Кітапханашы күнделігі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Мен кітапхананы жердегі жұмаққа ұқсаттым! Борхес

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Ғажап күндеріміз көп болсыншы! Мереке де ғана емес,күнде жүрек жылытатын түймедей тірлік жасап жүріңіз. Жақсы өмірдің құпиясы сол ғана!


Қоғамдағы тым белсенділік те бағаңызды түсіреді. Белгілі бір деңгейге жеткен соң "демалыс" алыңыз.


Бұұл хикаяны естімес бұрын менің ғұмыр-баянымды білгіңіз келетін шығар. Қайда тудым,не істедім деген сияқты...ал менің ештеңе айтқым келмейді. Жалпы әке-шешем жаман адамдар емес,бірааақ,өкпешіл.
Ол хикаят рождество кезіндегі оқиға ғой. О дүниеге кетіп қала жаздағаным. Сосын мені осында демалып,ем алуға жіберген.
#Сэлинджер
#жаржағалағанжалғыз


Кітаптың мұқабасы да маңызды.


"Өзіне сенген, индивидтік сана иесінің басты қасиеттерінің бірі, іскерлікке бастайтын сара жол - сөзді азайту, ауызға ие болу. Жаңа заман тудырып отырған талаптардың бірі де, бірегейі де осы. Ісің алға бассын десең, алдын-ала жұртқа жария етпе, жар салма. Бұл - қоғамдасып, ру, ата болып өмір сүріп үйреніп қалған қазаққа оғаш көрінетін қасиеттер болуы мүмкін." "Харекет"


Ол бір ерекше қыз болатын. Бір аулада аракідік ойынға шыққанда жолығып қалатынбыз. Екеуміз де сирек шығамыз. Қолында үнемі қалың кітап жүретін. "Том Соердің басынан кешкендерін" сол қыздан көргем, алғаш рет. Кітапты тез оқимын,алты жүз бетті бір күнде бітіремін деп мақтанатын,бізге. Ол қалай деп таңдай қағатынбыз. Сол оқырман қыз қайда екен,кім болды екен деп ара-тұра ойлап қоямын...


Хат жазыңызшы...
Жетінші оқып жүргенде бір "мода" бастағанымыз есіме түсіп отыр. Облыс, аудан,ауылдың атын жазып орта мектептің жетінші "б"класының класс журналындағы он алтыншы тұрған оқушыға деп хат жазып жібереміз. Әр жолы сан әрқалай. Бірнеше хат келді. Біреуі есімде қалыпты. "Журналдағы он алтыншы нөмірлі бала менмін, Қанапиянов Жалғас" деп бастапты.Жазуы маржандай. Каллиграфиялық дерсіз. Хаты да мазмұнды. Мектеп бітіргенше хат алысып тұрдық. Оқыған кітап,көрген кино,мектептегі қызықты оқиғалар...
Хат жазу,хат күту ғажап,жып-жылы сезім сыйлайды.
Хат жазыңызшы...маған...үшбу хат...
Алматы шаһары,Абай даңғылы,14...


Құдай үйген төбені кетпенмен шауып төмендете алмайсың(с)


"Ғалымның хаты өлмейді"
Философия "тіс батпайтын" дүние емес.
Жақыпбек ағаның осындай ыңғайлы кітапшасы шығыпты. Екі тілде.


А,Құдай,кітапты жаратқаның сондай жақсы болды(с)


Өмірдің түрлі жағы бар. Бір-бірімен араластырмай сүрген дұрыс-ау...


Көзден кетсе көңілден кетеді деген бар. Көңілден,көңілінен кетпейтін адам ізде. Ол,олар көп емес...


Үнсіздікте "ұлы айқай" жатады дейді. Кейде үнсіз қалып,"ұлы айқайды" сыртқа шығармасаңыз ішкі күйді бұза ма деп қорқатын ем. Оны міндетті түрде жаман энергиямен емес,өзіңе де,өзге де пайдалы етіп шығарып тастауға болады ғой деген ой түйдім...


Адам ерекше әсершіл келетін жасөспірім шағымда әкемнен мәңгі есімде сақтаған және өмір жолымда қайта-қайта ойыма оралған бір ақыл-кеңес естіген едім.
-Егер біреуді жазғырғың келсе өз бойыңдағы сәл артықшылығың дүниедегі пенде атаулының барлығында бола бермейтінін әсте есіңнен шығарма,-деген еді ол.
#ҰлыГэтсби


Біз көрер көктем көп болсыншы!


Барлығы өткінші...
Жақының жатқа,жат жақыныңа айналады. Досың көптің біріне,сүйгенің жай танысқа...бәрі өткінші...


Сәбидің иісінен бөлек гүлдің,парфюмнің,кофенің иісі ғажап!
Көктем мына қырдың астынан қылтиып тұр. Табиғаттың тартуы ғажап,адамзамзатқа.
Кітап. Кофе. Гүл Парфюм.
Ғажап үйлесім.


Он екінші ғасыр дейді. Құран кітап. Толық зерттелмеген.
Ілкіде де кітап адам мәдениетінің көрсеткіші болған. Бар,бай адамдар арнайы өздеріне осылай Құран кітап жаздырып,жасатып,төріне қойған екен. Төрінде кітап тұрған үйге сырттан келген елшілердің де көзқарасы да құрметті болған дейді.
Жақсы күннің берері мол болсын!


Әлбетте оқыған кітабың қызықты болса,бөліскің келеді. Ұжыммен шығарманың көлеміне қарай аптасына,айына бір шығарма таңдап оқысаңыз,пікірлескенге жақсы. Талдауға оқымағандар да қатысса болады. Қысқаша болсын мазмұнын біліп жүреді.


Аспан, Сен білесің бе?!
Мен бір жүрек тауып алдым ғой...
#Әлішер

Показано 20 последних публикаций.