⚖️Автокөлікті мас күйде басқарған азаматша бас бостандығынан айырылды
▪️ Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігімен сотталған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы М. көлік құралын басқару құқығынан айрылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, автокөліктің рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жүрісі Қағидаларының №534 бұйрығының, 2-тарауы, 12-бөлігінің 2-тармағының талаптарын бұза отырып, жәбірленуші А.-ның үйінің қоршауына соқтығысып, мүлкін зақымдап жол көлік оқиғасын жасаған.
▪️Нәтижесінде, жәбірленуші А.ға жалпы құны 50 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген. Басты сот талқылауында жәбірленуші А. сотталушыға кешірім берітінін, шығын өтелгенін, қояр талап тілегі жоқ екенін көрсеткен.
▪️Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушінің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және өзге де іс құжаттарымен дәлелін тапқан.
▪️ Сотталушы ҚР-ның ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
🖊
Қызылорда қаласының №2 сотыhttps://t.me/kzlsud