3. “Әдәбу сухбат әл-Әбрар”
(Ізгілермен достық құру әдебі)
Бауырларыңа кешірімді бол:
Фудайл ибн Ғияд бір сөзінде былай деген:
«Шынайы батырлық – бауырларыңның қатесін кешіру».
Имам Сәри әс-Сақати өзінің бір сөзінде: «Ізгілердің ең көркем мінезі – бауырларына сау жүрекпен, шынайы ықыласпен қарым қатынас құру» дейді.
Талас-тартыстан аулақ бол:
Бауырларың ренжітсе, қателерін кешір. Артық сөз таластыруға апарма. Өйткені пайғамбарымыз ﷺ өзінің бір хадисінде: «Туралық нәсіп етілгеннен кейін де адасқан қауымға талас-тартыс нәсіп етіледі» дейді.
Қарапайым бол:
Пайғамбарымыз ﷺ: «Аллаһ Тағала маған «Сыпайы болыңдар, ешкім ешкімге даңдайсымасын және ешкім ешкімге зұлымдық жасамасын!» деп бұйырды» деген.
Қарапайымдылық деген – тәкәппарлыққа берілмеу. Өзіңді басқалардан жоғары қоймау.
Қарапайымдылық – ең ұлы нығмет. Әрі басқалардың қызғанышына ұшырамайтын нығмет. Адамдар сендегі барлық нығметті көреалмауы мүмкін. Тек қарапайымдылықтан басқа. “Неге ол қарапайым, неге мен қарапайым емеспін”– деп, саған ешкім қызғаныш көзін салмайды.
Әл-Мубаррид өзінің бір сөзінде:
«Иесін басқалардың қызғанышына душар етпейтін жалғыз нығмет – қарапайымдылық» дейді.
Бауырларыңды зиярат етіп тұр:
Абдулла ибн Масғуд (радиаллаһу анһу) өзінің бір сөзінде: «Бір бауырымызды ұзақ уақыт көрмей кетсек, өзіміз барып іздейтін едік» дейді.