Алматы полициясы қаладағы орталық мешіт маңындағы жолда намаз оқыған 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.
"Құқық бұзғандарға шара қолданылды: 614-бапты (қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіру) бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды" деп жазылған полицияның 21 желтоқсан күнгі хабарламасында.
Алматы полициясы Азаттыққа ер адамдарға айыппұл салынғанын айтты.
Көшеде ер адамдардың намаз оқып жатқаны көрінетін видео желтоқсан басында тараған. Видеода көше ортасында ондаған адамның құлшылық жасап жатқаны, ал олардың ар жағында жедел жәрдем көлігі жолдан өте алмай, сигнал беріп жатқаны көрінеді.