалғаннан кейін ғана "Ковердің" енгізілгенін естіген. Апаттың себебі міне осы. Мұны есептің соңғы беттерінен оқысаңыз
болады".

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала есептегі ұшқыштар мен диспетчерлер әңгімесінен қандай қорытынды жасауға болады?

🇰🇿 Қазақстандық авиация инженері, отставкадағы әскери офицер Дәулет Жұмабековпен сұхбаттан үзінді:

🗣 "Кабинада отырған экипаж болып жатқан жайтты көзімен көріп, баға бере алмады. Оның үстіне, бұл – азаматтық борт. Азаматтық авиация ұшқыштары өздеріне ПВО ракетасы шабуыл жасайды деп күтпейді әрі оған дайын емес.

Мәселен, әскери ұшақтарда келе жатқан қауіп туралы сигнал беретін радиолокациялық станция сияқты арнайы құрылғылар бар. Олар төнген қауіптің ара қашықтығын, ұшақтың қай бөлігіне тиюі мүмкін екенін көрсетеді. Ал азаматтық бортта мұндай құрылғы жоқ. Одан пайда да жоқ, өйткені азаматтық борттар ұшып келе жатқан ракетадан маневр жасап, қашып кете алмайды.

Олардың ұшқыштары психологиялық тұрғыдан да мұндайға дайын емес. Сондықтан корпусқа бірдеңе тигенде бірден "құс кірген шығар" деп ойлап, хабар берген. Кейін бортсеріктерден салонда орындық жарылып, адам жараланды деген хабар алғанда, "баллон жарылған болуы мүмкін" деген ой келген. Шын мәнінде, орындық жарыла алмайды, ұшаққа сырттан тиген зат қабын тесіп кіріп, орындықты орнынан жұлып алып, онда отырған адам жараланған".


🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Қазақстанда сталкинг жасағандарға айыппұл салмақ

Депутат Абзал Құспанның айтуынша, қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық-процестік кодекстерді оңтайландыру жөніндегі заң жобасына сталкинг жасағандарды жауапқа тартуды көздейтін норма енгізілді.

🗣 "Құжатты палата қарауына келесі я бір аптадан кейін – екінші оқылымға шығару жоспарда бар" деді депутат.

Айыппұл мөлшерін заң жобасын қайта талқылағаннан кейін белгілейді. "Жаза неліктен қатаң болмайды?" деген сұраққа депутат алдымен заңды қолдану практикасын зерделеу маңызды деп жауап қатты.

🗣 "Қажет болса, жаза алда күшейтілуі мүмкін" деді Абзал Құспан.

Депутаттар қыз алып қашқандарды жазаға тарту бойынша да ұсыныс айтқан. Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, бұған әртүрлі жаза қарастырылып отыр: бостандығынан айыру, айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа жегу.

Қазақстанда қазір қызды еркінен тыс алып қашуға байланысты іс-әрекеттер "Адам ұрлау" бабы бойынша сараланады.

t.me/azattyq

Показано 20 последних публикаций.