Фильтр публикаций


♦️4️⃣8️⃣1️⃣-ХАДИС:

Жәбир (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ұзақ уақыт үйінде болмаған адам үй ішіне (ескертпестен) түн ортасында келіп, есік қағып үй ішін мазаламасын», – деді» – деген.

Басқа бір риуаятта: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сапарда жүрген адамды түннің бір уағында (күтпеген жерден) үйіне келіп, есік қағудан тыйды» – делінген.

(Бұхари, никах 130/умра 16; Муслим, имара 183).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣0️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сапар шегу де машақаттың бір түрі, өйткені ол қайсыбіріңді болмасын жайбарақат ішіп-жеуден және жатып ұйықтаудан қағады. Кімде-кім сапар шегіп, көздеген мақсатына жетсе, отбасымен қауышуға асықсын», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жиһад 136; Муслим, имара 179).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣9️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жол жүріп келе жатқанында кеш батып кетсе: «Уа, жер, менің де, сенің де Раббың бір Аллаһ. Сенің жамандығыңнан, қойныңдағылардың һәм қойныңда жаратылғанның кесірінен және үстіңде жер басып жүрген күллі жаратылыстың кесірінен (сақтай көр деп) бір Аллаһқа сиынамын. Сондай-ақ, арыстанның, адамның, жыланның, шаянның, осы жерді мекендейтін жындардың және Ібіліс пен содан туған шайтандардың кесірінен бір Аллаһқа» деп дұға жасайтын еді», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 75).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣8️⃣-ХАДИС:

Хаула бинт Хаким (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім бір жерге ат басын тірегенде: «Аллаһтың мінсіз сөздерімен (155) күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан Аллаһқа сиынамын» – деп дұға оқыса, сол жерден кеткенге дейін оған еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Муслим, зикр 54).

❗(155) - Құран Кәрім мен Аллаһ Тағаланың көркем есімдері

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣7️⃣-ХАДИС:

Әбу Муса әл-Әшғари (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай да бір қауымның кесірі тиіп кете ме деп қорыққанда: «Уа, Аллаһ Тағалам! Сені оларға қарсы қорған етіп, олардың жамандығынан бір Өзіңе сыйынамыз!» – деп жалбарынатын еді», – деген.

(Әбу Дәуіт, уитр 30).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үш түрлі дұға шүбәсіз қабыл болады: жәбір көргеннің дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына берген батасы», – деп айтты» – делінген.

(Әбу Дәуіт, уитр 29; Тирмизи, бирр 7/дағауат 47).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣5️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажылықтан я умрадан қайтып келе жатып белеске иек артып немесе жазыққа шыққан сайын үш рет «Аллаһу акбар» деп тәкбір айтып, артынша: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен бар мақтау Аллаһқа ғана тиесілі. Оның құдіреті барлық нәрсеге жетеді. Біз (сапардан) қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, маңдайымызды сәждеге қойып, мадақ айтып келеміз! Аллаһ Тағала уәдесін орындап, құлына жәрдем етті. Бір Өзі мұсылмандарға қарсы күш біріктірген тайпалардың (154) сазайын берді!» – деп айтатын еді», – деген.

(Бұхари, жиһад 158; Муслим, хаж 428).

❗(154) - Ахзаб соғысында мұсылмандарды түп-тамырымен жоқ қылу үшін Мәдинаны қоршауға алған араб тайпалары.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


Репост из: Magrifat
Ассалаумағалейкүм құрметті ізгі жақсылар! 😊

Діни үкімдерді тез әрі оңай үйренгіңіз келсе,

Сіздерге бес сабақты ұсынғым келіп тұр:

1) Муқоддима ас-сола (намазға кіріспе)
Сабақ саны: 5

🎁+кітап

2) Уәсилату ат-толаба
+Ақида
+Жүрек тазалығы
+Ғибадат бабы

Сабақ саны: 7

🎁 + Кітап

3) Харам мен халал бабы
+Нені кию харам
+ Нені жеу мәкруһ,спирті бар шоколадтардың үкімі т.б
+ Қандай аңдар адал
+ Сөйлеудің түрлері

Сабақ саны: 9
🎁+ кітап

4)Хайыз бен нифас үкімдері пәтуалар жинағы 300 жуық пәтуа бар


5)Кәсіп пен әдеп


Барлығын 5000₸ алып 2 айдың ішінде шариғи біліміңізді жетілдіріп алыңыз!

Дәрістерді алу үшін:

+7776 844 03 65
Нөміріне түбіртекті жіберіңіз сізді топқа қосады.

Шексіз доступ.


♦️4️⃣7️⃣4️⃣-ХАДИС:

Али ибн Рабиға (р.а.): «Бірде (жолға шығып бара жатқан) Али ибн Әбу Талибке (р.а.) мініс көлік әкелгенде, ол аяғын үзеңгіге салып: «Бисмилләһ» – деді де, жануарға қарғып мініп, жайғасып алған соң: «Бұны бізге бағындырған Аллаһқа мақтау айтамыз. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оны бағындыруға қауқарымыз жетпес еді. Түбінде бәріміз де Раббымызға қайтамыз», – деді. Содан кейін үш рет «Әлхамду лилләһ» және үш рет «Аллаһу акбар» деп: «Уа, Аллаһ Тағалам! Сен барлық кемшілік атаулыдан пәксің, ұлысың! Мен өз-өзіме қиянат жасадым, мені жарылқап, кешіре гөр! Расында, бір Өзіңнен басқа бізді жарылқап, күнәмізді кешіретін ешкім жоқ», – дегеннен соң езу тартып, күлімсіреді. Сонда қасындағылар: «Уа, мүміндердің әміршісі! Неге езу тарттыңыз?» – деп сұрады. Али: «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәл қазір менің істегенімдей істеп, содан соң езу тартқанын көріп, сендер секілді: «Уа, Аллаһтың елшісі! Неліктен езу тарттыңыз?» – деп сұраған едім. Сонда ол: «Расында, Ұлы әрі кемшілік атаулыдан пәк Раббың құлының, күнәларын Аллаһтан басқа ешкімнің де кешіре алмайтынын біліп, «күнәларымды кешіре гөр» деп жалбарынғанын ұнатады», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 74; Тирмизи, дағауат 46).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣3️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сапарға шығарда түйесіне мініп, жайғасып алған соң, үш рет «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып: «Бұны бізге бағындырған Аллаһ ұлы әрі кемшілік атаулыдан пәк. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оған қауқарымыз жетпес еді. Түбінде бәріміз де Раббымызға қайтамыз. Уа, Аллаһ Тағалам! Бізге осы сапарда игілік, тақуалық және Өзің разы болатын игі істер істеуді нәсіп ет! Уа, Аллаһ Тағалам! Сапарымызды жеңілдетіп, біз үшін алысты жақындата гөр! Уа, Аллаһ Тағалам! Сапардағы серігіміз де, артта қалған отбасыларымыздың өкілі де бір Өзіңсің! Уа, Аллаһ Тағалам! Сапардың машақатынан, сары уайымға салатын қандай да бір жағдайдан және сапардан оралғанда дүние-мүлкіміз бен отбасымызды бәле-жалаға ұшыраған күйде көруден бір Өзің сақтай гөр!» – деп дұға жасайтын-ды. Сапардан қайтқанда осы дұғаларына: «Біз сапардан қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, мадақ айтып келеміз!» – деген мадақ сөздерін қоса айтатын», – деп айтты.

(Муслим, хаж 425).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣2️⃣-ХАДИС:

Жәбир (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа шығуға бел буғанында: «Уа, мұһажирлер мен ансарлар! Араларыңда дүниесі де, арқа сүйер туысы да жоқ бауырларың бар. Әрбірің жағдайы жоқ екі-үш адамды қамқорлығына алып, өзімен бірге ертіп жүрсін. Көлігі барлар қамқорлығына алған бауырларымен кезектесіп мінсін», (153) – деп бұйырды. Жәбир: «Мен де қасыма екі-үш адамды алып, түйемнің игілігін солармен бірге бірдей пайдаланып, кезектесіп міндім», – деп айтты.

(Әбу Дәуіт, жиһад 34).

❗(153) Яғни, көлік өзімдікі екен деп, көлік үстінде ұзақ отырып алмасын.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣1️⃣-ХАДИС:

Әбу Сағид (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге сапарға шыққан едік. Жол-жөнекей түйеге мінген бір кісі оңына бір, солына бір жалтақтап қарай бастады. Оның жағдайын елден бұрын түсінген Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімнің артық көлігі болса, көлігі жоққа берсін. Кімнің қажетінен артық азығы болса, азығы жоққа берсін», – деп, басқа да дүниелерді тізіп айтты. Біз бұл сөзінен ешкімнің де өз қажетінен артық дүниені қолда ұстауға құқығы жоқ екенін түсіндік», – деген.

(Муслим, луқата 18).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣0️⃣-ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Жағфар (р.а.): «Бір күні Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мені артына мінгестіріп алды да, маған бір сыр айтты. Ал мен ол сырды ешкімге айтқан емеспін. Әдетте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәретке шыққанда, биік төбенің артына немесе құрма бақшасына жасырынғанды ұнататын. Бірде ол ансарлық бір кісінің құрма бақшасына кіргенде, ішінде бір түйені көреді. Әлгі түйе Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көре салысымен боздай жөнелді де, қос жанары мөлтілдеген жасқа толды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның қасына барып, өркеші мен құлағының түбінен сипағанда бірден тынышталды. Содан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мына түйенің иесі кім? Мына түйе кімдікі?» – деп сұрады. Ансарлық бір жас жігіт келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл менің түйем еді», – деді. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Аллаһ Тағала саған нәсіп еткен мына жануар үшін Аллаһтан қорықпайсың ба? Бұл жануар маған сенің оны аш қалдырып әрі ауыр жұмысқа салып әбден зорықтырғаныңды айтып, мұңын шағып тұр», – деп ескертті», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 44).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy




♦️4️⃣6️⃣9️⃣-ХАДИС:

Ибн әл-Ханзалия деген атпен танымал, Ридуан антын қабылдаған Сәһл ибн әр-Рабиғ ибн Амр әлАнсари (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күтімсіздіктің кесірінен қарны қабысып, көтерем болуға шақ қалған түйенің қасынан өтіп бара жатып: «Мына мұңын айтарға тілі жоқ жануарларға қатысты Аллаһтан қорқыңдар! Оларды күйлі кезінде ғана мініп, қоңды болғанда ғана сойыңдар», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 44).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣8️⃣-ХАДИС:

Әбу Сағлаба әл-Хушани (р.а.): «Әдетте сахабалар жол жүріп келе жатып, бір жерге аялдағанда (әркім өзіне қолайлы орын іздеп) шатқалдар мен сай-сайды өрлеп кететін еді. Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына: «Сендердің мына шатқалдар мен сай-сайды жағалап, жан-жаққа кетулерің шайтаннан (яғни, соның арбауынан)», – деп ескертті. Содан бері олар қай жерге аялдаса да, жұптары жазылмайтын болды», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 88).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣7️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алыс жолға шыққанда, түнделетіп жол жүріңдер, өйткені жер түнде түріледі», (152) – деп айтты» – делінген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 57).

❗(152) - Яғни, әсіресе ыстық жерлерде түнгі салқынмен түйе, ат сияқты жануарлар жеңіл жүріп, ұзақ қашықтықты қиналмай жүріп өтеді.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әбу Сағид (р.а.) және Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үш адам бірге сапарға шыққанда, іштерінен біреуін басшы етіп сайлап алсын», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 80).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


📌САПАР ШЕГУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

♦️4️⃣6️⃣5️⃣-ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жалғыз жолаушы – шайтан. Қос жолаушы – екі шайтан. Ал үш жолаушы – керуен», (151) – деп айтты» – делінген
.

(Әбу Дәуіт, жиһад 79; Тирмизи, жиһад 4).

❗(151) - Яғни, шайтан оларды азғырып, тура жолдан оңайлықпен тайдыра алмайды.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣4️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларымен бірге Аллаһтың қаһарына ұшыраған Сәмуд қауымының бір кездегі мекені Хижр деп аталатын жерге жеткенде: «Мына азапқа ұшыраған қауымның жұртынан өткенде, міндетті түрде көздеріңе жас алып, (күнәларың үшін тәубе етіп, Аллаһқа сыйынып) жылап өтіңдер. Егер жыламайтын болсаңдар, солардың басына келген ауыр азап сендердің де бастарыңа келмес үшін олардың мекеніне аяқ баспаңдар», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, әнбия 17/тәфсирус-сура 15-2/мағази 80; Муслим, зүһд 38).

Түсініктеме: Хақ Тағаланың қаһарына ұшырап, азап шеккен қауымдардың жұрты жын-шайтанның мекеніне айналған болуы мүмкін, сондықтан аталмыш жерлерден өткенде жын-шайтанның кесірінен сақтану үшін Аллаһқа сиыну керек.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy

Показано 20 последних публикаций.