Қысқа ақпар


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Познавательное


Қызықты да, қысқа ақпарат тек сіздер үшін.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Статистика
Фильтр публикаций


Қазір біз жеп жүрген M&M's ең алғаш 1941 жылы АҚШ-та жасалып шыққан. Өндіруші фирманың ең үлкен тапсырыс берушісі АҚШ әскері болған. Қалтада жүрсе де ерімейтіні үшін, сарбаздың құрғақ тамағының (сух.паек) қатарында тұрған екен. Екінші дүниежүзілік соғыс уағында тек әскерилерге берілген.
#Бренд #Тарих


Венесуэла 🇻🇪
Анхель сарқырамасы.

Анхелдің суы еш кедергісіз 807 метр биіктен құлайды, сосын кедергіге соғылып тағы 172 метр төмен қарай..

Көп жұрт Ниагара сарқырамасын жақсы таниды. Ал Анхель одан жиырма еседей үлкен.

Сарқырама суыны күші жыл мезгіліне байланысты. Жаңбырлы маусымда сарқырамадан секундына 300 000 литр су өтеді. Күн құрғақ кезде ағыс екіге бөлініп қалады. Тіпті сылдырып қалғанын көрер едіңіз. Құрғақ кездері сарқырама астына суға түсуге болады.
#Саяхат


Тіс пен жүйке талшықтарының жалғасуы.
#Анатомия


Қалбырдағы сүтті шәй.
Қыста жылытып, жазда салқындатып сатылады. Жапония.
#Кулинария #Бренд


Ұшақ салоны. 1930 жылдар.
#Өнертабыс #Аэро


Мынау қандай тұқым?
#Зоология


Lifesize Plans — болашақ үй мен пәтерді 1:1 масштабымен (яғни дәлме-дәл) демонстрациялайтын америкалық стартап.

Дегенмен компания өз жұмысын жақында бастаса да, оның клиенттері көп болып тұр. $300 мың төлеп алатын (салатын) үйіңді нақпа-нақ көріп алған жақсы емес пе?
#Құрылыс #Үй


Цюрихтегі Koller аукционында тираннозавр рекстің қаңқасы сатылды.

Бұрын соңды сатылымға шыққан қаңқасы толық динозаврлардың бірі. Онда барлығы 293 сүйек бар, жартысынан көбі оригинал сүйек материалынан — мұндай экспонатпен көп палеонтологиялық мұражай мақтана алмайды.

Жекеменшік тираннозавр рекс аты жасырын коллекционерге $5,3 миллионға өтіп кетті. Мамандар мұны жақсы инвестицияға санайды — себебі бұл лоттың бағасы алдағы 10 жылда екі есеге дейін қымбаттауы мүмкін.
#Аукцион #Палеонтология


Бельгиядағы аялдама дейді.
#Кітапхана


Мынау сәнді сағат Jacob & Co-нікі, Billionaire Timeless Treasure ("Миллиардердің мәңгілік байлығы" деп аударылады) сағаты. 20 миллион доллар бағамен, сағат өндірісінің жыл сайынғы Watches & Wonders іс-шарасының сенсациясы болды.

Сағат жалғыз экземплярда жасалған. Бұл аксессуар үшін 425 бриллиантты 3,5 жыл бойы жинаған. Жинаудағы маңызды рөлге түсі ғана емес, тастың салмағы да есепке алынған.

Айта кетерлігі, 10 000 ақ бриллиантқа 1 түйір сары бриллиант кездеседі. Ал ерекше түсі тас құрамындағы көміртегінің азотпен араласқанына байланысты.

Механизмді қолмен бұрау керек. Толық бір бұрағаның 72 сағатқа жетеді.
#Бренд #Сағат


Анасы күлген кездегі іштегі бала. Тегін аттракцион ба?
#Акушерия #МРТ


Жапониядағы кей таксилерде «Тасбақа такси» батырмасы бар — егер оны бассаңыз таксис өте баяу жүретін болады.
#Такси


Енді дронды үйде отырып, басты қозғалту арқылы басқаруға болады.
#Дрон #Технология


28 жастағы техастық Алиса Ричмен 2011 жылдың маусым айы мен 2012 жылғы наурыз айы аралығында 325 литр сүт (ана сүті) өткізіп, рекорд жасаған. Яғни ол көптеген мұқтаж сәбиге сүт доноры болған.
#Донор #Лактация


Арал теңізінің табанынан табылған Кердері қаласының жәдігерлері.
Бұл қала анау айтқандай әріде емес, XIIғ. тіршілік еткен.
2001 жылы Барсакелмес аралынан табылды.
#Тарих


Чжэцзян провинциясы, Тайчжоу қаласындағы кітапханада робот манипулятор жұмыс істейді. Барлық кітаптар нөмерленіп, роботқа чип енгізілген. Сөредегі кітапты автоматты түрде алу және орнына қою жұмысын атқарады.
#Кітапхана #Робот


Австралияның тумасы, суретші Гил Брювель ағаш кескіндерімен мүсін жасаудың асқан шебері. Скульптура өнерінің майталманы.
Боялған ағаштың бірдей өлшеммен кесілген бөліктері.
Суретте медитация кезіндегі әйелдің ішкі тыныштығын білдіретін бейне. Мұндай өнер жасау тым күрделі және технологиясын игеру оңай келмейтінін байқау қиын емес.
#Мүсін #Өнер

Показано 17 последних публикаций.

373

подписчиков
Статистика канала