Aqorda 🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Ruslan Zheldibay
Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил Национальный научный центр хирургии им. А.Н.Сызганова

Недавно на базе Национального научного центра хирургии им. А.Н. Сызганова впервые в нашей стране была успешно проведена сложнейшая операция – тройная перекрестная пересадка почки.

Глава государства направил коллективу центра Благодарственное письмо, в котором назвал эту операцию, проведенную под руководством известного хирурга, профессора Болатбека Баймаханова, выдающимся достижением отечественной медицины.

– Государство уделяет особое внимание развитию здравоохранения. Реализация масштабных инициатив и проведенная большая работа обеспечили значительный прогресс нашей медицины. Проведенная вами уникальная операция убедительно свидетельствует об этом. Сегодня Казахстан входит в число шести стран мира, где проводятся столь сложные трансплантационные операции. Этот успех стал возможен благодаря самоотверженному труду, глубоким знаниям и бесценному опыту отечественных специалистов. Выражаю вам искреннюю благодарность. Уверен, что вы и впредь будете неустанно трудиться во благо укрепления здоровья нации, – говорится в поздравительном письме.


Репост из: Ruslan Zheldibay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады

Жуырда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын аса күрделі операцияны сәтті өткізді.

Президент белгілі хирург, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған бұл операцияны отандық медицинаның зор жетістігі ретінде бағалап, орталық ұжымына Алғыс хат жолдады.

– Мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән береді. Бұл ретте көптеген іргелі бастама қолға алынып, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде ұлттық медицина қарқынды дамып келеді. Сіздер жасаған бірегей операция – соның айқын дәлелі. Қазір еліміз өте күрделі трансплантациялық операция жасайтын әлемдегі алты мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жетістікке отандық мамандардың, соның ішінде өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен ерекше білімдеріңіздің, сондай-ақ теңдессіз тәжірибелеріңіздің арқасында жетіп отырмыз. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта да ұлт саулығын жақсарту үшін тынымсыз тер төгіп, халқымызға қалтқысыз қызмет ете бересіздер деп сенемін, – делінген Алғыс хатта.


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды.
 
 
✍️ Указом Главы государства за большой вклад в осуществление внешней политики Республики Казахстан, установление и развитие дружественных отношений с зарубежными странами орденом «Достық» І степени награжден государственный деятель, ветеран дипломатической службы Тлеухан Кабдрахманов.
 
t.me/aqorda_resmi


Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО «НУХ «Байтерек» Рустама Карагойшина

➤ Глава государства заслушал доклад об итогах работы холдинга за 2024 год и планах на текущий год.

Ключевые показатели

🟦 Объем поддержки, оказанной холдингом, составил порядка 6 трлн тенге;
🟦 Из них 4,1 трлн тенге было направлено на поддержку крупного, среднего и малого бизнеса;
🟦 1,9 трлн тенге — на жилищно-строительный сектор;
🟦 Активы холдинга достигли 14,1 трлн тенге;
🟦 Инвестиционный и кредитный портфели увеличены до 10,3 трлн тенге.
🟦 Чистая прибыль составила 416 млрд тенге.

Новые инициативы

Запущены два гарантийных фонда на базе АО «ФРП «Даму»:

- Первый из них ориентирован на поддержку малого и среднего бизнеса;
- Второй – на финансирование крупных проектов стоимостью свыше 7 млрд тенге.

🟦 Реализуются инициативы по привлечению прямых иностранных инвестиций, включая совместные фонды с зарубежными партнерами в аграрной, обрабатывающей и горно-металлургической отраслях. Указанные фонды формируются в юрисдикции Международного финансового центра «Астана».

📌 Поручения Президента

✔️ Глава государства поручил холдингу «Байтерек» совместно с банками второго уровня обеспечить финансирование реального сектора экономики, проработать вопрос по привлечению средств на реализацию Национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов.

✔️ Президент особо подчеркнул необходимость эффективного исполнения намеченных планов.

t.me/aqorda_resmi


Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

➤ Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды.

Негізгі көрсеткіштер

🟦 Холдинг тарапынан 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілген;
🟦 Оның 4,1 трлн теңгесі ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға,
🟦 ал 1,9 трлн теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған;
🟦 Холдинг активтері 14,1 трлн теңгеге жеткен;
🟦 Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған;
🟦 Таза табыс 416 млрд теңгені құрады.

Жаңа бастамалар

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» базасында екі кепілдік қоры іске қосылған:

- Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған.
- ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.

🟦Тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Аталған қорлар «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады.

📌 Президенттің тапсырмалары:

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.

✔️ Президент алға қойылған жоспарларды тиімді іске асыру қажет екеніне баса назар аударды.

t.me/aqorda_resmi


✍️ Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о свободной торговле услугами, учреждении, деятельности и осуществлении инвестиций»

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi


✉️ Глава государства направил телеграмму соболезнования родным и близким видного ученого, доктора филологических наук Сеита Каскабасова
 
▪️ Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования в связи с кончиной фольклориста и литературоведа, лауреата Государственной премии Сеита Каскабасова.

– Сеит Аскарулы был поистине выдающимся интеллектуалом и подвижником национальной духовности. Он всю свою жизнь посвятил изучению казахского устного народного творчества, внеся тем самым неоценимый вклад в развитие отечественной фольклористики. Он является автором фундаментальных трудов и мудрым наставником, воспитавшим плеяду талантливых учеников. Светлый образ Сеита Аскарулы, прожившего яркую жизнь и оставившего после себя богатое духовное наследие, навсегда останется в памяти народа, – говорится в телеграмме.


t.me/aqorda_resmi


✉️Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.


t.me/aqorda_resmi


Президент принял акима Алматинской области Марата Султангазиева

➤ Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет о социально-экономическом развитии региона за І квартал 2025 года.

Ключевые показатели

🟦 Объем промышленного производства составил 507,9 млрд тенге.
🟦 Объем продукции сельского хозяйства достиг 97,4 млрд тенге.
🟦 Количество субъектов малого и среднего бизнеса достигло 146,2 тысячи, показав рост на 7,7%.

Основные проекты

🟦 С начала года запущено 12 промышленных проектов, включая расширение производственной площадки GALANZ bottlers, строительство Бартогайской ГЭС-28 и каскада малых ГЭС на реке Шарын.
🟦 На стадии реализации находятся 122 проекта на сумму 2,4 трлн тенге с созданием 36 776 рабочих мест.

Развитие городов Қонаев и Алатау

🟦 В областном центре внедряется система Smart Qonaev,
ведется реконструкция дорог и инженерных сетей.
🟦 Начаты корректировка генерального плана и проектирование инфраструктуры города Алатау.

Сфера образования

🟦 В рамках нацпроекта «Комфортная школа» возводятся 17 школ.
🟦 Планируется строительство 19 школ через ГЧП и капитальный ремонт 91 объекта образования в 2025–2027 годах.

📌 Поручения Президента

✔️ Касым-Жомарт Токаев отметил важность качественной и своевременной реализации всех намеченных планов по развитию областного центра – города Қонаев, нового города Алатау и в целом Алматинской агломерации.

✔️ Глава государства поручил уделить особое внимание укреплению потенциала индустриальных зон и СЭЗ Аlatau, а также строительству коммунальных и дорожных сетей в населенных пунктах.

t.me/aqorda_resmi


Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

Негізгі көрсеткіштер

🟦 Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
🟦 ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған.
🟦 ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Басты жобалар

🟦Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар.
🟦Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Қонаев және Алатау қалаларының дамуы

🟦 Облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр.
🟦 Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.

Білім саласы

🟦 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған.
🟦 Үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

📌 Президенттің тапсырмалары:

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.

✔️ Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысын іске асыруға баса мән беруді тапсырды.

t.me/aqorda_resmi


✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

✍️Распоряжением Главы государства Сергазин Гумар Екпинович назначен заместителем Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии.

t.me/aqorda_resmi


✉️ Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту ЮАР

🇰🇿🇿🇦 Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Южно-Африканской Республики Сирила Рамафосу и его соотечественников с национальным праздником – Днем свободы.

Президент отметил, что сегодня ЮАР, добившаяся успехов в политическом и социально-экономическом развитии, является активным членом международного сообщества. Он выразил уверенность в дальнейшем укреплении двустороннего сотрудничества.

Глава государства пожелал Президенту Сирилу Рамафосе успехов в его ответственной государственной деятельности, а народу Южно-Африканской Республики – благополучия и процветания.

t.me/aqorda_resmi


✉️ Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇿🇦 Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады.
 
Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi


✉️ Глава государства направил телеграмму соболезнования Президенту Ирана

🇰🇿🇮🇷 Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования Президенту Ирана Масуду Пезешкиану и его соотечественникам в связи с гибелью людей и многочисленными пострадавшими в результате взрыва в морском порту «Шахид Раджаи» города Бендер-Аббас.

Президент Казахстана пожелал скорейшего выздоровления пострадавшим и преодоления последствий данной трагедии.

t.me/aqorda_resmi


✉️ Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇮🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.

Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения, игорного бизнеса и исключения излишней законодательной регламентации»

Законом внесены поправки в Кодекс «О здоровье народа и системе здравоохранения», законы «О рекламе», «Об игорном бизнесе», «Об обязательном социальном медицинском страховании».

Первый блок поправок направлен на решение отдельных вопросов в сфере здравоохранения. Специализированная медпомощь в амбулаторных условиях при скрининговых исследованиях на раннее выявление онкологических заболеваний включена в гарантированный государством бесплатный объем медицинской помощи с исключением таких исследований из системы обязательного социального медицинского страхования.

Ряд поправок решает вопросы обеспечения слуховыми аппаратами пациентов, не имеющих инвалидность.

Вторым блоком поправок установлен запрет рекламы букмекерских контор и тотализаторов путем ее передачи на абонентские устройства сотовой связи, а также на онлайн-платформах. Сужен круг средств массовой информации, которым разрешается реклама букмекерских контор и тотализаторов, которые теперь должны иметь исключительно спортивную направленность. Установлен запрет на участие в азартных играх и (или) пари лиц, осужденных к наказанию в виде ограничения свободы или осужденных условно.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңмен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген.

Бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған.
Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.
«Ойын бизнесі туралы» Заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎦 t.me/aqorda_resmi


🎖Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

🎖Касым-Жомарт Токаев вручил Александеру Чеферину орден «Достык» II степени за его вклад в развитие спорта в Казахстане


t.me/aqorda_resmi


Касым-Жомарт Токаев принял президента УЕФА Александера Чеферина

Глава государства высоко оценил поддержку и внимание, оказываемые УЕФА нашей стране.

В Казахстане:

🔵Футболом занимаются свыше 1 миллиона казахстанцев, или 13% всех занимающихся спортом.
🔵Это наглядно отражает высокую популярность данного вида спорта в стране.

Развитие футбольной экосистемы

Глава государства:

✔️подчеркнул важность формирования устойчивой рыночной бизнес-модели в отечественном футболе и развития клубного менеджмента;
✔️поддержал УЕФА в реализации образовательных и обменных программ, направленных на повышение профессионального уровня специалистов и молодых игроков.

Поддержка со стороны УЕФА

🔵Александер Чеферин выразил готовность к расширению партнерства с Казахстаном.
🔵Он отметил, что между УЕФА и Казахстанской федерацией футбола уже установлено тесное взаимодействие.

t.me/aqorda_resmi

Показано 20 последних публикаций.