FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы📖📖📖
🌺
Құранды үздіксіз жаттау тәсілдері📖
🌺
Құран жаттаған ізгілердің өмірінен үзінді 📖
🌺
Шабыттандыратын видеороликтер📖
🌺
Құнды ақпараттар📖
🌺
Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар
🌺

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Ұстазға дұға етіп, рухына Фатиха оқып, бағыштап қояйық🤲🏻


Құрметті менің шариғат оқып, Құран жаттап не толық жаттап болған бауырым! Алла сізге ең үлкен байлық, қазына бергенін ұмытпаңыз. Сіздегі бар шариғат ілімі мен Құранға мына дүниеде ешнәрсе тең келмейді. Ешқашан өзгеге берілген байлығына не басқа да нәрсесіне қызығып, “одан да мен бай болғанымда ғой” деп, Алла Тағала дәрежесін көтеріп қойған ілімнің дәрежесін түсірмеңіз.

Уаллаһи! Құранды жаттаған адамнан бай адам жоқ. Ол Алланың сөзі ғой. Сондықтан қиналғанда не басқа да жағдайда ешқашан өзгеге берілген нығметті шариғат ілімі мен Құраннан жоғары қоюшы болмаңыз.

Мен деген ең байдың не бастықтың не басқа да мансабы бар адамның үйінде не басқа бір кездесуде болсаңыз, басыңызды тік ұстап, ол адамнан өзіңізді төмен сезінуші болмаңыз.

Олжас Ханафин ұстаз رحمه الله


وَهَٰذَا ذِكْرٌ مُّبَارَكٌ أَنزَلْنَٰهُ ۚ أَفَأَنتُمْ لَهُۥ مُنكِرُونَ

Міне, осынау Құран да Біз түсірген құтты да, мүбәрак кітап. Солай бола тұра сендер оны мойындамайсыңдар ма?!

«Әнбия» сүресі, 50-аят


Таңғы және кешкі дұға
بِسْمِ اللَّهِ الَّذِي لَا يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الأَرْضِ وَ لَا فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ العَلِيمُ

БисмиЛләһил-ләзии ләә ядурру мә'әсмиһи шәй-ун филь-арды уә ләә фис-сәмәәә', уә хууәс-сәмии'ул-'әлиим.

Алланың есімімен, Оның есімімен жер бетінде де, аспанда да ештеңе зиян тигізбейді, Ол – Естуші, Білуші.

Әбу Дәуіт 5088, Тирмизи 3388


«Алланың атымен ант етемін! Қандай да бір пенде таңертең Құран оқып, оған иман келтіретін болса, қайғы-мұңы артып, қуанышы азайып, жылауы көбейіп, күлкісі азайып, іс - амалы артып, рахаты мен жалқаулығы азаяды».

Хасан әл-Басри


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Проблема – топырақ пен маңдайыңның арасында...

Жомарт Кершеев ұстаз


هَـٰذَا بَصَـٰٓئِرُ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَرَحۡمَةٌ لِّقَوۡمٍ يُوقِنُونَ
әл-Жәсия, 20-аят.

Міне, бұл (Құран) адамдардың көкірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және (өзіне) қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады.


Дұға еткенде Аллаһым Құранды жаттаушылардан ете гөр деп емес, Құран иелерінен ете гөр деп сұрау керек. Өйткені Құран иелері оны жаттап қана қоймай, оның тыйымдарынан тыйылады, әмірлеріне бойұсынды. Халал дегенін халал,харам дегенін харам дейді.

Шейх Абдуссәләм Шаннар حفظه الله


فَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ قَبۡلَ طُلُوعِ ٱلشَّمۡسِ وَقَبۡلَ غُرُوبِهَاۖ وَمِنۡ ءَانَآىِٕ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡ وَأَطۡرَافَ ٱلنَّهَارِ لَعَلَّكَ تَرۡضَىٰ

(Уа, Мұхаммед!) Ендеше, олардың айтқанына барынша сабыр ет! Күн шықпай әрі ұясына батпай тұрып Раббыңның кемел әрі мінсіз екенін айтып, жар сал, Оған мақтау айт(ып намаз оқы)! Сондай-ақ түннің кей уақыттарында және күндіздің алғашқы әрі соңғы жартысында Раббыңның кемшілік атаулыдан пәк әрі мінсіз екенін жар сал(ып, құлшылық ет)! Сонда (Алланың өзіңді разы ететін нығметтеріне бөленіп) көңілің хош болып, жаның жай табады.

Та һа, 130-аят.


«Қаншама күмәнді тамақ – түнгі намаздан тыйып тастады.

Қаншама тыйым салынғанға қарау – құран оқудан тыйып тастады».

Әбу Сулеймән әд-Дәрәни رحمه الله
📜 Хильятул әулиә
АбдуСамат Ханафин ұстаз арнасынан


Құран Кәрім мүбәрәк кітап. Кім онымен айналысса бүкіл ісіне, өміріне береке кіреді....


Бүгінгі дұға 🤍

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا
«Аллаһым, Өзіңнен пайдалы ілім сұраймын»


Ізгілердің бірі былай деген екен: «Көздеріңе құлшылықтың өз үлесін беріңдер!»

Сонда одан: «Көздің құлшылықтағы үлесі не?» – деп сұрағанда, ол: «Құранға қарау, оның мағынасын ойлану және оның ғажайыптарынан ғибрат алу», – деп жауап берген екен.

Нұрбол Рахматилла


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Құранмен өмір сүру және оны терең түсініп оқып-үйрену – екі дүниенің де шынайы рақаты. Мұны тек сол рақатты сезінгендер ғана түсіне алады! Біздің уақытымыз шектеулі, күндеріміз бізді белгіленген күнге қарай асықтыруда. Сондықтан Құранды өзіңе серік, жұбаныш және осы жолдың басшысы ет! Өмірдегі ең құнды нәрсе – Құранмен бірге болу. Өміріңнің қадірін біл.

“Халал сиқыр” Шейх Юсуф Хаттар
Аударған: Нұрбол Рахматилла


​​Құранды берік ұстануға үндейтін аяттар...

«Әлиф. Ләм. Мим. Осынау Кітап (Құран), онда ешбір шүбә жоқ, тақуалар үшін жолбасшы» («Бақара» сүресі, 1-2 аяттар).

«Һәм Алланың жібінен (дінінен) бекем ұстаныңдар да, бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 103-аят).

«Ал осы (Құран) — Біз түсірген мүбәрак Кітап, енді осыған ілесіңдер де, (Алланың қаһарынан) сақтаныңдар, бәлкім, рақымға бөленерсіңдер!» («Әнғам» сүресі, 155-аят)

«Уа, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан бір үгіт, кеуделердегі (рухани кеселдер) үшін шипа және мүміндер үшін тура жолбасшы һәм мейірім (Құран) келді» («Юнус» сүресі, 57-аят).

«Һәм Біз саған Кітапты (Құранды) әрбір нәрсенің баяны етіп әрі мұсылмандарға жолбасшы, рақым һәм сүйінші етіп түсірдік» («Нахыл» сүресі, 89-аят).

«Шын мәнінде, осы Құран (адамдарды) ең тура жолға бастайды һәм ізгі іс істейтін мүміндерге (мынадай) сүйінші хабар жеткізеді: оларға (мүміндерге) үлкен сый болатындығын» («Исра» сүресі, 9-аят).

«Және Құраннан мүміндер үшін шипа әрі рақым болатынды түсіреміз. Ал залымдар (кәпірлер) үшін ол (Құран) тек шығындарын арттырады» («Исра» сүресі, 82-аят).

«Бұл — мүбәрак Кітап (Құран), оны саған (уа, Мұхаммед) аяттарын (адамдар) зерделеуі үшін һәм ақыл иелері үгіт алулары үшін түсірдік» («Сад» сүресі, 29-аят).


Имам Шафиғи имам Мәликтің алдында отырып, одан білім алған кезде, имам Мәлик оның зеректігіне, ақылдылығы мен толық түсінігіне таңғалды. Сонда ол былай деді:

«Мен сенің жүрегіңе Алла нұр түсіргенін көріп тұрмын; оны күнәнің қараңғылығымен сөндіріп алма».

📚 «Жаттау қабілетін арттыру жолдары» ұстаз Ахмедов Ербол


Әрбір адам өзіне Құран Кәрімді екі рет оқып шығуды (хатым етуді) әдетке айналдырғаны жақсы. Бірінші оқығанда тез оқып шықса, екінші оқығанда аят мағынасына ой жүгіртіп, асықпай оқып шығады.

Ең жақсысы — күндіз тез оқып, түнде асықпастан, аяттардың мағынасына ой жүгіртіп оқу.

Шейх Али Һани (хафизаһулла)
Abylaikhan Suiindik


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: aspire to inspire
Бұл түні не істеуге болады?

1. Ораза ұстау
(Күнәләрымыздан тазару және Рамазан айына дайындалу)

2. Құран оқу
(Әлемдегі зұлымдыққа қарсы "Фәтһ және Ясин сүрелерін оқу)

3. Тәсбиһтарды тарту
(Лә иләһә иллаллаһ/ СубһанАллаһи уа биһамдиһ/ҺәсбунАллаһу уани мәлуакил/Лә һаулә уа лә қууатә иллә билләһ)

4. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уа сәлләм)ға салауат айту.

5. Садақа беру.
- Аллаһ разылығы үшін жасалған әрбір іс садақа.
- Садақа бәлені алыстатады және өмірді ұзартады.
- Дұғаларың қабыл болу үшін садақа бер.

Осы постты садақа ретінде жақындарыңа тарат

(с) Рабиға ұстаз


МИҒРАДЖ ТҮНІ ЖАСАЛАТЫН АМАЛДАР⬇️

Показано 20 последних публикаций.