🔴 "Қазақмыс" шахтасындағы ереуіл. Не белгілі?
🔸 Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр. Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Олар жұмысты тоқтатқан.
🔸 "Қазақмыстың" PR департаментінің басшысы Арман Әлібектің сөзінше, "түсіндіру жұмыстарынан" кейін "Саяқ" (Қарағанды), "Жайсан" және "Шатыркөл" кеніштері (Жамбыл облысы) мен "Жезқазған мысбалқыту" зауытының жұмысы қайта жалғасқан. Олар "Оңтүстік Жезқазған" кенішіндегі әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді.
🔸 "Оңтүстік Жезқазған" кеншілерімен келіссөз жалғасып жатыр. Бұған дейін басқарма төрағасы кеніш бригадирлерімен кездесіп, жұмысшылардың талаптарын талқылаған. Нәтижесінде 13-жалақыға 30 пайыз үстемақы қосу туралы шешім қабылданды.
🔸 Арман Әлібектің сөзінше, келіссөз аясында жұмысшыларға екі ұсыныс жасалған. "Біріншісі, ол жалақыны 8,5 пайызға өсіріп, тоқсан сайын 50 айлық есептік көрсеткіш сыйақысын қосымша төлеу. Екіншісі жалақыны 15,6 пайызға индекстеу. Осы ұсыныстарды түсіндіру үшін [басшылық] шахтаға түсіп, жұмысшылармен тіке кездесу де өткізді" деді компания өкілі.
🔸 Азаттық тілшісі 20 желтоқсанда ереуілшілердің бірімен де сөйлесіп көрген. "Әлі шешілген жоқ. [Ереуілшілер] жер астында отыр. Олар [жұмыс беруші компания] қорқытып жатыр. Неше түрлі қоқан-лоқы жасайтын варианттар айтып, қудалап жатыр. Тіке айтпаса да, соған қиыстырады" деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілшілердің бірі Азаттыққа.
🔸 Осыған дейін жұмыс беруші "жалақыны өсіру компания шахталарының табысына қауіп төндіруі мүмкін" деп айтқан еді. 19 желтоқсанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақмыс" жұмысшыларының ереуілін "еңбек заңнамасына қайшы" деп атап, ереуілшілерді жұмысқа оралуға шақырған.
🔸 Бұған дейін жұмысшылар Азаттыққа наразылық кемі алты шахтада болып жатқанын айтқан еді. Олардың сөзінше, 1500 жуық адам жер бетіне шықпай отыр. Бірақ "Қазақмыс" корпорациясының ресми өкілі Арман Әлібек Азаттыққа "наразылық тек екі шахтада жүріп жатыр, 250-дей жұмысшы ереуілдеп тұр" деген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз