ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
​​ℹ️ Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау басталды

💬 Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

📲 Абитуриенттер колледжде оқуға екі тәсілмен өтінім бере алады: 25 маусымнан бастап қағаз түрінде және 1 шілдеден бастап egov.kz порталы арқылы электронды нысанда.

📆 9 сынып бітірушілер үшін құжат қабылдау мерзімі 25 маусымнан 18 тамызға дейін, ал 11 сынып бітірушілер үшін 25 маусымнан 20 тамызға дейін жалғасады:
- шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін,
- педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 15 тамызға дейін.

📎 Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалаврға түсушілер үшін оқуға қабылдау аттестаттың орташа балы негізінде жүргізіледі. Бағалап бөлу міндетті және бейіндік пәндердің орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

🗣️ Жұмысшы мамандығына түсетін түлектер әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

📝 Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға түсетін түлектер арнайы және шығармашылық емтихандар тапсырады немесе әңгімелесуден өтеді. Оны қабылдау комиссиялары жүргізеді. Оқуға түсушілер үшін конкурстар 19-25 тамыз, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде-2 тамыз аралығында өтеді.

📌 Айта кету керек, талапкерлер құжаттарды бірден 4 колледжге 4 мамандық бойынша тапсыра алады. Биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша барлығы 145 мың абитуриентті оқуға қабылдау жоспарлануда, бұл өткен жылдан 10 мың орынға артық.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы


Репост из: TESTCENTERKZ
📆Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.

🗂Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

❓ҰБТ-дан кейін грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?

Сақтап алыңыздар👇
🎓жеке куәлік;
🎓ҰБТ сертификаты;
🎓3х4 көлеміндегі фото;
🎓орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
🎓жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
✈️B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

ℹ️Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады.

📣📣📣📣📣📣


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Келісесіз бе?! Өз пікіріңізбен бөлісіп кетіңіз


Приказ 151 каз.pdf
827.7Кб
Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің кейбір мәселелері туралы




Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
▶️ Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
бойынша ата-аналарға арналған кеңестер

 
🏖️ Жазғы демалыс – бұл баланың өміріндегі маңызды кезең, өйткені ол оның физикалық және эмоционалды дамуына ықпал етуі керек. Оны дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеру маңызды. Назарларыңызға балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға арналған кеңестер ұсынамыз.


В соответствии с приказом Министра просвещения РК от 19 июня 2024 г. №151 определены сроки проведения оценки знаний педагогов (ОЗП): 1) Для аттестации педагогов, не прошедших ОЗП на бесплатной основе в *с 10 июля по 13 августа 2024 г.*, в первый раз на бесплатной основе, во второй раз – платной основе в сумме 5640 тг.; 2) для лиц без стажа, имеющие педагогическое или иное профессиональное образование по соответствующему профилю или имеющие документ о пед.переподготовке, а также желающие возобновить пед.деятельность *с 10 июля по 13 августа 2024 года* в первый раз на бесплатной основе, *21-29 августа 2024 г.* во второй раз – на платной основе в сумме 5640 тг.


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📆 Күн саны

396 093
бала биыл мектепке дейінгі ұйымдарынан мектепке аттанады


📎 Қазақстанда 1 млн-нан астам баланы қамтитын 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Биыл мектепке дейінгі дайындықты 396 093 бала аяқтайды.

📌 Балалардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың басынан 10,3 мың орынға арналған 149 мектепке дейінгі ұйым ашылды, жыл соңына дейін 77,4 мың жаңа орын іске қосылады.


Репост из: TESTCENTERKZ
📣Құрметті магистратураға түсушілер!

💻Сіздерді кешенді тестілеудің форматымен таныстырып өтейік.

👆Сіздерге арналған өткен жазбада айтып кеткендей, магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

🎓ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА

🏢Оқу мерзімі: 2 жыл;
🔻Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150;
🔻Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

✅Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
✔️1 бөлім. Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;
✔️2 бөлім. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;
✔️3 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.
📌Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 75.

🎓БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА

🏢Оқу мерзімі: 1-1,5 жыл;
🔻Тест тапсырмаларының саны – 50, жалпы балл – 70;
🔻Тестілеу уақыты – 100 минут (1 сағ. 40 мин).

✅Кешенді тестілеу 1 бөлімнен тұрады:
✔️1 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.
📌Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 30.

💡МАҢЫЗДЫ: Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.
👏Толық ақпарат www.testcenter.kz сайтының МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ бөлімінде. Сәттілік!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram










Құрметті респондент,

"University Medical Center" Корпоративтік Қоры Қазақстан азаматтарының орган донорлығына қатынасы туралы зерттеу жүргізеді. Сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз, ол 15-20 минутты алады. Барлық ақпарат құпия болып қалады. Сіздің үлесіңіз біздің елдегі орган донорлығын түсінуді жақсартуға көмектеседі.

Корпоративный Фонд «University Medical Center» проводит исследование об отношении граждан Казахстана к донорству органов. Просим вас заполнить анкету, что займет 15-20 минут. Вся информация останется конфиденциальной. Ваш вклад поможет улучшить понимание донорства органов в нашей стране.

Қатысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз / Пройдите по ссылке, чтобы принять участие: https://forms.gle/DFpfrS87QpardNzp7

Рақмет!
Құрметті Әріптестер, жоғарыдағы сілтемеге өтіп, өз жауаптарыңызды берулеріңізді сұраймын!


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
🔰 Мемлекет балаларды қорғауға, олардың қауіпсіз және салауатты балалық шағын қамтамасыз етуге басымдық беріп келеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қабылдануда.






Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


📓 Алтынсарин академиясының «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы тоқсан сайын шығады, журнал жарияланымдары отандық дәйексөздер қорында және Index Copernicus базасында индекстеледі. Журнал мақсаты қазіргі отандық және шетелдік ғылым жетістіктерімен алмасу, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің теориялық және практикалық нәтижелерімен құзыретті мамандар мен жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Басылымның негізгі тақырыптық бағыты – орта білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін жариялау.

🏆 Сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қаралым статистикасы бойынша үздік 5 мақаланы ұсынамыз:

1) ТАРИХ САБАҒЫНДА «LESSON STUDY» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ (авторлары: Асылхан Рахым, Бауыржан Абдрахманов)
2) ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ (авторы: Асқарбек Құсайынов)
3) БІЛІМ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА СЫНИ КӨЗҚАРАС (авторлары: Әлия Исаханова, Айгүл Садвақасова)
4) ЭФФЕКТИВНОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ УРОКА КАК ОСНОВА КАЧЕСТВЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ: ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ И РЕКОМЕНДАЦИИ (авторлары: Айзат Арыстанбек, Сая Жагпарова)
5) БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ (авторы: Анар Тәңірбергенова)

🔎 Аталған мақалалармен және мақалаға қойылатын талаптармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bilim-uba.kz/index.php/science

Показано 20 последних публикаций.