FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


•Әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы
•Құранды жаттау тәсілдері
•Құран жаттаған ізгілердің өмірінен үзінділер
•Шабыттандыратын видеороликтер мен жазбалар
•Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


«Рамазанда кешірімге жетудің көптеген себептері бар. Сонда да бұл айда кешірімге ие бола алмаған жан – нағыз сорлының өзі

Латаиф әл-Ма'ариф


12.03 - 13.03 ТАПСЫРМА🤍

1. Үнемі дәретпен жүруге тырысу
2. Өзіңіз, жақындарыңыз, басқа адамдар үшін дұға ету
3. Кемі 1000 салауат айту
4. Кемі 2000 истиғфар айту
5. Кемі 15 рет таңғы және кешкі зікірлерді айту
6. Құран оқу, аяттарына ойлану
7. Садақа беру
8. Тахаджуд намазын оқу
9. Күн шыққанша қалауыңызша зікір, салауат айту немесе Құран оқу, дұха намазын оқу. Бастысы ұйықтамау
10. 1 сүннетті үйреніп, оған амал ету
11. Кемі 10 Шүкіршілік жазу
Мысалы: "Алла бүгін мені оятқанына шүкір етемін", деп, ойыңызға келген кішкентай-үлкен нығметтің барлығын жазуға болады.
12. Құраннан 1 сүре немесе 3-5 аят жаттау

БисмиЛляһ, бастасаңыздар болады🩷Аллаһ тауфиқ берсін!🤲🏻


Ассаляму алейкум уа рохматуЛлаһи уа барокятуһ, құрметті жамағат!✨🤍

Барлығыңызға сұрақ:
Сіз үшін Құран не?

(
Артық сұрақ, жарнама, спам т.б. жазбауларыңызды өтінеміз)


Ауызды немен ашқан дұрыс?

Ауызды құрмамен ашқан жақсы. Пайғамбар (ﷺ):
“Ораза ұстаған адам аузын құрмамен ашсын, егер құрма табылмаса сумен ашсын. Расында су тазартушы”,

— деген.

Болмаса жеміс-жидекпен ашқан жақсы. Тағы бір хадисте:
“Пайғамбар ﷺ аузын үш құрмамен немесе отқа піспеген нәрсемен ашқанды жақсы көретін”,


— деп айтқан.

“Рамазан оразасына қатысты пәтуалар” кітабынан. “Muftiyat” баспасы.


Құранда ең жиі кездесетін 100 етістік


Дұға тез қабыл болуына себеп болатын 3 жүрек:

1. Адамның жүрегі – ықылас.
2. Құранның жүрегі – Ясин сүресі.
3. Күннің жүрегі – сәресі уақыты.


Сәресідегі береке – Ұлы Жаратушының әмірін орындау мен Оның елшісінің ‎ﷺ сүннетіне ілесудің нышаны.

Сәресі — ораза ұстаушының тәніне күш-қуат сыйлап, рухына серпін береді.

Сәресі уақыты — түннің соңғы бөлігіне сәйкес келетін, Раббының рақым есіктері айқара ашылатын, дұғалар қабыл болатын ең құтты уақыт.

Имам ән-Науауи رحمه الله


Өзіме және сіздерге айтар насихатым:

Дұғаны көбейтіп, Құран оқуды арттырып, Алланы көп зікір етуді әдетке айналдырайық. Жүрегімізді сүйіспеншілікке, тазалыққа және кешірімділікке тәрбиелейік.

Осылайша, қасиетті айдың соңында бізге ең ұлы куәлік бұйырсын – «Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер»» деген куәлік!

Шейх Юсуф Хаттар حفظه الله


11.03 - 12.03 ТАПСЫРМА🤍

1. Үнемі дәретпен жүруге тырысу
2. Өзіңіз, жақындарыңыз, басқа адамдар үшін дұға ету
3. Кемі 1000 салауат айту
4. Кемі 2000 истиғфар айту
5. Кемі 15 рет таңғы және кешкі зікірлерді айту
6. Құран оқу, аяттарына ойлану
7. Садақа беру
8. Тахаджуд намазын оқу
9. Күн шыққанша қалауыңызша зікір, салауат айту немесе Құран оқу, дұха намазын оқу. Бастысы ұйықтамау
10. 1 сүннетті үйреніп, оған амал ету
11. Кемі 10 Шүкіршілік жазу
Мысалы: "Алла бүгін мені оятқанына шүкір етемін", деп, ойыңызға келген кішкентай-үлкен нығметтің барлығын жазуға болады.
12. Құран жайлы уағыз тыңдау(мысалы, Ерлан Ақатаев ұстаздың тәпсір сабақтары)

БисмиЛляһ, бастасаңыздар болады🩷Аллаһ тауфиқ берсін!🤲🏻


Кімде-кім Ибраһим сүресінің, 19-20-шы аяттарын бес уақыт парыз намазынан кейін үш рет оқыса, шайтанның салатын жаман ойларынан амандықта болады.

Имам Ән-Нәбһәни رحمه الله


اللَّهُمَّ اجْعَلْنِي مِنْ أَهْلِ القُرْآنِ الَّذِينَ هُمْ أَهْلُكَ وَخَاصَّتُكَ
"Я Аллаһ, мені Құранның иелерінің қатарынан ет, олар Сенің таңдаулыларың!"


Таң кірмей тұрып оянып, бір рет "Уа, Алла" деп айтқан сөздің өзі саған күні бойы нұр мен энергия береді.

Шейх Әдһам حفظه الله


Құранда келтірілген:
• Пәк қыз босанды
• Бедеу әйел бала туды
• Қарт әйел жүкті болды
• Нәресте сөйледі
• Азшылық көпшілікті жеңді
• Ай жарылды
• Теңіз жарылды

Сұрағыңа сенімді бол және күмәнданба, өйткені сенің сұрағың патшалардың Патшасының құдіреті алдында тұр. Аллаға ешнәрсе қиын емес.


10.03 - 11.03 ТАПСЫРМА🤍

1. Үнемі дәретпен жүруге тырысу
2. Өзіңіз, жақындарыңыз, басқа адамдар үшін дұға ету
3. Кемі 1000 салауат айту
4. Кемі 2000 истиғфар айту
5. Кемі 15 рет таңғы және кешкі зікірлерді айту
6. Құран оқу, аяттарына ойлану
7. Садақа беру
8. Тахаджуд намазын оқу
9. Күн шыққанша қалауыңызша зікір, салауат айту немесе Құран оқу, дұха намазын оқу. Бастысы ұйықтамау
10. 1 сүннетті үйреніп, оған амал ету
11. Кемі 10 Шүкіршілік жазу
Мысалы: "Алла бүгін мені оятқанына шүкір етемін", деп, ойыңызға келген кішкентай-үлкен нығметтің барлығын жазуға болады.
12. Құраннан 1 сүре немесе 3-5 аят жаттау

БисмиЛляһ, бастасаңыздар болады🩷Аллаһ тауфиқ берсін!🤲🏻


Репост из: KUΛYBΛ
Рамазан — бұл зуһд айы. Рамазанда:
✨барлығы ішке қарай кірген;
✨айналадан оқшауланған;
✨адамдар үйлерінің есігін бекіткен;
✨адамдардың барлығы и’тикафқа кірген;
✨Алламен жеке қарым-қатынасты тағы да тереңірек нығайту үшін жеке қалуға, Аллаға мінәжат жасауға ұмтылған.

Біздің замандағы Рамазан:
✨бізді майдандарға шығарады;
✨бізді көп жиналуларға шақырады;
✨көп әңгімелесуге, әртүрлі шараларды өткізуге, қоғамда әртүрлі нәрселерді жасауға, қысқаша айтқанда, жеке қалуға емес, қоғамға, түрлі шаралар мен ойын-жиындар өткізуге шақырады.

Аллаһ Тағала кешірсін, бірақ Пайғамбарымыздың ‎ﷺ көзімен қазіргі таңдағы біздің Рамазанға қарау қиындау. Өкінішке орай, біздің Рамазан тамақтардың, ойын-сауықтың, әртүрлі жиындардың үстіне құрылған. Пайғамбарымыздың ‎ﷺ заманында Рамазан оның үстіне құрылған жоқ. Ауыр тисе де айтайын, үш күнде бір қарны тойған Пайғамбардың ﷺ үмметіміз…

Өзіміздің Рамазанымызды сахабалардың және Пайғамбарымыздың ‎ﷺ оразасына жақындатқымыз келсе, онда оразаның мәнін, мағынасын түсіну керек. Ораза – аштықтың, ораза – Алламен жеке қалудың, ораза – жабылудың айы. Ораза – көшеге шығудың емес, түрлі жиындар мен жарыстар өткізудің емес, керісінше, ішке кірудің, жеке қалудың айы.

✔️Осыған қарай бет бұра алсақ, Алламен жекешеленуге ұмтыла алсақ, құлшылығымызды арттыра алсақ, құлшылығымыздағы ықылас пен хушу’ды жолға қоя алсақ — бұл Рамазанның жетістігі.

“Рамазанда көптеген шаралар өткіздік, көптеген ауызашарларға бардық, әркіммен кездестік, түрлі шаралар ұйымдастырдық, түрлі форматта ауызашар бердік — осы жылы Рамазанымыз керемет өтті”, – деп айта алмаймыз. Иә, дүниеде пайда бар шығар, бірақ тура осындай Рамазан жеке басыңызды ақыретте құтқара алады дегенге қиыншылықпен қараймыз…

Ұстаз Төлеген Талдыбаев




Кім 3 күн қатарынан Құран оқи алмаған болса (әрдеңені сылтауратып), онда ол не харамға қарады, не өтірік айтты не жаман, бос нәрселер сөйледі.

Яғни, адам күнәсінің себебінен Құран оқи алмай қалады.

Хазреті Осман (р.а) не деп еді?
«Жүректерің таза болғанда еді, Құран оқуға тоймас едіңдер»

Міне, жүрек тазалығыңды өлшеуге арналған таразы. Бұл өзі қызық нәрсе: Құран оқыған сайын жүрек тазара береді, әрине бұл жүректі тазартудың көп жолдан негізгі жолдарының бірі.


Неге түнде?

Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте:

«Пайғамбарымыз ﷺ
мен Жәбірейіл Құранды бірге оқуды (мудәраса) түнде істейтін еді».

Бұл Рамазан айында Құранды түнде көбірек оқып, қайталаудың абзал екендігін көрсетеді. Өйткені түн – алаңдататын нәрселер азайып, көңіл бір жерге шоғырланатын, жүрек пен тіл үйлесім тауып, ой жүгірту мен терең түсіну жеңілдейтін уақыт.


Аллаһ Тағала бұл туралы:

«Шын мәнінде, түнгі уақыт – ықыласпен берілу үшін қолайлы әрі сөздер анық» (Мүззәммил сүресі, 6-аят), – деп айтқан.

Ибн Раджаб رحمه الله


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Құран жаттау керек еді...


09.03 - 10.03 ТАПСЫРМА🤍

1. Үнемі дәретпен жүруге тырысу
2. Өзіңіз, жақындарыңыз, басқа адамдар үшін дұға ету
3. Кемі 1000 салауат айту
4. Кемі 2000 истиғфар айту
5. Кемі 15 рет таңғы және кешкі зікірлерді айту
6. Құран оқу, аяттарына ойлану
7. Садақа беру
8. Тахаджуд намазын оқу
9. Күн шыққанша қалауыңызша зікір, салауат айту немесе Құран оқу, дұха намазын оқу. Бастысы ұйықтамау
10. 1 сүннетті үйреніп, оған амал ету
11. Кемі 10 Шүкіршілік жазу
Мысалы: "Алла бүгін мені оятқанына шүкір етемін", деп, ойыңызға келген кішкентай-үлкен нығметтің барлығын жазуға болады.
12. Құраннан 1 сүре немесе 3-5 аят жаттау

БисмиЛляһ, бастасаңыздар болады🩷Аллаһ тауфиқ берсін!🤲🏻

Показано 20 последних публикаций.