⚖️ Кәмелетке толмаған жасөспірім скутермен жол көлік оқиғасын жасаған
▪️ Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша Ж.-ға қатысты іс қаралды.
▪️ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Ж.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған 29.11.2008 жылы туған ұлы көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, С.Сейфуллин көшесінде скутер көлік құралын басқарып, автокөлікпен соғысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Осылайша азаматша Ж. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетке жол берген.
▪️ Азаматша Ж. сотта берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне енді қайталанбайтынын білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
▪️ Сот қаулысына сай азаматша Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 51688 теңге көлемінде айыппұл салынды.
🖊 Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
https://t.me/kzlsud