Фильтр публикаций


Құрметті ханымдар! 💐

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, кәсіби табыс пен отбасыларыңызға амандық тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! 🌷✨

Ізгі тілекпен,
Jusan Invest


Чарли Мангердің инвестициялаудағы 8 қағидасы.

📌 Бүгін біз атақты Чарли Мангердын инвестициялаудағы қағидаларын қарастырамыз. Чарли – Уоррен Баффеттің оң қолы, Berkshire Hathaway компаниясының вице-президенті, миллиардер және ақылды инвестициялаудың шебері. Ол өзінің парасатты ойлауы мен қарапайым қағидаларымен танымал.

#қызықтыфакт #BRK #COST #BYDDF #BABA #BAC
түсініктемелерде қараңыз...


❗️Сонымен қатар, 9 наурызда, жексенбіге қараған түні, АҚШ жазғы уақытқа көшеді, бұл ретте сағат тілі 1 сағатқа алға жылжытылады. Уақыт айырмашылығына байланысты сауда сессияларының кестесінде өзгерістер болуы мүмкін, сондықтан инвестициялық шешімдеріңізде осыны ескерулеріңізді сұраймыз.

#мейрам #экокүнтізбе


❗️ Құрметті клиенттер, 10 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстанның қор нарығы Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге байланысты жұмыс істемейді. Бұл күн 8 наурыздағы мерекенің демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты ресми түрде 10 наурызға ауыстырылған. Инвестициялық шешімдеріңізде осыны ескерулеріңізді сұраймыз.

#мейрам #экокүнтізбе


7 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Трамп Мексика мен Канадаға тарифтерді енгізуді 2 сәуірге шегерді!

💰 Дональд Трамп Мексика мен Канадаға тарифтерді енгізуді 2 сәуірге дейін кейінге қалдырды, осылайша бұл елдерге тағы бір айлық жеңілдік берді.

📊 Еуропа орталық банкі (ЕЦБ) негізгі мөлшерлемені 2,90%-дан 2,65%-ға дейін төмендетті, бұл АҚШ-тың сауда саясатының Еуропа экономикасына қысым жасауына байланысты күтілген шешім болды.

🔖 АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініштер саны өткен аптада 242 мыңнан 221 мыңға дейін азайды. Алайда, жәрдемақы алушылардың жалпы саны 1,86 миллионнан 1,90 миллион адамға дейін өсті, яғни жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары болып отыр.

📉 Кешегі АҚШ-тың қаңтар айындағы сауда балансы бойынша мәліметтер күтілгеннен әлсіз болып шықты – дефицит 131 миллиард долларды құрады, ал болжам 128 миллиард доллар болатын.

🇨🇳 Қытайдың ақпан айындағы сауда балансы күтілгеннен жоғары 171 млрд доллар профицит көрсетті (болжам 148 млрд доллар). Алайда, бұл өсім экспорттың емес, импорттың күрт төмендеуіне (-8,4% ж/ж) байланысты болды, ал экспорттың өсімі әлсіз (+2,3%) болып қалды.

📢 Бүгін инвесторлардың назарында АҚШ-тың ақпан айындағы жұмыспен қамту есебі және ФРС төрағасы Джером Пауэллдің баяндамасы тұр. Еңбек нарығы бойынша мықты көрсеткіштер күтілуде, себебі ФРЖ-ның "Бежевая книга" есебінде айтарлықтай өзгерістер байқалмады, бұл рецессия белгілерінің жоқ екенін көрсетеді.

#таңғышолу


6 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Доллар құлдырап, Брент 70$ деңгейінен төмендеді!

💰 АҚШ-тың Канада мен Мексикаға енгізілетін автокөлік баждарын бір айға кейінге шегеруі және ауыл шаруашылығы саласына арнайы шарттар қарастыруы нарықтың оң реакциясын тудырды.

📊 АҚШ қор нарығы кеше өсті, алайда Брент мұнайының бағасы 70 доллардан төмендеді.

🔖 Жапония мен Қытайдың қызмет көрсету секторындағы PMI көрсеткіштері жақсы нәтежие көрсетті, ал Еуроаймақтың индексі төмендеді.

📄 АҚШ-та ADP мәліметтері бойынша ақпанда 77 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл күтілген 141 мыңдық болжамға жетпеді.

📣 Өз кезегінде, S&P Global-дың қызмет көрсету PMI көрсеткіші 52,9-дан 51-ге төмендеді. Сонымен қатар, ISM индексі баға компонентінің айтарлықтай өсуінің нәтижесінде 52,8-ден 53,5-ке дейін көтерілді.

📌 АҚШ-тың 10 жылдық облигацияларының кірістілігі статистика мен мемлекеттік шығындарды қысқарту бастамаларын АҚШ сотының бұғаттауына байланысты өсті.

🤝 Германияның канцлерлікке үміткері Фридрих Мерц белсенді фискалдық саясатты қолдады, бұл неміс облигацияларының кірістілігін арттырды.

💸 Доллар индексі әлсіреп, 104-ке жақындады.

📢 Бүгін инвесторлардың назары Еуропа орталық банкінің отырысы мен АҚШ-тағы жұмыссыздық бойынша өтініштер есебіне аударылса, ертең АҚШ-тың ақпан айындағы еңбек нарығы туралы негізгі есебі және ФРС басшысы Джером Пауэллдің баяндамасы күтілуде.

#таңғышолу


5 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Қытай ЖІӨ өсімін 5% деңгейінде ұстап тұруды жоспарлауда.

🎤 Дональд Трамп АҚШ Конгресінде сөз сөйледі, бұл оның президент болғаннан кейінгі 6 апта ішіндегі алғашқы ресми баяндамасы болды.

🤝 Трамп Конгрессте сөз сөйлеп, Илон Маскті DOGE-тегі еңбегі үшін ерекше атап өтті.

📊 Кеше АҚШ қор нарығы тағы да төмендеді, бірақ бүгін фьючерстерде айтарлықтай өсім байқалды.

🏷 АҚШ-тың Сауда министрі Говард Лютник бүгін Канада мен Мексикаға тарифтік жеңілдіктер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

✅ Қытай Халық жиналысында 2025 жылға арналған негізгі мақсаттар жарияланды: ЖІӨ өсімін 5% деңгейінде сақтау, инфляциялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және бюджет тапшылығын 3%-дан 4%-ға дейін арттыру.

💸 Бүгін таңертең Жапония мен Қытайдың қызмет көрсету саласының PMI көрсеткіштері күткеннен жоғары өсім көрсетті.

#таңғышолу


Қор нарығы туралы қызықты деректер!

Сіздерге қаржы нарығына байланысты қызықты мәліметтерді ұсынамыз! Инвестиция әлемі қызыққа толы болып табылады. Егер сіз қаржы нарығын түсініп, капитал жинағыңыз келсе – нарықты зерттеп, білім алуды ешқашан тоқтатпаңыз!

#қызықтыфакт
түсініктемелерде қараңыз...


4 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


АҚШ президенті Канада мен Мексикаға қарсы тарифтерді енгізді.

💰 АҚШ президенті Дональд Трамп Канада мен Мексикаға қарсы 25% көлеміндегі тарифтерді енгізді, сондай-ақ Қытайға қарсы тарифтерді екі есеге арттырды.

🧾 Goldman Sachs бағалауы бойынша, тарифтер инфляцияны 0,6 пайыздық тармаққа арттыруы мүмкін, бұл ФРЖ-ны қатаң ақша-несие саясатына көшуге итермелеуі мүмкін.

📊 Сонымен қатар, кеше дамыған елдер мен Қытай өндірістік PMI индекстерін жариялады, ал Еуроаймақ ақпан айындағы ИПЦ бойынша бейтарап есеп ұсынды. Еуроаймақтың өндірістік индексі өсті. Ал Ұлыбритания мен Канадада PMI көрсеткіштері төмендеді.

🇺🇸 АҚШ-та өндірістік PMI бойынша аралас нәтижелер: S&P Global PMI өссе, ISM PMI төмендеді. ISM индексіндегі жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамту көрсеткіштері күрт төмендеді, ал баға индикаторы айтарлықтай өсті. Бұл АҚШ-та стагфляция жүріп жатыр деген ойды күшейтті.

💵 АҚШ президенті тайвандық TSMC компаниясының АҚШ-қа кемінде $165 млрд инвестиция салатынын жариялады.

📉 Бұдан бөлек, кеше Brent мұнай бағасы $71-ға дейін төмендеді.

🔽 Nvidia акциялары 9%-ға төмендеді.

🏦 Сондай - ақ, АҚШ Ақ үйі Украинаға әскери көмекті тоқтатып, Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету мүмкіндігін қарастырып жатқанын және кибершабуылдарды уақытша тоқтату туралы бұйрық бергенін хабарлады.

#таңғышолу


S&P 500 индексіндегі 11 салалық ETF

Өткен айда S&P 500 индексінің 11 секторларының ішінде 8 сектор жыл басынан өз динамикасын жақсартты.

Жыл басынан бергі үздік үш сектор: қаржы секторы #XLF бірінші орынды сақтап қалды, денсаулық сақтау секторы #XLV екінші орынға көтерілді, ал жылжымайтын мүлік секторы #XLRE үшінші орынды иеленді.

Бір ай ішіндегі өзгерістер айтарлықтай өзгеше болды. Қазіргі таңда үздік үштікке күнделікті тұтыну тауарлар секторы #XLP, жылжымайтын мүлік секторы #XLRE және коммуналдық қызметтер секторы #XLU кірді.

#нарықтрендтері


❗️ Жаңартылған файл: Біздің талдауымызға кіретін қазақстандық эмитенттер бойынша фундаменталды бағалаулар, дивидендтер және техникалық талдау мәліметтері жаңартылды.

түсініктемелерде қараңыз...
#ҚазАкциялары


📆АҚШ-та осы аптада 2024 жылдың 4-тоқсанына қатысты корпоративтік қаржы есебін жариялайтын компаниялар тізімін ұсынамыз.

#АҚШесепберумаусымы


3 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Трамп резервке криптовалюта аударды!

📊 Базалық жеке тұтыну шығындар индексі PCE болжамға сәйкес 0,3%-ды құрады, бірақ жоғары деңгейде қалды. Сондай - ақ Америкалықтардың табысы 0,9%-ға өсті, ал шығындары 0,2%-ға қысқарды.

📉 Атланта ФРБ-нің GDPNow көрсеткіші оң аймақтан теріс аймаққа ауысып, +2,3%-дан -1,5%-ға дейін төмендеді.

⚔️ Украина президенті Зеленскийдің АҚШ-қа сапары нәтижесіз аяқталды. Кездесуден кейін Украина басшысы Лондонға ЕО көшбасшыларымен соғысты тоқтатудың жоспарын әзірлеуге сапарға аттанды. ЕО көшбасшылары жоспарды қабыл алып оны АҚШ-пен бірлесіп іске асыруды жоспарлап отыр.

🗣 АҚШ-тың сауда министрі Говард Лютник жексенбі күні Трамптың Канада мен Мексикаға қарсы тарифтерді сейсенбіде енгізуді жоспарлап отырғанын растады, бірақ 25% тарифтің түпкілікті шешім еместігін мәлімдеді.

🅱️ Жексенбіде Трамп АҚШ-тың жаңа стратегиялық криптовалюта резервіне енгізілетін активтерді атады: BTC, ETH, XRP, SOL, ADA. Сондай-ақ, 7 наурызда Ақ үйде алғашқы криптовалюта саммиті өтетіні хабарланды.

🧑🏼‍💻 Бүгін инвесторлардың назарында – елдердің өндірістік PMI көрсеткіштері және Еуроаймақтың ақпан айындағы инфляция есебі.

📈 Таңертең Жапония мен Қытайдың PMI көрсеткіштері өсім көрсетіп, болжамнан жоғары қалыптасты.

#таңғышолу


Экономикаға қатысты ең маңызды және әр инвесторға қажет оқиғалар күнтізбесін дайындап қойдық.

#экокүнтізбе


📢 Дивидендтің маңызы қандай және не үшін төленеді?

💰 Дивиденд – бұл компанияның акционерлеріне таза пайдадан төлейтін табысы. Яғни, егер сіз белгілі бір компанияның акцияларын иеленсеңіз, жыл сайын немесе тоқсан сайын сол компанияның табысынан үлес алып отырасыз.

#қызықтыфакт #KO #PG #JNJ
түсініктемелерде қараңыз...

Показано 20 последних публикаций.