❗️
Қаңтар айының қорытындысы: Банк секторында активтер қысқарып, депозиттер де азайған2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша банк секторының активтері, сондай-ақ кредиттер мен депозиттер қоржындарының саны күрт қысқарды. Несие динамикасы да теріс мәнге ие, сарапшылардың пікірінше, бұл корпоративтік несиелеу көлемінің төмендеуіне байланысты, ал бөлшек сауда секторының өсімі 2024 жылға қарағанда төмен қарқында дамыған. Бұл туралы Halyk Finance-тің банк секторына жасаған шолуында айтылады, деп хабарлайды Dalafinance.Банк секторы активтерінің төмендеуі. 2025 жылғы қаңтарда коммерциялық банктердің активтері 1,5%-ға, яғни 60 610 млрд теңгеге дейін азайды, ал желтоқсанда, керісінше 4% өсім болған. Сонымен қатар активтер құрамында банктердің бағалы қағаздар портфелінің 3,4%-ға, яғни 12 061 млрд теңгеге дейін және өтімді активтер 3,3%-ға, демек 21 636 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл ретте банк секторының барлық активтерінің құрылымындағы өтімді активтердің де үлесі азайып, 35,7% -ды (желтоқсанда - 36,3%) құрады.
Несиелік портфельдердің қысқаруы. 2025 жылғы қаңтарда банктер берген кредиттердің жиынтық портфелі 0,7%-ға, яғни (желтоқсанда +2,5% болған) 35 699 млрд теңгеге дейін қысқарды. Кредиттер портфелінің аруына заңды тұлғаларға берілетін кредиттер көлемінің 2,5% (желтоқсанда+3,6% болған) төмендеуіне байланысты болды, ал жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 0,6%-ға (желтоқсанда +1,7% болған) шамалы өсті. Шетел валютасында берілген несие көлемінің едәуір төмендеуі байқалды — 4,1% (желтоқсанда: +2,6%) төмендеді, ал ұлттық валютадағы кредиттер 0,3%-ға ((желтоқсанда: +2,5%) төмендеді.
Жұмыс істемейтін несиелердің үлесі өсті. Жұмыс істемейтін несиелердің үлесі (npl90+) қаңтарда 3,2%-ға дейін (желтоқсанда - 3,1%), өтем мерзімі 30 күннен аса кешіктірілген несиелердің үлесі де 4,2% - ға дейін өсті (желтоқсанда - 3,9%). Мерзімі 30 күннен аса кешіктірілген кредиттер портфелі 5,8%-ға, яғни 1 488 млрд теңге дейін, ал NPL90+ портфелі 4,4%-ға, яғни 1 143 млрд теңгеге дейін өсті.
Банктердің бірінші эшелонындағы жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары үлесі Еуразиялық банкке (7,2%), Jusan Bank (6,7%), Bereke Bank (6,5%), Kaspi Bank (4,9%) және ForteBank-ке (3,2%) тиесілі. Аталған бес банктің жұмыс істемейтін кредиттерінің жиынтық сомасы сектордың барлық жұмыс істемейтін кредиттерінің 56,9%-ын немесе 650,5 млрд теңгені (желтоқсанда 57,1%) құрады. Бұл ретте екінші эшелонда өтеу мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген кредиттердің жоғары үлесі ВТБ Банкі (11,6%), Нұрбанк (8,3%), Home Credit Bank (6,3%) және Заман-Банк (4,4%) тарапынан байқалады. Номиналды мәнде бұл банктердің NPL90+ көлемі сектордың барлық жұмыс істемейтін кредиттерінің 7,0% немесе 80,4 млрд теңгені (желтоқсанда 7,3%) құрады.
Депозиттік портфельдер санының азаюы. Қаңтар айында банктердің депозиттерінің жалпы портфелі 2,1% -ға (желтоқсанда: +6,8%) , яғни 40 403 млрд теңгеге дейін төмендеді. Мұндай төмендеу корпоративтік секторда 2,3% - 18 259 млрд теңгеге дейін (желтоқсанда: +8,3%) және бөлшек сегментте 2,0% (желтоқсанда: +6,1%) - 22 144 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Банк секторы табысының өсімі2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Фридом Банкінен басқа барлық дерлік коммерциялық банктер 229 млрд теңге деңгейінде қалыптасқан табысты тіркеді, бұл - желтоқсан айындағы көрсеткіштен 4,6%-ға артық көлем. Банк секторының қаңтар айындағы таза пайыздық кірісі 338 млрд теңгені (жылына +27,1%), ал таза комиссиялық кірісі — 53 млрд теңгені (жылына: -5,3%) құрады. Есептілік кезеңде резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер жылына 17,7%-ға өсіп, 130 млрд теңгені қамтыды.
Банктердің меншікті капиталының ұлғаюы. 2025 жылғы қаңтарда банктердің жиынтық капиталы 2%-ға ұлғайып, 9 069 млрд теңгені құрады. Бірінші эшелондағы банктер арасында ForteBank пен Қазақстан Фридом Банкінен басқасында капитал өсімі байқалды: 0,4%-дан 4,5%-ға дейін, ал өсім көлемі 1 трлн 7 млрд-тан 75 млрд аралығын қамтиды. Екінші эшелонға жататын барлық банктерде капитал өсімі байқалды.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance