Ұлыбританияда инфляция деңгейі төмендеді
🇺🇸 Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері 0,5 және 0,3%-ға өсті.
📊 Ұлыбритания қыркүйек айындағы тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) бойынша оң есебін жариялады.
📉 Қыркүйекте Ұлыбританияда жалпы және базалық инфляция болжамнан төмен болды – сәйкесінше 0 және 0,1%, ал болжам бойынша 0,1 және 0,3% деп күтілген болатын. Нәтижесінде, жылдық жалпы инфляция Англия банкінің мақсатты деңгейінен төмендеп, 2,2%-дан 1,7%-ға дейін азайды. Дегенмен, базалық жылдық инфляция әлі де жоғары деңгейде қалып, 3,2%-ды құрап отыр.
🔍 Нарықта күтпеген жерден Трамп-трейд туралы сөз қозғала бастады – бұл 5 қарашадағы АҚШ сайлауында Дональд Трамптың жеңісіне негізделген сауда. Кейбір сарапшылар Трамп-трейд соңғы екі айдан бері жүріп жатқанын айтса да, нақты әсер енді ғана көріне бастады.
🤝 Трамп бірінші мерзімінде қолға алған шараларын одан әрі күшейтуді көздеп отыр: импортқа жоғары тарифтер енгізу, одақтастармен қатынастарды қайта қарау, шекарадағы миграциялық мәселелерді қатаң шешу және ФРЖ тәуелсіздігін шектеу. Бұл экономикаға біршама қолдау көрсеткенімен, инфляцияның өсуіне де әкелуі мүмкін.
📉 Белгілі қаржыгер Стэнли Дракенмиллер жақында нарықта Трамптың жеңісіне деген сенімнің артып жатқанын, бұл әсіресе банк акциялары мен криптовалюталардың өсуінде көрініс тапқанын атап өтті.
🏗Қытайдағы жаңалықтар жайлы да айта кетейік. Бүгінгі Қытай билігінің экономикалық қолдау шараларын талқылаған брифингінде аяқталмаған құрылыстарға $562 млрд қолдау көрсету, «ақ тізім» бағдарламасы арқылы несиелеуді 4 трлн юаньға дейін кеңейту және 1 млн үйді жөндеу жоспары ұсынылды. Бірақ бұл шаралар нарықта үлкен әсер тудырмады: CSI 300 индексі өзгеріссіз қалды, ал девелоперлердің акциялары мен темір кені фьючерстері төмендеді.
🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз.
#таңғышолу
Jusan Invest