Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің дауысына қатысты алаяқтық жағдайы туралы хабарлады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
Министрдің айтуынша, алаяқтар жасанды интеллект көмегімен оның дауысын қолдан жасап, хабарламалар таратып жатыр.
@newsroomkz
Министрдің айтуынша, алаяқтар жасанды интеллект көмегімен оның дауысын қолдан жасап, хабарламалар таратып жатыр.
Құрметті достар!
Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті.
Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! — деді министр
@newsroomkz