Tolib's Notes


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое


Өзіңе пайдалы болған нәрсеге ұмтыл!
Анонимді (жасырын) сұрақ қою:
t.me/anonaskbot?start=notesoftolib
Араб тілінде осында жазамын: https://t.me/raudattullab

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций


Телеграмда мудәллистер қаптап кеткен. Әсіресе діни контент салатындардың ішінде. Бір-бірінікін алғанды айтпай-ақ қояйын, бірақ шейхтардың, үлкен ұстаздардың жазбаларын еш дереккөзсіз өз арнасына салып қойған кезінде "эххх" деп қаласың. Олай өтірік ақылды боп көрінудің не керегі бар.


Репост из: Хадис ізденуші
Тәдлистің тағы бір түсініктемесі – екі нәрсенің ортасындағы көмекші құралды жасыру.

Мысалға Зәйд Фәридтен бір сөз естіді. Ал Фәрид оны ұстазы Бәкрден естіген еді.

Зәйд сол бір сөзді: “Бәкр ұстазым маған былай деді”,- деп, ортадағы Фәридті жасырып, өз құлағымен естігендей айтты.

Бұл әңгімені қозғаған себебім, қазір телеграм арналарда болсын, жалпы әлеуметтік желілерде “кітаби тәдлис” қылушылар бар.

Мысалға, бір ғалымның керемет сөзін жазып, дереккөзге “Сияр әғләм ән-нубәлә 8-том 357-бет”-деп жазып қояды.

Ол пәленшеден: “Сиярдың қай баспасынан оқыған едің, таппай жатырмын, айтып жібересің бе?-деп сұрасаң:

“Мен сиярдан емес, пәленше деген ұстаздың кітабынан оқыдым. Ол жерде “Сияр әғләм ән-Нубәлә 8-том..” деп дереккөзді келтірген”,-деп, қымсынып жауап береді.

Құрметті бауырым, жақсы бір пайдалы сөзді дереккөзге сай келтірер болсаң, ең алдымен дәл қазір қай кітаптан оқыдың, соны жазып, одан соң үтір қойып, ал бұл сөз сияр кітабынан алынған деп қосымша жазып қой. Онда тұрған ұялатын ештеңе де жоқ.

Өзімізде жоқ нәрсені бар қылып көрсетуден, яки өзіміз оқымаған кітапты, оқыдым деп көрсетуден сақтанғанымыз жөн.

Алла бізді бұл шарапатты ілім берекетінен мақрұм етпесін.


Таратып, ілім жолындағы бауырымызға жәрдемдесіп жіберейікші🫂🤍


"Ілім - нәпіл намаздан абзал" деп бес уақыт намаздың сүннеттерін оқымай қоятындар бар. Шындығына келгенде олар нағыз ілім ізденушілер емес. Олар жоғарыдағы сөзді желеу етіп, 5 минуттық бекітілген сүннет намаздарды оқуға ерінеді, алайда күніге 4-5 сағат телефон қарауға уақыт табады.

Шариғатта келген кей жеңілдіктерді өзіміздің жалқаулығымызды, еріншектігімізді ақтап алуға пайдалануды доғармасақ, ешқашан шынайы "ілім ізденуші" деген атқа лайық болмаймыз.


Кейде "ілім - нәпіл намаздан абзал" дегенді оқып жатамыз ғой. Бірақ оның сипатын көбіміз біле бермейміз. Ол жайында мынадай бір хабар бар:

Имам Ахмад ибн Ханбалдың баласы Абдулла айтып жатыр:

«Бірде Әбу Зарға менің әкеме келді. Ол өте көп оқитын кісі еді. Бір күні әкемнің (яғни Имам Ахмадтың) былай деп айтып отқанын естідім: "Парыз намаздан басқа еш нәрсе оқымадым. Әбу Зарғамен ілім қайталауды нәпіл намаздарымнан артық қойдым". Ол кісінің (яғни, Имам Ахмадтың) денсаулығы бар кезде оқитын нәпіл намаздары 300 ракағат еді. Кейін бойынан әлі кете бастағанда 150 ракағатқа қысқарды».

Алла ол кісілерге разы болсын!

[📚Мағалим иршадия]


Ибн Әби Шәйба Умму Сәләма анамыздан [رضي الله عنها] риуаят еткен хадисте былай дейді:

Алла елшісі ﷺ таң намазын оқып болып, сәлем бергеннен кейін былай деп дұға ететін:

اللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا وَرِزْقًا طَيِّبًا وَعَمَلًا مُتَقَبَّلًا

“Аллаһым, сенен пайдалы ілім, адал ризық, қабыл болатын амал сұраймын!”


Бір кісі Сократтан:
- Осыншама көп білімді қалай жаттап алдыңыз? - деп сұраған екен. Сократ:
- Майшамға жаққан майым ішкен суымнан көп болды, - деп жауап беріпті.

📚"Мағалим иршадия"


Мынадай бір керемет сөз оқыдым:

«Адамдар бір-біріне мейірімді болған сайын, оларға Алланың мейірімі де жауа береді. Ал егер бір-біріне қатігездік, қайырымсыздық қылған сайын, Оның мейірімі де түсуін тоқтатады».

Бізге жетіспей жатқан нәрсе, осы мейірім.


Жыл басында қыс ортасынан ауған кезде жарық көрген кітапты жаңа қыс басталмастан алдын оқып, бұл мезгілге дайындықты қазірден бастай беріңіздер. Бұл кітапта өте құнды, пайдалы мәліметтер жинақталған.


Репост из: Оқымысты
Musulmannyn koktemi x Oqymysty.pdf
611.1Кб
Ассаляму ьалейкум, құрметті оқырмандар! Көзді ашып-жұмғанша қыс мезгілінің ортасына да келіппіз. Енді оның қалған бөлігін өнімді өткізуіңізге себеп болар деген ниетпен шағын еңбек жазып шыққан едік. Оқып бағасын берерсіздер, пайдалы болады деген үміттеміз! 🙂

#бөлісугеболады


Мынадай бір сөз естіп едім (қайдан естігенімді ұмытып қалдым):

“Біз ақидадан не үшін баяғыда болып, қазіргі күнімізде атынан басқа дымы қалмаған ағымдар жайлы оқи береміз? Харижиттер, мұғтазилиттер, муржиялар, т.б., олардың ешқайсысы жоқ қой қазір. Бізге олар жайлы оқи беріп, оларға қарсы жауап қайтара беріп не керегі бар? Бұның жауабы - қазіргі кезде шығып жатқан түрлі ағымдар, сол кездегі ағымдардың сарқыншақтары. Мән беріп қарасаң заманымыздағы түрлі топтар, сол баяғы мұғтазилиттердің, харижиттердің, муржиялардың айтып кеткен әңгімесін айтып жүр. Ол топтар жойылып кеткен жоқ, жәй ғана әр ғасырда жаңа атпен танылып жүр”.




Бұл арнада көбіне шәкірттерге пайдалы болатын ақпаратпен бөлісуді жөн көремін.
Ал өзімнің ойларым, қазақша кітаптардан үзінділер, т.б. басқа арнаға саламын. Тіркелемін дейтіндер болса мархабат: «Mufakkir» emes🎓


http://t.me/anonaskbot?start=notesoftolib

Бұндай зат бар екенін ұмытып кетіппіз ғой) Сұрақтар, ұсыныстар болса жаза беріңіздер✍🏼




Бұл жазбаны шығарудағы мақсатым - ілім талап етушілер кітап алған кезде қателеспей, бірден жақсы баспадағы, жақсы тахқиқпен шыққан кітапты алуға көмек болсын деген нәрсе болды. Себебі өз басымда кей кітаптарды сатып алып, кейін ол кітаптың іші қатеге толы болып, басқа баспасын сатып алуға тура келетін жағдайлар болған. Осы олқылықтың орнын жабуға сәл де болсын жәрдеміміз тисін дегенді ниет еткенбіз.


Арабша кітаптардан өзіңізге ұнаған баспаның суретін не атын жіберіп қойыңыз, басқаларға да пайдалы болсын📚✅

Маған "мароқил-фалах" пен "әт-тухфату әс-сәния" кітаптарының осы баспалары қаттырақ ұнады. Бұдан да басқа баспалары болған, алайда оларды кейіннен сатып жібердім.


Егер балаларыңды тәрбиелеуге уақыт таппай жүрген болсаң, оларға жамандық үйрету үшін бос отырған адамдар бар.

©Шейх Мұхаммад Уәил әл-Ханбали (хафизаһуллаһ)


Репост из: أخبار الكازاخي
Оқушылардың арасында кең тараған проблемалардың бірі - араб тілін дұрыс жолмен үйренбеулері.

Кейбір оқушылар ұстаздардың аудармаларын тыңдап қана кітаптар бітіруі мүмкін. Ұстаздың аудармасын “запиське” жазып алып, қайталау мақсатында қайта тыңдап шығатын да шығар. Алайда, бұл істің пайдасы өте аз. Өйткені, бұндай оқу жолымен оқушыда араб тілін түсіну қабілеті пайда болмайды. Білімінің шегі сол оқып жатқан кітап қана. Оның өзінде, ол білім ұзаққа созылмайды.

Оқушы шамасы келсе ұстаздың алдында өзі оқып беріп, аударғаны дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмайтын болса, онда ұстаздан негізгі кітаптан бөлек сол деңгейдегі қосымша кітаптар сұрап, соны оқыса нұр үстіне нұр. Түсінбеген жерлерін ұстаздан келіп сұраса, сол кезде кітап тілін түсінуде қабілет пайда болады.

Оған байланысты тағы әңгіме көп. Алайда, ұзақ жазбаларды көп адам оқымайтыны анық қой. Сол үшін, ара-арада осылай бөліп шығарған дұрыс шығар. Әйтсе де, мынаның өзі де ұзарып кетті.


Репост из: Хадис ізденуші
Діни салаға оқуға түскен бауырым, дәл қазір сен отырған орынға сенен де ықыласы мықты, сенен де ұлы мақсаттары бар шәкірттер таласты.

Бірақ олар оқуға түсе алмай қалып, олардың орнында мына сен отырсың.

Бәлкім Алла олардың бойында жоқ бір жақсы қасиетті сенен байқап қалды. Енді сол орынға лайықты бола біл.

©️Шейх Али әл-Умари (хафизаһулла)

Показано 20 последних публикаций.