XXI ғасырдағы адамның дағдыларыXXI ғасырдағы адамның дағдылары – бұл ақпарат ғасырында табысқа жету үшін жетілуі тиіс қабілеттер жиынтығы.
Индустрия дәуірінде жұмысшылар үшін білім жинақтап, белгілі бір әрекеттерді бірнеше рет қайталау және нұсқауларды қатаң орындау маңызды болды. Дегенмен қазіргі заман мүлдем басқа дағдыларды талап етеді. Қазір сізде жаңа күнге қажетті қабілеттермен қадам басуға барлық мүмкіндік бар.
1. Сыни ойлау.Сыни ойлау – адамның алынған ақпаратты күмәнмен қабылдап, оны және оның көздерінің шынайылығын тексеруі, сұрақтар қоюы, бұрыннан белгілі деректермен салыстыру қабілеті.
2. Әлеуметтік интеллект.Басқа адамдардың түрлі эмоциялық көріністерін (дауыс ырғағы, көңіл күйі, эмоциялары) тану және түсіну қабілеті қарым-қатынас өнімділігін айтарлықтай арттыра алады. Жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар – адамның өзіне қолайлы орта құрып, айналасындағылармен тиімді әрекеттесуінің кепілі.
3. Креативтілік.Егер адам стандартқа сай емес ойлай алса және өзгеретін жағдайларға бейімделе білсе, кез келген күрделі мәселелерді барынша өнімді шеше алады, жаңа идеялар ойлап табады, тіпті, ең қиын жағдайларда да оң шешім таба алады.
4. Ақпараттық сауат.Ақпаратпен сапалы жұмыс істеу қабілеті. Ақпараттың үлкен ағымынан тек өзіне қажет маңыздысын бөліп алып, маңызы аз және күмәнді деректерді сүзгіден өткізіп, қажетсізін іріктей білу.
5. Цифрлық сауат.Бұл дағды – цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану қабілеті. Ол мультимедиялық контент жасау, ақпарат іздеу және алмасу, виртуалды ортада ынтымақтастық орнату, әлеуметтік желілердің функцияларын қолдану қабілеттерін қамтиды.
6. Медиасауат.БАҚ қалай жұмыс істейтінін түсіну, естіген, оқыған және көрген нәрселердің мәнін ой елегінен өткізу, медиалық манипуляцияларды тану маңызды. Қазіргі заманғы медианы меңгеру адамға көптеген мүмкіндіктер береді: жаңа адамдармен танысу мен ақпарат іздеуден бастап, мәмілелер жасау мен әлеуетті клиенттермен байланыс орнатуға дейін.
7. Икемділік, өзгеруге дайын болу.Қазіргі заманда құбылмалы жағдайларға тез бейімделу қабілеті ерекше маңызды. Қашан өзгеру керегін, қалай өзгеру қажетін және өзгерістерге қалай жауап беру керегін білу – өмір бойы пайдасын тигізетін дағды.
8. Бастамашылдық.Мақсат қоя білу, оны бастапқыдан соңғы кезеңге дейін орындау процесін жоспарлау, табандылық таныту, жауапкершілікке ие болу және өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті. XXI ғасырда тек өз міндеттерін орындап қана қоймай, сонымен қатар жаңа, стандартқа сай емес идеяларды ұсына алатын қызметкерлер жоғары бағаланады.
9. ӨнімділікМақсат қою, жұмыс барысында басымдықтарды дұрыс бағамдау және уақытты тиімді пайдалану – бұл дағдылар оқу мен жұмыста бірдей тиімді болуға көмектеседі.
10. Мәдени құзырет.Қазіргі уақытта тек шет тілін білу жеткіліксіз. Басқа мәдениет өкілдерімен нәтижелі әрі тиімді қарым-қатынас орнату үшін олардың тілін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және этикалық нормаларын білу қажет.
https://t.me/kzkitap