ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций




AMANAT партиясының мұғалімдермен ашық диалогы
https://www.youtube.com/watch?v=OEF4GiBGh_A












https://games.daryn.kz/
Тіркелу 04.11-18.11 аралығында
Тест 20.11-25.11 аралығында
Нәтижесі 02.12ге дейін дейді
«Ақбота» зияткерлік олимпиаласы


Репост из: TESTCENTERKZ
📣ҚАЗТЕСТ ТАПСЫРУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

⚜️2024 жылғы 4-5 қараша күндері Алматы қаласында және 4 қараша күні Ақтөбе, Шымкент қалаларында, 5 қараша Астана қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша электронды форматта сертификаттық тестілеу өткізіледі.

💻Тестілеуге қатысу үшін өтінімді app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы беру қажет. Өтініш беру мүмкіндігі бүгін кешке қарай іске қосылады.

📌app.testcenter.kz сайтында тіркеліп, тестілеу құнын төлеген соң тестілеу жөніндегі толық ақпарат (тестілеу күні, уақыты, мекенжайы) осы сайттағы жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.

🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

📣ВНИМАНИЮ СДАЮЩИХ КАЗТЕСТ!

⚜️4-5 ноября 2024 года в городе Алматы и 4 ноября в городах Актобе и Шымкент, 5 ноября в городе Астана будет проводиться сертификационное тестирование в электронном формате.

💻Для участия в сертификационном тестировании необходимо подать заявку через личный кабинет на сайте app.testcenter.kz. Возможность подачи заявки будет подключена сегодня вечером.

📌После регистрации на сайте и оплаты стоимости тестирования в личном кабинете на сайте app.testcenter.kz будет доступна полная информация по тестированию (дата, время и адрес тестирования).


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
​​⚡️ Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауы өтті

🔷 Елімізде желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында V республикалық «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауы өз мәресіне жетті. Оған әр өңірлердегі Абай мектептерінен 30-ға жуық білім алушы қатысып, ойдың ұшқырлығы, тілдің шешендігі бойынша өзара бәсекеге түсті. Биыл республикалық байқаудың қорытындылануы Ақмола облысында өтті.

⚜️ Қатысушылар байқау тақырыбын жеребе тартып таңдады және жұптасып сайысты. Байқау тақырыптары «Ұлттық құндылық», «Алашшыл жас», «Іскерлік – ісмерлік», «Абайдың тәлім мектебі» және т.б жеті бөлімге негізделген тапсырмаларға бөлінген.

🗣 «Осы іс-шараның мақсаты - оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын көрсете отырып, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын, мәдениетін қалыптастыру, сөз өнеріміздің тарихи-мәдени және этномәдени болмысын таныту, шешендік өнерді жаңаша үлгіде жандандырып дамыту», - дейді Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға мектеп-интернатының оқытушысы Жарқын Сәленұлы.

🏆 Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматы қ. РММИ оқушылары Амина Смағұлқызы мен Айсымбат Тақылбек жеңіп алды.

• 1 орынды Ұлытау облысынан келген Інжу Тілеулі мен Рауан Жақсылық және Батыс Қазақстаннан келген Айым Хамидуллина мен Аяна Мәлік иеленді.

• Алматы облысының намысын қорғаған Ақерке Нұржанқызы мен Нұрсұлтан Орынбасар және Астана қаласынан Аяжан Азаматқызы мен Ғабит Рустемов 2 орынға ие болды.

• Қарағанды облысының оқушылары Жібек Қалияқпар мен Аяла Әлқазы, ақмолалық Ажар Жанұзақ пен Фариза Шаменова 3 орынды бөлісті.

👩🏻‍🏫 Сонымен қатар, өнер байқауы аясында желілік «Абай мектептері» педагогтеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті, шешендік өнерді дамытудағы өзекті мәселелер мен жетістіктер» тақырыбында республикалық семинар өтті.




Репост из: TESTCENTERKZ
​​🙋🏻‍♀️Құрметті магистратураға түсушілер!

💻Сіздерге 2024 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында www.app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
⏳Кешенді тестілеудің өзі қараша айында өтеді.

📍Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.

‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

🔻ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️Шет тілі – кемінде 25 балл;
✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

🔻БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

💰КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

📣📣📣📣📣📣📣

🙋🏻‍♀️Уважаемые поступающие в магистратуру!

💻Рады сообщить, что с 28 октября по 10 ноября 2024 года на сайте www.app.testcenter.kz будет проводиться ПРИЕМ ЗАЯВЛЕНИЙ для участия В КОМПЛЕКСНОМ ТЕСТИРОВАНИИ для поступления в магистратуру.
⏳ Само комплексное тестирование пройдет в ноябре.

📍При регистрации МЕСТО (город) тестирования Вы выбираете САМИ!

‼️Информация о МЕСТЕ и ВРЕМЕНИ проведения тестирования будет доступна 13 ноября в Личном кабинете поступающего.

🔻НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ МАГИСТРАТУРА
✅Пороговый балл – 75 баллов (государственный грант и для поступления на платной основе). В том числе,
✔️Иностранный язык – не менее 25 баллов;
✔️ТГО – не менее 7 баллов;
✔️по профилю ГОП – не менее 7 баллов (по каждому предмету).

🔻ПРОФИЛЬНАЯ МАГИСТРАТУРА
✅Пороговый балл – 30 баллов (государственный грант и для поступления на платной основе). В том числе,
✔️по профилю ГОП – не менее 7 баллов (по каждому предмету).

💰Стоимость участия в КТ составляет 14 693 тенге.
✊Желаем всем удачи!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Барлық мектепте Тәуелсіздік күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтуі тиіс. Жаңа жылдық мерекенің көлеңкесінде қалып қоймауы керек




Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👩🏻‍🏫 «Үздік педагог» республикалық байқауының 64 жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді

🏆🏆🏆

👩🏻‍🏫 64 победителя Республиканского конкурса «Лучший педагог» получили по 1000 МРП


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
🇰🇿 Оқу-ағарту министрі Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталған педагогтерді құттықтады

Құрметті әріптестер!

Республика күні қарсаңында өздеріңізбен оқу-ағарту жүйесіндегі бұрын-соңды болмаған тарихи жаңалық, аса қуанышты, сүйінші хабармен бөлісуді жөн санадым. Бүгін біздің екі бірдей әріптесімізге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Бұл біздің Президентіміздің еліміздегі ұстаздар еңбегіне берген жоғары бағасы, көрсеткен аса үлкен құрметі мен сенімі. Мағжан Жұмабаевша айтқанда мемлекетіміздің мұғалімді алты алаштың төріне шығарған күн!

Бұл құрмет – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде еліміздің игілігіне және адами капиталдың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарымыздың адал еңбегінің мемлекет тарапанынан лайықты бағаланғанын, әрі ел педагогтері мәртебесін көтерудегі жаңа биік белесті көрсетеді.

Олай дейтінім, 2023 жылдың күзінде ғана Абай облысының қарапайым ұстазы Алма Шүкіжанова осы атақты иеленген болатын. Мұндай атақты 50 жылда (Р.Нұртазина – 1968 ж., М.Тасова – 1978 ж., А.Миразова – 2008 ж., А.Соловьева – 2018 ж.) төрт қана мұғалім иеленсе, бас-аяғы бір жылдың ішінде 3 мұғалім тағы марапатталып отыр.

Олардың бірі Алматы қаласында математика пәнінен 40 жылдан аса дәріс беріп жүрген №4 арнайы мектеп-интернат мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы. Оның сабақ берудегі әдіс-тәсілін, көру қабілеті бұзылған балаларға бейімдеп жазған оқулықтарын, шәкірттерінің 100 пайыз білім көрсеткішіне қол жеткізіп жүргендігін айтпағанда, бар педагогикалық ғұмырын арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнауға бел шешкендігі де шәкірт жүрегіне жол тапқан нағыз шынайы ұстаз екенін байқатады.

Ал филологиялық білім берудегі жетістіктері мен жас мұғалімдерді ұстаздыққа баулыған тәлімгерлігі көпке үлгі-өнеге боларлық Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызы еліміздің батыс өңіріндегі алғашқы жұлдызды ұстаз.

Жуырда ғана Ақорда төрінде Ұстаздар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз қолымен 23 педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын тапсырғаны естеріңізде болар.

Олар – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде бар ынта-жігерін, жан-тәнін аямай, уақытпен санаспай, Ыбырайша айтқанда өз мектебінің «жүрегіне» айналғандар. Бұл мұғалімдер атақты педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген ұстанымын өз қызметінде берік ұстанған жандар. Қызметіне адал, еңбекқор ұстаздар елімізде мыңдап саналатынына сенімдімін.

Біз сіздермен мақтанамыз, құрметті ұстаздар! Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, жаңа жетістіктерге жетелеген, оқу процесінде бастамашылдық пен жаңашылдық, кәсібилік танытқан әрбір мұғалімнің еңбегін мемлекет бағалайды және оған үнемі қолдау танытуға әзір. Еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!

Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, қызметте шығармашылық табыс пен жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін!


🔗 https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=2779435968907665&id=100005238673374&rdid=5YlA9jVbmHoVbDH3




Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📲 Абай облысының оқушысы қалалық инфрақұрылым мен туризмді жақсарту үшін AR-веб қосымшасын әзірледі

🔗 🔗 🔗

📲 Ученик из области Абай разработал AR-веб приложение для улучшения городской инфраструктуры и туризма


https://www.kinopark.kz/ru/movies/details/6700ed120b28020206edf5b0?type=today
Канагат Мустафин:
Дорогие друзья, в настоящее время в кинотеатрах идет прокат моего фильма "Кажымукан". К сожалению, реклама этого фильма была сделана в большой спешке, но на это было очень много разных причин. И самое главное, что на рекламу у меня не было средств и все деньги пошли на завершение фильма. Для этого, мне даже пришлось заложить свою квартиру.
Мы все знаем, что в кинотеатрах время демонстрации каждого фильма ограничено, всего 2-3 недели.
И вот прошла уже первая неделя, а фильм посмотрело всего 10 тысяч казахов.
А мне так хотелось, чтобы этот фильм посмотрели все казахи!
Обращаюсь с просьбой, если есть состоятельные друзья, одноклассники или друзья – преподаватели – сводите учеников, студентов на просмотр фильма!
Как говорится, тяжелый груз поднятый общими усилиями будет легче.
Но какой бы трудной не была жизнь Кажымукана, для меня лично ,этот проект был также невероятно трудным, во всех отношениях.
За 12 лет работы над фильмом, скольких мошенников и популистов я повстречал.
И только в последние годы, мне встретились порядочные, с казахской душой люди, с помощью которых этот проект по созданию фильма наконец был завершен!
В кино, которое идет в кинотеатрах в эти дни! Друзья, пожалуйста поддержите и сделайте репост, мобилизуйте молодежь для просмотра этого фильма! Думаю, что Дух нашего предка будет очень этим доволен! Каждый казах, и особенно молодежь, должны знать, что в жизни был такой человек-легенда КАЖЫМУКАН!
Репост и идите завтра все в кино ! Благодарю заранее! Спасибо!



Показано 20 последних публикаций.