1000 кітап


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Кітап талқыға арналған арна. 1000 кітапқа ниеттіміз.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


5. «Рисәлә фи риядат әс-сыбиян…»
(Бала тәрбиесі жайлы кітапша)

Авторы: Шәмсуддин әл-Әнбәби

Сәби – әке-шешеге табысталған Алланың аманаты.

Әке-шеше өз баласына ең алдымен көркем мінезді үйретуі қажет. Одан соң көркем мінезді болуға кедергі етер жаман достардан сақтауы тиіс. Баласының қоршаған ортасына әрдайым мән беріп отыруы керек.

Әдеп тамақтан басталады. Тамақ жеген кезде бисмилләні айт, оң қолыңмен же, өз алдыңдан же, үлкендерден бұрын тамаққа кіріспе деп дастархан басынан тәрбие беріледі.

Әкесі немесе анасы баласын кішкентайынан кітапханаларға ертіп апарып, кітаптарға деген махабатын ашуы тиіс. Жеңіл хадистерді айтып, пайғамбарлардың, ізгілердің өмірбаянын көп айтып, жақсы адамдарға деген махаббатын ашқаны абзал.

Одан соң әкесінің жиған-тергенін, мал-мүлкін басқа достарына айтып мақтануға болмайтынын түсіндіру керек. Баланы қарапайымдылыққа баулу – тәрбиенің басы.

Ең маңызды нәрселердің бірі – баласын мұғалімдеріне құрметпен қарауға үйрету. Мұғалімдеріңе құрметпен қара, айтқандарын тыңда, саған ұрсып жатса, саған жақсылық қалағаны себепті ұрсып жатқанын түсіндіріп айтуы керек.

Соңғы айтар нәрсе балаға қайта-қайта ұрыса беруден тыйылу. Ұрыс пен сөгіс бала үшін ең маңызды тәрбие құралының бірі. Алайда ол көбейіп кетсе, қадірі кетеді. Көп ұрыс естіген бала уақыт өте ұрысты елемейтін болады.


4. «Тәж әл-ғарус»
(Тақуалық пен мінәжат жайлы кітап)
Авторы – Имам ибн Атаилла әс-Сәкәндари (рахимаһулла)

Әрдайым жақсылыққа кенелгің келсе мына бір дұғаны айт: «Уа, Аллаһым! Мен Сенен сүйікті елшіңе ісіммен де, сөзіммен де еруімді сұраймын».

Жүрек – Аллаға құлшылық ету арқылы суғарылатын бір тал. Көздің жемісі – жаратылысықа қарап пікір қылу. Құлақтың жемісі – құран тыңдау. Тілдің жемісі – зікір. Аяқ-қолдың жемісі – ізгілік жасау.

Дүниенің мысалы үлкен бір қора секілді. Бірі өзіне пайда болар, кейін рахатынан көретін төрт-түлік бағып өсірсе, басқа бірі ертең өзіңе зиян беретін жыландар мен шаяндарды бағады. Төрт-түлік бұл –құлшылық. Жылан-шая бұл – күнәлар. Ертең өзіңе зиян беретін амалдармен өз қораңды толтырып алма.

Бір хадисте: « Дүние – тәтті де тартымды» делінсе, басқа бір хадисте «Дүние – жиіркенішті бір өлексе іспетті» делінді. Қалай бір ғана дүние екі хадисте бір-біріне қарама-қарсы мағынада айтылып тұр?!

Яғни, дүние ғапылеттегі адам үшін – тәтті де тартымды. Ойланатын ақыл иесі үшін – өлексе іспетті бір лас нәрсе.

Әрдайым ояу халде бол. Ғапылда қалып қойма. Ұрылар үй иесі ұйқтап жатқан кезде ғана ұрлыққа түседі. Шайтан да дәл солай. Мүмін ғапылда болған кезде азғырып, өз арбауына түсіреді.

Ақырет амалдарын бірінші орындаудың орнына, дүние істерімен әлек болған адамның мысалы мынандай:

Аш арыстан алдына келіп, жеп қойғалы тұрса, бір маса келіп шағып алады, ал ол адам арыстанды ұмытып, масамен әлек болып кеткендей. Масаны қоя тұр, алдыда сені арыстан күтіп тұр.

Пенде намаз оқиды. Бірақ кейде намазы қабыл болуға жарамсыз. Ал егер намаздан соң истиғфар айтса, Алла сол намазын қабыл етуі мүмкін. Намаздан кейін бірден тұрып кетпей, артынша истиғфар қыл.

Сенің үш досың бар:

1. Дүние – сен өлгенде-ақ сені тастап кетеді.

2. Отбасың сен өлгеннен кейін қабірге дейін жаныңда болады.

3. Жақсы амалдарың – сен өлгеннен кейін де сенің жаныңда болады.


3. “Әдәбу сухбат әл-Әбрар”
(Ізгілермен достық құру әдебі)

Бауырларыңа кешірімді бол:

Фудайл ибн Ғияд бір сөзінде былай деген:

«Шынайы батырлық – бауырларыңның қатесін кешіру».

Имам Сәри әс-Сақати өзінің бір сөзінде: «Ізгілердің ең көркем мінезі – бауырларына сау жүрекпен, шынайы ықыласпен қарым қатынас құру» дейді.

Талас-тартыстан аулақ бол:

Бауырларың ренжітсе, қателерін кешір. Артық сөз таластыруға апарма. Өйткені пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде: «Туралық нәсіп етілгеннен кейін де адасқан қауымға талас-тартыс нәсіп етіледі» дейді.

Қарапайым бол:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ: «Аллаһ Тағала маған «Сыпайы болыңдар, ешкім ешкімге даңдайсымасын және ешкім ешкімге зұлымдық жасамасын!» деп бұйырды» деген.

Қарапайымдылық деген – тәкәппарлыққа берілмеу. Өзіңді басқалардан жоғары қоймау.

Қарапайымдылық – ең ұлы нығмет. Әрі басқалардың қызғанышына ұшырамайтын нығмет. Адамдар сендегі барлық нығметті көреалмауы мүмкін. Тек қарапайымдылықтан басқа. “Неге ол қарапайым, неге мен қарапайым емеспін”– деп, саған ешкім қызғаныш көзін салмайды.

Әл-Мубаррид өзінің бір сөзінде:

«Иесін басқалардың қызғанышына душар етпейтін жалғыз нығмет – қарапайымдылық» дейді.

Бауырларыңды зиярат етіп тұр:

Абдулла ибн Масғуд (радиаллаһу анһу) өзінің бір сөзінде: «Бір бауырымызды ұзақ уақыт көрмей кетсек, өзіміз барып іздейтін едік» дейді.


2. “Кәйфә әтууб” (Қалай тәубе етемін?)

Имам әл-Қуртуби (рахимаһулла) былай дейді: «Күнәға тәубе ету – мүміндерге парыз. Бұл үкімге бүкіл үммет бірауыздан келіскен».

Үлкен-кіші күнәлардың барлығына да тәубе етілуі тиіс. Алла елшісі ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Көзге еленбейтін кіші күнәлардан сақ болыңдар. Өйткені олар барлығы жинала беріп адамды біржолата құртып тынады» дейді.

Күнә сен мен Раббыңның арасында ғана қалуы керек. Өйткені Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің хадисінде: «Өз күнәсін өзі жария еткендерден басқа бүкіл үмметім амандықта болады» дейді.

Күнә жасап қойсам не істеймін?

Күнә жасап қалсаң, тәубе ет. Оны ешкімге айтпа. Тек Аллаға мінәжат қыл. Сосын былай жаса: “Пайғамбарымыз ‎ﷺ:

«Кімде-кім күнә жасап қойып, артынша дәрет алса, әрі дәретін жақсылап алып, екі рәкәт намаз оқыса, содан соң әлгі күнәсін тәубе етіп истиғфар айтса, Алла оны кешіреді» дейді. (Муснад Ахмад)

Тәубенің шарттары:

• Өкіну
• Күнәні тоқтату
• Ендігәрі қайта оралмауға шынайы бел буу
• Адамдардың хақысына кірген болса, олардан ақысын адал ету. (Кешірім сұрау, қарызы болса қайтару)

Тәубе етуші адам мына нәрсені білуі тиіс. Сен күнәні доғарған сәтте Алла саған одан да хайырлы нәрсені нәсіп етеді. Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді:

«Кімде-кім бір істі Алла үшін тәрк етсе, Алла оған одан да хайырлысын нәсіп етеді». (Муснад Ахмад)

Күнәні тастауға көмек болатын істер:

• Ізгі дос табу
• Күнә орын алатын жерлерден аулақ болу
• Күнәға итермелейтін құралдарды тәрк ету
• Күнәһарларға қатысты айтылған құран аяттарын көп оқу
• Алланың азабы жылдам екенін ұмытпау
• Бос уақытын зікірмен толтыру

Алланың кешіріміне себеп болатын хадисте айтылған істер:

1)«Сәлем жаю(танығанға да, танымаған да сәлем беру) жақсы сөз сөйлеу». (Әл-Хараити, хадис)

2)Тамақ жеген кезде де, киім киген кезде де: “Бұны маған берген Аллаға мақтаулар болсын”– деп, әлһамдулиллә сөзін айту. (Термизи, Әбу Дәуд)

3)Садақа беру. «Расында, садақа – су отты өшіргендей, күнәларды өшіреді». (Ахмад, Термизи)


1. “Уамадат фи тазкиятин нәфс”
(Нәпсі тазарту жолындағы сәуле)

Кітапша өте керемет. Шейх ӘбдулФаттах Абу Ғудда айтпақшы: «Теңіз-мұхитта жоқ нәрсе өзеннен табылады».

Үлкен том-том кітаптарда таба алмайтын мәселелер осындай шағын кітаптарда табылады.

Бірде Пайғамбарымыз ‎ﷺ: “Кімде-кім мына үш нәрсені жасаса, шынайы иманның ләззатын сезеді:

1. Кім жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылса
2. Кім жыл сайын зекетін берсе
3. Кім өз нәпсісін тазартса”, – деді.

Нәпсіні тазарту қалай жүзеге асады:

• Ізгі амалдарға күн сайын берік болу.

• Күнәға итермелейтін орындардан аулақ болу

• Күн сайын аз-аздан нәпсі қалауына жоқ деп айту

• Күнә жасаған кезде өзіңді айыптау

• Құлшылық арасында өзіңді демалдыру

Нәпсіні тәрбиелеудің ұнамсыз түрі:

Өзіңе зиян беру, ұрып-соғу, тамақ-сусыз қалдыру⛔️

Нәпсі тәрбиелеудің ұнамды түрі:

Өзіңді садақа беру, көп ораза ұстау, түнгі құлшылық қылу арқылы жазалау✅

Бірде Омар ибн Хаттаб (радиаллаһу анһу) өзінің құрма бағына кіріп, табиғаттың әсемдігіне тамсанып, уақыт өткізіп қояды. Көңілге жайлы осы сәттің әсерімен ол Аср намазын жамағатпен оқудан қалып қояды.

Бұл жағдай Омардың жүрегіне қатты әсер етіп, терең өкінішке батып, сол бір үлкен құрма бағын толықтай садақа еткен.

Хасан әл-Басри тәбиғин өзінің бір сөзінде былай дейді: «Адам жақсылықты қала бермек, егер өзіне уағыз айтуын доғармаса».

Өзіңе әрдайым уағыз айт. Сені сенен жақсы білетін адам жоқ. Сол себепті өз уағызың өзіңе қатты өтеді. Нәпсі тазартудың бірден бір жолы өзіңе уағыз айту.


Ассаламу алейкум, құрметті ілім ізденуші, кітапсүйер оқырман бауырым!

Бұл арнада өзім оқып жүрген кей кітаптарға талқы жасап, ой-пікірлерімді бөлісуді мақсат еттім. Арна тек діни әдебиеттермен шектелмей, әртүрлі салаға қатысты құнды кітаптарды қамтиды.

Мақсатым:

1. Кітап оқуға қызығушылықты арттыру.

2. Уақыты тапшы бауырларға оқылған кітаптардың ықшамдалған мазмұнын ұсынып, пайдалы білім беру.

Алла Тағала бұл істі берекелі әрі пайдалы етсін.

Қош келдіңіздер!

©️Абылай Кенжалы

Показано 6 последних публикаций.