Динара Боранбай


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын.
Пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


We choose the love 🤍


«Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл»


жетпес хат

бар болғаныңда әлі ешкімге айтып үлгермеген ең жақсы сөздерім мен өзің сыйлаған шабыттан туған дүниемнің егесі бір өзің ғана болар едің. тек өзіме тиесілінің бәрін өзіңе меншіктеп берер ме едім. жүрегімнен де, тілегімнен де сенің амандығың сұралар еді. тек мереке күндерде ғана емес әр сәтті мереке етуге тырысар едім. саған ғана бөліп беруге даяр махаббатымды өзіңмен алып кеткенің жарамады. ендігі бүгін екеуміз үшін жыр жазар ем, қайта тумас сезімдерім мен жазбаларымды жаңбырша төгер ме едім, әттең, сен әлі жоқсың.

табылады ғой, тек уақыт өтіп кетпесе екен деймін

@dinaraboranbay1


ал ғашықтардың күні құтты болсын🤍

жолықпаған өзіме және басқаларға таза, пәк, мөлдір махаббат тілеймін:)


бақыттың кілті бола ма?


Бәрі ұмытылар, жүрегіңе оқ боп тиген сөздер ше?

@dinaraboranbay1


Біртүрлі күй… Сағыныш емес, қуаныш емес – жай ғана белгісіз бір сезім. Жан дүниеңде жұмбақ бір толқын жүргендей… Тыныш та, аласұрған да сезім емес – бірақ жаның жай таппай тұратын күй.

@dinaraboranbay1


Сүйінші жаңалық🥹

«Миледи жазған…» «Tarmaqtar: қазақ әдебиетінің эстетикасы» жобасының кезекті бөлімінен, 100 ақын қыздың ішінен өз атымды көру – ерекше сезім сыйлады.

Қаламымнан шыққан әрбір туынды – жанымның айнасы. Ал осы айнаға өзім ғана емес, басқалар да үңіле бастағанын сезіну – бақыт!

Алла қаласа, өз кітабымды сүйіншілеу бақыты бұйырсын🥰


Өмірде әр нәрсенің сұрауы бар. Қай кезде де көшірме түпнұсқаның көлеңкесінде өмір сүреді. Ондай дүние ешқашан өмірлік болмайды. Бұл жазылғанды да әр адам өз деңгейінде түсініп алар)

@dinaraboranbay1


Жақында өзім күтпеген, сіздерді асыға күттіретін дүниеммен бөлісемін🥰


мен бір күні жарыламын

уақытында айтпаған, шықпаған сөзден. шығара алмаған сезімнен. талқыланбаған тақырыптан. талданбай, талқыға түспеген әңгімеден. өзіме айтпаған ақылдан. бұғауда қалған ойлардан. батылым бармаған әрекеттен. қорқақтығымнан. «жоқ» деп айта алмағанымнан. тіпті өзімде барды бағаламағанымнан. уақыт керек деп төзе бергенім, шарасыздығым соңында жарылуға әкелері сөзсіз. сол үшін де күресіп келемін…

@dinaraboranbay1

2k 0 42 3 68

Есейген жүрегіме балалығымды сыйдыра алмадым💔

@dinaraboranbay1


Дөңгеленген дүниені шыр айналдырсаң да бұйырмаған дүниеге жетпейсің

@dinaraboranbay1


«Жүрегіңнен бір күні бүршік атам»


✨Алғашқы кішігірім саяхатым басталды.

«Я раббым, әлемді еркін аралап, өзіңнің шексіз нығметтеріңді тамашалап, өзіңе шүкіршілігімді айтып жүргім келеді. Сондай тағдырды маған сый етші»


❤️Өмірлік серік + ой серік = олжа.

Екі жартыны бүтін ететін – сана, құндылық, сезім. Қазір көптің іздегені жерде емес, аспанда. Талап таудай, іріктеу «шөптің арасынан ине іздегендей». Айтқым келетіні біз жерде өмір сүреміз. Құндылықтарың сай келетін адам ізде. Уақытша сезімнің жетегіне еріп, таңдаудан жаңылысуға асықпа!

p.s. ой серік – ой, пікір алмасатын адам.

Динара Боранбай


Кейде, әлде өмірбақи. Түкке тұрмайтын адам үшін түкке тұрғысыз сезімдерді жүрегімізге жиып, өмір сүреміз. Сол ауырлықтың салмағын қанша уақыт көтеріп жүретінің өзіңе ғана мәлім. Қызық, иә? Асылында, жүрекке риясыз сыйланған сезім ғана тиесілі ғой…

Динара Боранбай


Сен күтпегенде келеді

@dinaraboranbay1


Айқайлап айтатын емес, үнсіз сөйлейтін сезім мен жазатын сөзім көп.

@dinaraboranbay1


Өзім шектемей, өшірмей, өлтірмей, аялап ұстап келе жатқан жазу қабілетімді мен болашақ көрмейтін адам шектемек болған. Ондай адамға өмірім түгілі, болашағымнан орын жоқ.

Меніңше, сүйген адам сүйіктісінің арманын орындауына үлес қосуы – оның өмірлік арманы. Менің арманым да ол адамның армандарын орындауға күш салу, бұйыртса! Жүрегім сол бір саналы жүрекпен тезірек тоғысуды қалайды.

Сұрақ: өміріңде сенің қалауыңды, арманыңды шектеген, шектемек болған адам болды ма?

@dinaraboranbay1

Показано 20 последних публикаций.