Кейде бір ашыла сөйлескім келетін адам іздеймін. Іштегінің бәрін ақтарып, түк қалмайтындай етіп. Өзіме-өзім айтудан әбден мезі болғанда, арты ішкі тоқырау мен күйзеліске алып келеді. Басқаны тыңдап, сыры мен жырына мұңдас болып қашанғы жүрем? Мен де басқаның дәл мендей тыңдап, дәл мендей мұңым мен сырыма үнсіз құлақ асқанын қалаймын, кейде… Шағымым емес, тек сондай болады екен өзі.
Мен көбіне адамды тыңдаймын. Ішіне жинаған сезімдерін тарқатып болғанша, жақ ашпаймын. Мұндай кездесу соңы менің үнсіз кетуіммен аяқталады. Ақыл да, кеңес те, пікір де айтпаймын. Сол адам шығарған сезімдерді арқалап, өзіммен өзім қаламын. Осыдан соң менің айтар үнім жазу арқылы шығады. Жазып жіберем я болмаса, осында шығарамын. Бұл өмірлік әдетке айналғалы қашаан… Болмысқа біткен дағды болар, өзгеруге тырыспадым.
@dinaraboranbay1