Тас жолдарда қалған 500 жолаушы пойыздармен жеткізілдіҚолайсыз ауа райы салдарынан Астана–Қарағанды, Астана–Павлодар және Астана–Көкшетау бағыттарындағы тас жолдардың жабылуына байланысты шамамен 500 жолаушы пойыздар арқылы тасымалданды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Сарыбель станциясынан: 100 жолаушы Астана мен Қарағандыға жеткізілді.
Екібастұз станциясынан: 63 жолаушы елордаға тасымалданды.
Ерейментау станциясынан: 52 жолаушы Астанаға жетті.
Бурабай курорты станциясынан: 202 жолаушы елордаға жеткізілді.
Макинка, Ельтай және Ақкөл станцияларынан: 76 жолаушы пойыздармен тасымалданды.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар қауіпсіздігі үшін барлық шараларды қабылдауда және алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.
Егер қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, бізге хабарласыңыз: +7 707 214 06 99
@newsroomkz